Бокстан Қазақстан намысын қорғаған Марина Вольнова жартылай финалға жолдама алды

ЛОНДОН 2012 /
Қуан, Қазақ!



Марина Вольнованың ширек финалға жолдама алғанын мына жерде айтып кеткен болатынмын. Ширек финалда Марина қызымыз соңғы әлем чемпионы британиялық боксшы қыз Саванна Маршаллды 1/4 финалында 16:12 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Енді 8 тамыз күні өтетін жартылай финалда Марина 17 жасар американдық Кларисса Шилдспен кездеседі. Маринаға тек қана сәттілік тілейміз.Алға, Марина!

Қосымша мәлімет:

Қазалы қаласының тумасы (Қызылорда облысы) Марина Вольнова жеті жасынан бастап бокспен айналысуда, 2010 жылғы Азия чемпионы жәнеәлем біріншілігінің күміс жүлдегері.


9 пікір

yerbol89
Аруларымыздың да аяқ алысы жаман емес. Аруларымыздан да Алтын Адам секілді Алтыннан алқа тағып келгенін қалаймыз!
pari
Иншалла! Алтын қыздарымыз алтынна алқа тағады әлі!
AKA
Жәнеееем, жерлесім! Сенен үлкен жеңіс күтеді, елің инш!
AKA
Ну енді жақын тартыватқаным ғой, а так бәрімізге ортақ спортшы ғой.
Abylai
мен сүйтсем осы аямай жазалайтын едіңдер.
AKA
Құдой, құдой! :))
AKA
Марина қола алды, құтты болсееееееееееееееен!!! :)))))))))))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.