Лондон олимпиадасы. 12 тамыздың анонсы.

ЛОНДОН 2012 /
Ассалаумағалейкум Айтаберліктер!

Тұманды Альбионда басталған олимпиада ойындары да аяқталуға жақын қалды. Қызығы мен шышығы мол бұл олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасы өте белсенді қатынасты.

Жалпы медальдар саны бойынша Қазақстан әзірге 6 алтын, 4 қоламен «13» орында тұрмыз.


Қандай спорт түрінен алдық? Төмендегі кестеге назар аударайық.



Біз негізі олимпиада ойындарына 1996 жылдан бері қатысып келеміз. 1996, 2000, 2004, 2008 жылдары өткен олимпиада ойындарында Қазақстан қоржыны қанша медальмен толықты екен? Оны білу үшін төмендегі кестеге зер салайық.



Бір қызығы Қазақстан құрамасы олимпиада ойындарында ең көп алған алтынның саны 3-еу екен. Ал биылғы олимпиадада әзірге 6 алтын. Статистикаға қараңыз. Қазақстан өзінің спорт жағынан дамып келе жатқанын айқындайды. ИНШАЛЛА әлі 2 алтын алармыз. Өйткені бокстан Серік пен Әділбек бүгін шаршы алаңаға шығып алтын үшін таласады.


Ал енді 12 тамыздың анонсы. Қазақстандықтардан кім және қашан өнер көрсетеді? Төменге назар аударайық.

Еркін күрес

13.30 Квалификация. 96 кг. Таймураз Тигиев (Қазақстан) – Абдусалам Гадисов (Россия)

14.00 1/8 финалы. 66 кг. Ақжүрек Таңатаров (Қазақстан) – Андрей Квятковский (Украина)


Еркін күрестің тікелей трансляциясын «Хабар» арнасынан сағат 17.45 ден 20.15 дейін көріңіз.

Бокс

Финалдар

19.15 69 кг. Серік Сәпиев (Қазақстан) – Фредди Эванс (Великобритания)

19.45 81 кг. Әділбек Ниязымбетов (Қазақстан) – Егор Мехонцев (Россия)


Бокстан тікелей трансляцияны «Хабар» арнасынан сағат 18.30 дан 20.30 дейін көріңіз.

02.00 Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты.

Жабылу салтанатын «Хабар» арнасынан сағат 02.00 ден 04.30 дейін көріңіз.

Сайыстағы саңлақтарымызға сәттілік! Алтыннан алқа тағар деген үміт басым. Алға, Қазақстан!

10 пікір

pari
Еркін күрестенде медаль түсіп қалуы әбден мүмкін.
User
Еркін күрестің орысшасы Спокойный борьба ма?
MSHERIMBEK
Вольная борьба)
User
Вольная борьба білә бұның қазақшасын білмей жүр едім.Еркін күрес екен ғой.Бірақ Еркін күрестің вольная борьба екенін ваще білмеппін.
Uleke
базар жоқ))))
didi0393
мадес! сенде Олимпиада туралы инфоны жаксы жазыпсың! Я, Аллам боксшыларымызға күш куат пен сәттілік бере гор! АЛҒА КАЗАКСТАН! Алтын нәсіп етсін!
pari
Иншалла айтқаның келсін!
User
Ниязымбетов Маңғыстаудікі екен.Адай шығар
User
Ниязбеков па сондай.Алтынға таласатын.
Uleke
Серік Сапиев алаң иесін құлатпаса алтынды ала алмайды-ау!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.