Лондон 2012. 2 күн. Алдын ала шолу.

ЛОНДОН 2012 /

Олимпиаданың бірінші күні қазақ елі үшін сәтті өтті, яғни А.Винокуров алғашқы алтын медаль иегеріне айналды.
1 күні бокста Қанат Әбуталипов келесі раундқа жол алды, ал Данабек Сужанов үнді баласынан опық жеп қалды. Көркем гимнастикада Горбачев Степан квалификация кезеңінен өте алмады. Дзюдода Еркебұлан Қосаев алғашқы канадалық қарсыласынан басым түсті, бірақ келесі армян қарсыласынан жеңілді. Ал, Подрядова алғашқы кездесуінде ақ монғолдық қарсыласына есе жіберді. Ескек есуде Яковлев іріктеудегі өзінің тобынан суырылып шықты, өз кезегінде Германовичте іріктеу кезеңінен өте алды. Көздей атудағы Ольга Довгун 22 орыннан, ал Подлесный 40 орыннан көрінді. Жүзуден Поляков жартылай финалға өте алмады. Теннисте Кукушкин алғашқы ойында ақ французға жол берді. Ал, Шведова мен Воскобоева жұбы кейінгі айналымға жол алды.
Ал, енді велоспорт. Мұнда ұзақ шақырымға жарыс барысында шаршаңқы кейіп танытқан Винокуров жарыс соңына таяу ерлік танытып, қарсыласын милисекунд озып, алтын медаль иегеріне айналды:



Ал, жалпы медальдар есебі мынадай:
Және өзбек ағайындарда 1 қола бар.

Енді 2 күнге шолып өтсек:
Бокс. Ерлер. 60кг. 1/16 раунд. Ғани Жайлауов (Қазақстан) — Арди Сайлом (Таиланд). 19:15 (Астана уақыты)

Көркем гимнастика. Әйелдер. Квалифкация. 1 топ. Әзімбай Мөлдір (Қазақстан). 14:30.

Дзюдо. Ерлер. -66кг. 1/16 раунд. Лим Сергей (Қазақстан) — Иванов Мартин (Болгария) 15:40.

Каное. Слалом. Іріктеу. Ерлер. Бір адамдық. Вергоязов Рафаил (Қазақстан). 18:30.

Ескек есу. Ерлер. Бірадамдық ескек есу. 3 топ. Яковлев В (Қазақстан). 14:50.
Әйелдер. Бірадамдық ескек есу. 2 топ. Германович С (Қазақстан). 15:20.

Көздей ату. Әйелдер. Квалификация. 1 топ. Мишчук Анжелина (Қазақстан) 14:00.

Жүзу. Әйелдер. 100м арқамен жүзу. 2 топ. Руденко Екатерина (Қазақстан) 15:00.
Ерлер. 100м арқамен жүзу. 2 топ. Тарабин Александр (Қазақстан) 14:03.

Теннис. Әйелдер. Бірінші раундн. Халеп Симона (Румыния) — Ярослова Шведова (Қазақстан) 16:30
Галино Воскобоева (Қазақстан) — Бабос Тимеа (Венгрия) 16:30

Су добы. Ерлер. Топтық кезең. Қазақстан — Испания 16:20

Ауыр атлетика. Әйелдер. 53кг. А тобы. Зульфия Чиншанло (Қазақстан) 20:30

Жеңіс тұғырынан көріне берсін еліміз сайыскерлері!!!

4 пікір

SteVen_S_Sanzhar
Ауыр атлетика. Әйелдер. 53кг. А тобы. Зульфия Чиншанло (Қазақстан) 20:30

Алтын алуға мүмкіндік бар Ауыр атлетикадан
torpedaip
Құдай қаласа!
torpedaip
Колумбиялық досымызға айтарымыз: "Әлі ақ сенде алтынды осылай тістеп тұрарсың, егер шайтан арбаңды өте жылдам айдасаң"
dimash
… жол берді,
...өте алмады дегендер келесі күнделікте жазылмауына тілектеспін!
Жеңісті күндерде жолыққанша! (сы)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.