Лондонда Қазақстан намысын қорғаған Қызылордалық боксшы қызымыз Марина Вольнова ширек финалға жолдама алды

ЛОНДОН 2012 /
Қуан қазақ!



Бокстан 75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Қазақстандық боксшы Марина Вольнова Олимпиада турнирінің ширек финалына шықты.

Лондондағы алғашқы сайыста қызылордалық қызымыз Марина Вольнова Кения спортшысы Элизабет Андиегодан басым түсті. Есеп: 20:11.

Енді 6 тамызда өтетін ширек финалда 2010 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Марина Вольнова британиялық Саванна Маршалмен кездеседі. Жекпе-жектің басталуы Астана уақыты бойынша 20.00-де. Атырау уақыты бойынша 19:00-де. Көріңіздер,қолдау көрсетейік!

1 пікір

pari
Қызылордалық спортшылар ерледі:)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.