Лондон 2012. 1 күн. Алдын ала шолу.

ЛОНДОН 2012 /

Құрметті спорт сүйер қауым! Кеше ғана Лондонда жазғы олимпиада ойындары старт алды. Оған Қазақстанның 115 спортшысы жолдама алған және бірінші күнінен бастап бәсекеге кіріседі. Сіздерді қолдан келгенше жерлестеріміз қатысатын сайыстармен хабардар етіп отырамыз.
Бүгінгі күн тәртібінде:
Бокс. Ерлер. 56кг. 1/16 раунд. Қанат Әбуталипов (Қазақстан) — Сламана Вессам (Сирия). 19:30 (Астана уақыты)
75кг. 22:30. Вижендер (Индия) — Данабек Сужанов (Қазақстан).

Велоспорт. Жол. Финал. Қатысушылар саны 144. Қазақстан елінен — Асан Базаев, Александр Винокуров. 15:00

Көркем гимнастика. Квалифкация. 3 топ. Горбачев Степан (Қазақстан). 00:00.

Дзюдо. Ерлер. -60кг. 1/16 раунд. Пессоа Серхио (Канада) — Қосаев Еркебұлан (Қазақстан) 15:47.
Әйелдер. -48кг. 1/8 раунд. Мунхват Урантсетсег (Монғолия) — Александро Подрядова (Қазақстан). 16:15.

Ескек есу. Ерлер. Бірадамдық ескек есу. 5 топ. Яковлев В (Қазақстан). Әр топта 5 сайыскерден. 17:30.
Әйелдер. Бірадамдық ескек есу. 3 топ. Германович С (Қазақстан). Әр топта 5 сайыскерден. 18:30.

Көздей ату. Әйелдер. 10 м. Квалификация. Ольга Довгун (Қазақстан) 13:15. Финал 16:00.
Ерлер. 10м пневматикалық пистолет. Квалификация. Вячеслав Подлесный (Қазақстан) 17:00. Финал 20:30.

Жүзу. Ерлер. 100м брасс. 2 топ. Вячеслав Поляков (Қазақстан) 16:53. Жартылай финал 01:30.

Теннис. Ерлер. 1 раунд. Симон Джилес (Франция) — Михаил Кукушкин (Қазақстан) 22:30.
Әйелдер. Жүптасу. 1 раунд. Я.Шведова/Г.Воскобоева (Қазақстан) — С.Дубоис/Возняк.А (Канада) 16:30.

Хабар және Ел-арна телеарналарының тв-трансляциялар кестесін megapolis.kz/art/Grafik_TVtranslyatsiy_s_Olimpiadi2012_na_kanalah_Habar_El_arna сілтемесінен көре аласыз!!!

8 пікір

Argyn
Қазақстанның 115 спортшысы жолдама алған

116 спортшы қазір…
Ademi
Нүктеңіз шашылып жатса да, орнымен пайдаланыңыз! Тақырыптан соң нүкте болмайды! Сауатсыз!
Argyn
Нүктеңіз шашылып жатса да, орнымен пайдаланыңыз!

tolebi
Данабектің кездесуін түнгі 3,30-ға дейін күткем. Оданда ұйықтағаным дұрыс екен.
qyrmyzy
Қарамағаным дұрыс еді дейін десем, нокаут алмады әйтеуір!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.