Олимпиадаға орай «Хабардың» арнайы сайты ашылды

ЛОНДОН 2012 /
Ассалаумағалейкум Айтаберлік ағайын!

Бүгін Лондонда жазғы олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтеді. Осы олимпиадаға орай «Хабардың» арнайы сайты ашылды. www.kaz.olympickhabar.kz/ ғаламтор желісі күндіз-түні тек көрермендер үшін қызмет етеді. Төрткүл дүние асыға күткен Лондон додасының барлық мәліметтері осында жарияланып отырмақ. Әрбір нәтиже біздің арнайы мамандарымыздың, эстрада, кино, спорт және саясат қайраткерлерінің пікірімен беріледі.

Олимпиада ойындарының қарсаңында Қазақстан құрамасының жанкүйерлері мен барша спорт сүйер қауым үшін «Хабар» Агенттігі арнайы сайт ашты.
www.kaz.olympickhabar.kz/ ғаламтор желісі күндіз-түні тек көрермендер үшін қызмет етеді. Төрткүл дүние асыға күткен Лондон додасының барлық мәліметтері осында жарияланып отырмақ. Әрбір нәтиже біздің арнайы мамандарымыздың, эстрада, кино, спорт және саясат қайраткерлерінің пікірімен беріледі. Спорт сүйер қауымға ыңғайлы болу үшін «Хабар» агенттігінің барлық олимпиадалық контенті осы жерде топтасады. Демек, «Хабар» мен «Ел арна» телеарналарынан өткен экслюзивті бейнематериалдарың көбін біздің сайттан көре аласыздыр. Телекөрермен алдағы екі аптада кемінде 250 сағат спорт жарыстарын тамашалайды. Көрсетілімдердің тізбегін осы сайтта «Ақпараттық жолдама» бағдарынан біле аласыз. Сонымен бірге, сайтта өз пікірлеріңізбен бөлісіп, түсініктемелер қалдыруға болады!

Ал бүгін Астана уақытымен түнгі сағат 02:00-де дүбірлі доданың салтанатты ашылу рәсімі мен делегациялардың шеруін, сондай-ақ, арнайы әзірленген концерттік шоу бағдарламаны «Хабар» және«Ел арна» телеарналарынан тікелей эфирде тамашай аласыздар! Ел спортшыларына қолдау көрсетіп, Тұманды Альбиондағы жеңістерді бірге көрейік!


Дерекнама

5 пікір

pari
Ал Атырау уақытымен түңгі сағат 01:00 де тамашалай аламыз!
User
оны бәрі біледі ибанкрат
qyrmyzy
User
неге адамдар дим да
qyrmyzy
Шығар, шығар. Сол, мен де дим
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.