Қазақстан үшін ақ түйенің қарны жарылған күн. Зүлфия екінші алтынды қоржынымызға салды.

ЛОНДОН 2012 /

Құттықтаймын Қазақстандық жанкүйерлер. Бүгін ауыр аллетикадан еліміздің спортшысы екі әлем рекордын жаңартып Алтыннан алқа тақты. Екі жұлқа көтеруде 226 кг көтеріп Тайпейлік спортшының алдын баурап кетті. Қазақстаннның әнұраны асқақтай берсін.
131 кг салмақты бағындырып әлем рекордын жаңартты. Тағы да құттықтаймыз. Естеріңізге сала кетейін Қазақстан 2 алтынмен Италиядан кейін 4-ші орында тұрақтады .

67 пікір

rauan
УРАААА, алтынымыз жалғаса берсін ағайын ))) 19 жасар болып осындай дәрежелерге жетті.КЕРЕМЕТ сөзбен жеткізуге болмайды мына эмоцияны
zhurttyn_balasy
Урәәәәә!!! Урәәәәәәәәәәәәәәә!
Тақырыпта үш қате бар ВТФ?
qyrmyzy
Құтты болсын! ГАМБЕЙ!
tolebi
Айналайын Ербол қазақ тілін бір қайталап шығасың-ау осы. АЛЫН емес АЛТЫН. Кеше де Винокуровты Винакуров қылып жіберіп едің. Бүгін де сондай қате. Түсінікті де шығар. Қуанғаныңнан асығып жазған боларың.
zhurttyn_balasy
Жазғаныңызды тағы бір мәрте өңдеп жіберіңіз
yerbol89
Эххх бір Диктант жазып отқандай болдым ғой. Шеттеріңнен бір қате іздегішсіңдер. Басқа көздеріне не көрінеді өзі… мхммм
qyrmyzy
Әмрика ғалымдарының бір теориясы бар ғой алғашқы және соңғы әріптер орнында болса, адам автоматты түрде сол сөзді дұрыс оқып кете береді деген…
tolebi
Сын түзелмей, мін түзелмейді!
torpedaip
Енді Ерекең қуанышты хабарды жеткізуге асыққан ғой
yerbol89
Жаңылмайтын жақ, шалынбайтын тұяқ жоқ. Бәрін қойайықы. Одан да құттықтаймын. 2 күнде екі алтын. Ұзағынан сүйіндірсін… )))
tolebi
Сені де құттықтаймын!
rauan
Алын деген қатеге жатпайды егер құттықтаймыз дегенді куттықтаймыз десе мейлі.Алын дегенде т ны қалдырып кетсе қазақ тілін білмейді деген бе сонда.
tolebi
Ой ақылды бала табылып қалды. Кеше ғана құйрығына қонған көбелекті қуып жүрген бала едің.
rauan
Егер соншама қате іздеп, қазақ тіліне жаның ашыса жауап берші. Неге именно Ерболдың ғана постынан қате іздейсің ?
MSHERIMBEK
Туысқан, сенің әңгімелеріңнен соңғы кезде банның иісі шығып жүр да ше… Қателікті қарап, дүмше діндарлар сияқты біртүрлі қылық көрсетіп отырсың, жұртпен бірге қуанып үйренсейші.
tolebi
Ой мынау не дейді. Кеше Винакуров деген қатесіне айтқан адамға ештеме демей, енді көзің мені көріп қалды ма? Бан етсең бан ет. Сенің сайтыңа жабысып қалғаным жоқ Алыным менің)))
tolebi
егер ер болсаң мені де кешегі винокуровшыны да бан ет. Жарайма. Енді сенің сайтыңды көрмегенім болсын. Пока
Korkem
Сөзден қателессе ешнәрсе емес, өмірден қателеспесін. Ондай, ондай жұрттың баласында да бар.
Сеніңде түбіңе түсіп, қате іздеп көрелікші: үтірді қай жерге қойып оқиық?
Айналайын Ербол қазақ тілін бір қайталап шығасың-ау осы.
tolebi
Мен пікір жазып отырмын. Мақала емес. Егер менің қатемді таппақ болсаң онды былай жазылу керек: «Айналайын Ербол! Қазақ тілін бір қайталап шығасың-ау осы.» Әңгімең барма?)) Ерболға сен тиіп алсаң болады осы.
Korkem
Әңгімем бар! Біле білсең мен Ерболды қатесіне қарамай-ақ сүйіп тұрып оқимын! Пост болсын, пікір болсын қате түзегіштер қатесіз жазу керек! Қазақ тілі деп жүдә емешегің езіліп барады ғой! Елге әуелі үлгі болсайшы, «міне, мынадай, мен секілді жазыңдар!» дейтін түгің де жоқ, тесіе бола тұра, көр кеудеңнін несін тоқпақтап соға бересің, жазған-ау?

Сен жалғызсың, Ербол көп!
zhurttyn_balasy
Жұрттық баласының құлағына өөөмірі тыным жоқ, шыңылдап, ыңылдап, кейде дыңылдап та кетеді.
Korkem
ол менің сені шақырған намегім ғой ық-ық. Әйтпесе, байдың баласы дей салмайм ба?! )))
zhurttyn_balasy
Өйстіп тарқылдап күліп тұрған жеріңде шөп етіп сүйіп алайыншы =*
Manas
Әй мәләдәс)))
tolebi
Барлығың үшін Ербол кіршіксіз, тап таза. Ерболдың жыртығын жамай-жамай, өздеріңнің жыртықтарыңды ұмытпасаңдар болғаны. Мен хан болса да шындықты айтушылардан болуларыңа кеңес беремін. Алындарым.
Korkem
Ербол үшін ЖАН ПИДА!
rauan
Мұның Ерболдан ала алмай жүрген өші бар екені көрініп тұр ғой… Айтаберде қаншамаааа постта қате болса да оларда үндемей Ерболдың посттарында қате іздейсің )) Тіпті алғаш тіркелгеніңде 5 минут болмай Ербол мырзаның посттарының 2-3еуінен қатесін іздеп келіпсің ))
tolebi
Ербол қазнеттегі блоггерлердің алды. Оның мақаласын қаншама адам оқитынына таластарың барма? Енді Ербол қате жазса, жұрт қате оқиды. Ол Ерболдың қателігі болмаса да ұшқалақтығының белгісі.
MSHERIMBEK
Бырат, бұтақ жемещ серьезно! Мынауың енді жігіттік емес, барып тұрған қатынның әңгімесі. Ауылда бір бірінің көтіп шұқылап қалған қатындар болады ғой, дәл сол сияқты. Тіпті жиіркенішті. Әйтеуір, рулас қой, өзіміздің жігіт, бағытын білмей жүрген шығар деп жақын тарттым, өткендегі ағаттықтарыңы көз жұма қарадым. Енді бұл сайтқа кірмей ақ қойсаң да болады.
zhurttyn_balasy
эпитеттер ағып жатыр
yerbol89
Шындам келсек менің барлық мақаламды оқып шықсаң болады. Онда қате толып жатыр. Алдын да қоладнушылар айтын еді. Бірақ мен біреуін де өңдеген емеспін. Мен адаммын, компьютер емеспін. Қателессем ол менің пенде екендігімді білдіреді. Шалынбайтын тұяқ, жаңылмайтын жақ жоқ. Сондықтан қате іздеу де шамалы. Мен ең басты қуанышты хабарды осы сайтқа келіп ақпарат оқитын қолданушылармен бөліскім келді. Басты мақсатым сол еді. Басқасында жұмысым жоқ. Егер Төлеби маған жаның қатты ашыса онда жеке хат арқылы өңдеп қоюымды сұрап ескертетін едің. Ал мынау басқалармен ұрысып, жаға жыртысып менен кінәрат табуың ақылға қонымсыз. Сенімен ұрысып отыру да ойымда жоқ. Жақсы жігітсің, білімді. Сайттағы көп қолданушыларға берер, айтар ойың көп. Тек осы қаруыңды дұрыс қолдана білсең, сенен асқан жақсы жігіт жоқ. Ең сауапты іс, басқаларға білетініңді үйрету, қол ұшын созу. Ендеше сондай іспен айналысқаның дұрыс. Ашу дұшпан, ақыл дос. Ақылыңа ақыл қос. Байқаймын болмашы нәрсеге ашуланып ұрысып кетесің. Сен ер жігітсің ғой. Сәл сабырлы болсаң етті. Тек алға Төлеби. Болмашы нәрсеге ашулана берудің қажеті жоқ. ;)
tolebi
Сені жақсы түсінем. Бірақ осы пікірде де қате жазыпсың. )))) Шындам келсек. Әзіл ғой досым. бірақ қатесіз жаз. Ол маңызды.
AKA
Ай, красавчик, рахмет саған!!! Қалғанына мән берме :)))
MSHERIMBEK
Сенің түсінігіңе тиіп кетсе де айтайын, Ербол әулие! Адамилық тұрғысынан одан асқан жігітті өте сирек кездестірдім. Басқа нәрсені білмеймін
mairosh
ЯЯЯ Шынымен мақтанатынымыздай бар екен ау. ҚҰдайға шүкір. ҚАЗАҚСТАН ТЕК ҚАНА АЛҒА!
Karakulov
А, я, ойбай, алтын туралы айтып жатыр екенбіз ғой!)) Құтты болсын-құтты болсын!
AKA
Жарайсеееееееееееееееең Зуляяяя, алтын қызсың сен!!!
tolebi
Жалпы сендерді тек мақтау керек. Сонда құлақ та тыныш, бас та ауырмайды. Қарасақал, туысқаным болса аккаунтымшы өшіріп тасташы. Өтініш сенен. Ербол маған ренжімессің.
Karakulov
Сені аккаунтың өшірілгенімен өзің өзгеріп кетпейсің ғой, брозэ ) Одан да осы аккаунтпен қала бер, осы сайтты да тастап жатудың қажеті жоқ. Қателесу ақымақтық емес, қатемен жұмыс жасамай кету ақымақтық! Басқалардың теріс пікірлерін естіп тізерлеп қалғаның не? Жігітсің ғой, эмоциямен емес ақылмен шешсейші, қолыңнан келетін шығар. Тек қан алға, Алла жазса, әлі-ақ бақытты болып кетесің! / қалжыңға қарсы емес шығарсың, үміт артамын дегенім ғой/
ҚТҚ/МТҚ: мәәә, не деп кеттім, барып бетімді жуып қайтайыншы.
Jako
Зульфия қыз өте тамаша өнер көрсетті,қуанатындай жөніміз бар. Дәл қазір менің жерлесім Ғани Жайлауов бокстан өнер көрсетіп жатыр.
rauan
Ғани Жайлауов өтті келесі турға ))
Jako
Тақымымды қысып отырдым ғой…
beko
ӘП, бәрекеееелдііі, бәрекелді, бәрекелді.
followme_alik
Ғаниымыз да жеңді. Мақтаныш! {{{{:
Nursultan2002
Ғаниымыз да жеңді

Сеніп қаппын!
User
Қазақстан АЛҒАААААААААААААААА)
pari
Қазақстан 2 алтынмен Италиядан кейін 4-ші орында тұрақтады .
орындар тағы да ауысып,Қазақстан 5-ке түсіп қалыпты.
ZevsKO
Зульфия алтын алғанда папам орнынан атып тұрып жылаған! Винокуров ұтқанда әнұран айтып кетіпті :)
Azamat
Зүлфия сені мақтан тұтамын! Керемет!!! Құтты болсын ал достар!!! Алға Қазақстан!!!
qyrmyzy
Жуудың, қуанудың орнына бет жыртысыпсыңдар н**!
ma-di-na
Жарайсың Зулфия)))))))))))))
Chimaq
Qutty bolsyn...! Jaraisyng Zhao Chang Ning .....!!!
m170785
Қытайдан алып келген дүнген қызы
Zhanat
Зулфияның жолын бүгін Маяға берсін
Zhassiko
Жарайсээээн, Зульфия, осы бетіңнен таңба!!!
Құттықтаймын, бәріңді..))
Kan
Ереке қатеңе бола уайыдама ең бастысы біздің спортшыларымыз қателеспесін. бізді қуанышпен сүйіншілеп отыр біз сенің хабарыңды асыға, алаңдай күтіп отырамыз. Алла қолдап он алтын алған спортшыларымызды хабарласан нұр үстіне нұр болар еді.
Chimaq
Bul Zhau Chang Ling (Zulfia) Qytaigha qaityp ketip qalypty,budan bylai jarysqa Qyati ushin tusetin bolypty dep jarysa qabarlap jatyr…
sports.qq.com/a/20121023/000153.htm?pgv_ref=aio2012&ptlang=2052
konvict
Оқып жатырмыз. Алайда өзінің сұхбатын неге видеоға түсірмеген?
qyrmyzy
не деген? Айта отыр!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.