Гүзел Манюрова - Лондон олимпиадасының қола жүлдегері

ЛОНДОН 2012 /
14 фото
Қуан, ҚАЗАҚ ЕЛІ!



Сүйінші Айтаберліктер!
Қазақстан қоржыны үшінші қола медальмен толықты. Балуан қыздарымыз дәстүрден жаңылған жоқ. Осыдан 4 жыл бұрын Бейжің Олимпиадасында Елена Шалыгина Қазақстан қоржынына қола медаль салса, сол биіктен Лондонда Гүзел Манюрова көрінді. Балуан қызымыз Гүзел Манюрова әлемді 5 рет мойындатқан қытайлық Джиао Вангті жығып, олимпиада ойындарының "қола жүлдегері" атанды.

Гүзелдің де жеткен жетістіктері толағай. 2004 жылы Афины Олимпиадасында күміс медаль алған спортшы одан кейін Азия ойындарында және құрлық біріншіліктерінде топ жарған болатын.

Бұған дейін грек-рим күрес шебері Даниал Гаджиев үздік үштіктен көрінсе, артынша боксшы қыз Марина Вольнова қола медаль иеленген болатын. Барлығы 6 алтын, 3 қоласы бар қазақ елі әлі де "үздіктер" қатарында келеді. Енді жерлестеріміздің жеңісті жолын еркін күресі шеберлері мен боксшылар жалғастырады деген үміт басым.



Жарайсың,Гүзел!
Жаса, Қазақстан!


Суреттер bnews.kz сайтынан алынды

14 сурет

7 пікір

pari
Құтты болсеееееен, Айтаберліктер!!!
userr
Қола алғанда қыңқ еткен жоқпын.Керек емес қола.
pari
"қолаға да қанағат"
didi0393
-
Қола алғанда қыңқ еткен жоқпын.Керек емес қола.
ужыс калай айтып отсыз?(((((((
негізі 4жылда бір келетін, Олимпиада ойындарына жан жақтан жиналған мықты деген спортшылар сайысынан, бар күш қуатын, тер төккен еңбегін құр жібермей алға суырылап үздік үштіктен көрінудің өзі қандай!? Тұманды Албион жерінде Туымыз желбіреді!мыжғыланып пакет ішінде қалған жоқ айтеуір
didi0393
Намысына жол болсын! куанватрым!
Ais_97
Жарайсың Гүзел!
AKA
Барын салды, елімізге жеңіс сыйлады. Ұзағынан болғай! :)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.