Өзімнің өмірімді кореялық драма сериалы "Ыстық ұямен" байланыстырғым келеді!

Таусылмайтын махаббат /
Менің атым Нұрсұлтан. Кореялық драма сериалы «Ыстық ұя» өте қатты ұнайды. Қолым бос уақытта көретін сол сериал.Көріп болысымен өзімді сол кісілер сиякты ұстағым келеді және әрекет те жасауға әзірмін. Бірақ достарым маған таң қалушылықпен неге осы сериалды тастамайсын деген сияқты сөздерді көп айтады, бірақ мен тоқтатар емеспін, жалғастыра беремін тағы да тағы да. Бірақ кей кезде ойлап қоямын сериалдағы басты кейіпкер қызға ұқсайтын қыз таба алар мекенмін…

56 пікір

qyrmyzy
Сол сериалдардағы жігіттердің батылдығы ұнайды. Біздің жігіттер де сондай батыл болса ғой…
dimash
ай айттыңыз-ау) Сіз оны кино ретінде бақылап, көріп отырғансын байқайсыз. Бізді де жасырын камераға түсіріп, көз алмай қарап отырсаңыз одан да бетер батылдық табылады! Тек соны көре біру керек (намек)
qyrmyzy
романтик болатындарын айтшиш
Nursultan_Joldashan
Басты кейіпкерді сомдаған кыз сияқты, маған өмірде мінезі сондай қыз кездесуі мүмкін бе? Қалай ойлайсындар?
qyrmyzy
мінезііі??? хмм, іздесең, табасың!!! Сәттілік! Батыл болуды ұмытпа!!!
dimash
Вангадан сұрарсыз)) Негізі мен мүлдем корей сериалын көрмеймін))
qyrmyzy
Кәріс сериалдары әдемі болады. Түрлі түсті әдемі жерлер, табиғат, романтика...қараған сайын өзіңді басқаша сезініп кетесің. Қиялдайсың. Негізі, өз басым, ракурстарына, план, кадралына, камерасына қатты мән беріп көремін! Кеңес беремін!
qyrmyzy
морально шаршаған кезіңде бір сағат қара, Бәрібір романтка керек! Енді сыпайылық үшін рахмет дей салсаң қайтеді,уф, осындайдан шаршадым ше...
qyrmyzy
ық ық, батыстан болдың ғой ызнашит? оқасы жоқ ал
Nursultan_Joldashan
Келісуге болады, бірақ өзіне қажет тәлім тәрбие алу керек (бағыт)деп ойлаймын!
qyrmyzy
айтқым келгені осы еді…
Nursultan_Joldashan
Мен де сериалдарды қарамаймын тек осы сериалды ғана)))
qyrmyzy
сосын әдемі киініп, өздеріне керемет қарайтын жігіттер бар… ық ық… нааааааййййд
Korkem
Басты кейіпкер қай? Шіби ма?
qyrmyzy
Міне, намек деген зат намайд осы… Былш еткізе салса қайтеді…
qyrmyzy
ық ық, міне, міне! жарайсың! Қыз келісімін бермеді ме, жүгір! Тосын сый жаса! Жүрегіне енуге тырыс!
qyrmyzy
нннеееееет! Олай бетіңді қайтара салсаң… жарамайды. Тырыс! Қыздар «вниманиені» жақсы көреді. Мысалы, қызыңа 3 күн қоңырау шал. Төртінші күні уаще хабарласпа, қызыңның өзі ызбандайды 4-күні.ық ық. Тренинг өткізем, қатысасыңдар ма?
Nursultan_Joldashan
Мен Қазақтың жігітімін және қала беремін, дегенімен бір біріне деген карым қатынасына толық келісемін, маған басты кейіпкерді сомдаған қыздың іс әрекеті керемет ұнайды.
qyrmyzy
иә, олардың қылықтары сүйкімді болады. Сосын қарапайым, төзімді келеді.
Nursultan_Joldashan
Мен толығымен келісемін 100 пайыз!
qyrmyzy
кәрістің жігіттері өмірде де солай. Екінің бірі кәмелеттік жасқа толысымен пластикалық операцияға жүгіреді
Jako
Қырмызы, оның да өзіндік себебтері бар шығар,өздерінің Алла берген табиғи келбеттеріне сенімсіздік болар.Шаштарын жалбыратып, еріндерін дірілдетіп жандарындағы қыздарынан түрлері аумай қалады, олардың несі еркек.Ал біздің қазақтың жігіттері нағыз ер мінезді,қақпақ жаурын, жаужүректер емес пе, сондықтагн да оларға пластика, мластиканың құны көк тиын.
Nursultan_Joldashan
Онда сізге дәл сол драма сериалға уқсайтын керемет қазақ сериалына түсуге бағыңызды сынап көріп сонан соң жауап берсеңіз деймін!
pari
қызық екен,,, сонда қызды ұнатып қалдыңыз ба?
Nursultan_Joldashan
Иа ұнатамын үната бермекпін!
Jako
Nursultan_Joldashan, кино деген нәрсе көркем туынды шыли еліге беруге болмайды.Бүгін сол кинодағыдай қыз іздесең, арғы күні сол кинодағыдай өмір аңсасаң, келе-келе сол кинодағыдай әке-шеше іздеп жүрсең не болады? Сол жақтарын ойла, Аллам одан сақтасын.
assetova
Өте дұрыс айтылған сөз! Қазіргі қоғамның көптеген кеселдері осы еліктеуден бастала ма қалай…
Manas
кейіпкер қызға ұқсайтын қыз таба алар мекенмін…
Қырмызы ұқсайдығо Нұрсұлтан
kuka097
авторлық құқық)
qyrmyzy
хей-хей, апа болғаным қалды енді
akil_kalta01
Nursultan_Joldashan ойыңды ашық әлемге айта алғаның үшін базар жоқ!!!
Nursultan_Joldashan
Алғысымды қабыл ал! akil_kalta01
calendula
Постта қате көп пунктуациядан. Бұны неге жазды деген ой келіп жатыр маған…
Nursultan_Joldashan
Мен өзімнің жазғым келген ойымды жазамын, қатесіз жазам деп айта алмаймын, ұсынысына рахмет!
calendula
ұсынысына рахмет!
Кімнің?????
Madi
Айтқысы келген соң АЙТТЫ.Айта бер сайты ғой .
хе хе хе
Abylai
сол сериалды көрмеппін. корей сериалдарынан тек ііммм тәәәк қайсысын көріп едім. ХуЧинПё ны көрдік елмен бірге. сосын Озорной поцелуй дегенді көріп құстым. нашар сериал. басқасын көрмеппін. жақсы сериалдар болса айтып кеңес берің көрейік
rauan
dream high ништяк көруге болады
Nursultan_Joldashan
Осы драма сериалды көруге кеңес беремін! Сценариі керемет жазылған!))
Manas
Кәрістің әр-түрлі қыздары
Мынау әдемі қызы

Ал, мыналар солдат қыздар

Мынау төбелескір қыздары

Ал мынау баяғы кәрістің қыздары

Біреуі де әдемі емес біріншісін айтпағанда
Nursultan_Joldashan
Менің меңзегенім кәрістің әр түрлі қыздары емес, тек «Ыстық ұядағы» басты кейіпкерді сомдаған қыз ғана!
kema
Serial, demekwi,arine karis seriladary keremet cnerimen jazylyp, ote talantty akterlarmen oinalady. Oiynyz kyzyk eken. Birak menin de oiym sol go, bolsa bir karis kyzyn tokaldykka alsam ba degen go))))))))))))))))))))))))))))))))))
Nazerke
ооо мен де кәріс сериалдарының сүйіп көрушісімін..әсіресе, «Ыстық ұя» сериалын өте ұнатамын.Сізге ондағы қыз баланың іс-әрекеті ұнаса, маған сондағы жігіт қатты ұнайды.Әрине, фильм өте тамаша түсірілген! оған әңгімем жоқ.Алайда ондағы кәріс қызының бойындағы бар қасиет қазақ қызының бойынан да табылады.Сол бір ару сізді де күтіп жүрген болар)Сәттілік!
Nursultan_Joldashan
Пікіріне рахмет))) Саған да сәттілік)) АЛАҚАЙ)))
assetova
Хммм… Меніңше корей сериалдарының кейіпкерлерінің кейбір қылықтары көзге ерсі көрінеді. Әсіресе жігіттердің өздерін ұстауы… Імм… Қыздар сияқты ма қалай… Ренжімессіз. Бірақ жігіттердің корей сериалдарын көруі, және сол серал кейіпкерлеріне ұқсауды қалағаны біртүрлі сияқты. Онсыз да ЖІГІТТЕР (үлкен әріппен жазылатындай)аз ғой.
Nursultan_Joldashan
Пікіріңізге рахмет! Бірақ Мен жалпы кәріс сериалдары емес тек(именно)тақырыптағы сериал ғана!
Jako
assetova, саған рахмет, жазған пікіріңе риза болдым.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.