4 тамыз. Сайысқа түсер спортшылар

ЛОНДОН 2012 /

Олимпиаданың кезекті жарыс күні додаға түсетін споршылар тізімі.

Жеңіл атлетика

Жетісайысшы Ирина Карпова 15:05-те ұзындыққа секіруден сайысқа түседі. 

Ерлер арасында 400 метрге жүгіруден өтетін жарысқа біздің Сергей Зайков қатысады. Өтетін уақыты 15:30.

16:40-та Ирина Карпова найза лақтырудан бағын сынап көрмек. 

Лондон уақыты бойынша кешкі бесте Григорий Шейко 20 шақырымға жаяу жүрістен додаға қатысады.

Жартылай финалға өткен Ольга Блудова Астана уақыты бойынша түнгі 12:35-те жарыс жолына шығады.

Жеңіл атлеттер жарысын Ирина Карпова аяқтайды. Ол түнгі 01:35-те 800 метрге жүгіру жарысына қатыспақ. 

Бокс

Былғары қолғап шеберлері арасында шаршы алаңға алғаш болып 49 келі салмақтағы Біржан Жақыпов көтеріледі. Оның қарсыласы Марк Барыга. Кездесу Астана уақыты бойынша сағат 18:45-те басталады. Біржан келесі айналымға өтер болса оның қарсыласы қытай Шиминг Зоу мен кубалық Йосбани Вейтиа жұбының жеңімпазы болмақ.

Кешкі 20:00-де Данияр Елеусінов Ираннан келген Мехди Толоутибандпимен қолғап түйістірмек. Данияр жеңген жағдайда венгр Дьюла Кейт пен италян Винченцо Мангичапре жұбының жеңімпазымен кездеседі. 

Түнгі 03:30-да 81 келі салмақта өнер көрсететін Әділбек Ниязымбетов додаға түседі. Оның қарсыласы эквадорлық Карлос Гонгора. Әділбек жартылай финалға шығатын жағдайда ирандық Эхсан Роузбахани мен түрік Бахрам Музафферге жұбының жеңімпазына қарсылас атанады. 

Сағат 14:00-де Ольга Довгун мергендігін сынап көреді. Ол 50 метрден винтовкамен ату сайысына қатысады.

20:30-да су добы құрамамыз Италияға қарсы ойын өткізеді. 

Негізгі сенім ауыр атлеттерімізде. 94 келі салмақта сайысатын Илья Ильин мен Алмас Үтешов түнгі 24:00-де жарысқа шығады. 


Толығырақ мында: nurastana.kz/?p=9182

3 пікір

konvict
Жарыс күні туралы толық ақпарат алғыңыз келсе Нұр Астана сайтын қадағалап отырыңыз
qyrmyzy
Ілмектің соңын ұқпай кеттім ше:) Бүгін де алтынды жуамыз ау осы…
pari
Құдай қаласа бүгін 1 алтын, 1 күміс қоржынымызға түсер.Әрине ауыр атлетикадан
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.