Мұндағы позициям махаббатизация (ренжімесеңдер)

Таусылмайтын махаббат /
— Сәкен, сәлем!-деген әдеттегідей құлаққа жағымды дауыс естілгенде жалт қарадым. Өзіне жарасатын қызғылт түсті көйлегімен еркелей басып, күлімсірей келе жатқан Кәусәрді көріп, бойыма тоқ жүгіріп өткендей болды. Үнемі осы — осынау бойжеткенді көрсем, жүрегім кеудемді тепкілеп, тұла бойыма бір қуаныш ұялағандай болады. Шамасы ғашықтық деген пәлекет мені де шыр айналдырып жүрген сықылды. Құдды бір есімнен айырылғандай күй кешемін. Қашаннан бері екенін білмедім дәл осылай күйге түскенімді. Дел сал күйде жүремінде қоямын…
Кәусәр көрші үйдің кенже қызы. Алайда менен екі жас үлкен, әрі әпкемнің сыныптас құрбысы. Сырт сұлулығын былай қойғанда, ішкі жан дүниесі де соншалықты таза. Тостағандай көзін төңкере тастап қарағанда, жанымды қоярға жер таппай кетемін. Өзі менің көз ғашық екенімді білмейді. Алайда мені көргенде қуанып қалғандай болады. Соған есекдәме артып жүрген көңілім үлбіреген үміттің үзігіне жармасып әлек.
Кәусәрдің үйінің жанындағы ағаш орындыққа сүйретіле отыра кеттім. Ойымда баяғы «сүйгенімнің» бейнесі. Тәтті жымиысы, күлімсірген айдай жүзі, толқындаған қара шашы бәрі-бәрін кинолентадай көз алдымнан тізбектей өткізіп, тамсанып отыр едім… Кенет… кенет (құдай мұндай сәтін салса болар ма?!) үйінен Кәусәрдің өзі шыға келді. Үстінде сол баяғы өзіне құйып қойғандай жарасатын қызғылт көйлегі, қоңыр желмен тербетілген етегіне дейін ырғақпен қозғалатындай. «Қалайсың Сәкен?» деген сәлемін шала шарпы естігендеймін. Қыз аузын буған өгіздей тілден қалған менің қасыма таман таянғанда еріксіз ысырыла кеттім. Маған риза кейіппен қараған бойжеткен көңілді қалпымен жаныма жайғасты.
— Бүгін қандай тамаша күн! – Кәусер салалы саусақтарымен көзін көлегейлеп аспанға қарады. Оған ілесе аспанға қараған менің көзіме ешқандай тамаша ілікпеді. Себебі менің тамашам ол көрсеткен аспанда емес, жанымда отырған еді. Соны түсінген мен назарының басқаға ауып тұрғанын пайдаланып, оған қадала көз тастадым. Аршыған жұмыртқадай аппақ өңі, қусырылғанда желбезегі дірілдегендей болатын жарасымды мұрны, езуінде тәтті күлкісі бар, әнтек ашылған шиедей ерні онсызда жарылардай болып тұрған жүрегімді атша тулата түсті. «Кәусәр» дедім мен, дірілдеңкіреген үнмен (оным өзіме ғана естілсе де құдай біледі). Әйтсе де енді аялдауға мен де шама жоқ еді. Кәусәр селк еткендей болып маған жалт қарады да (оны селт еткізген даусым емес, қимылым секілді, өйткені есімде қалғаны сезімге елітіген мен оның қолын ұстай алған едім), мөлдіреген көзі мені одан әрмен қобалжыта түсті. Дегенмен өзімді ұстап қалуға тырысып, өзімді зорға тежедім де:
— Ме-еен се-ніі сүйй-еемін – деп тұншыға сыбырладым. Ол үркектей қарап, қолын тартқысы келгенмен, мен жібермегесін, аздап қашқақтағандай болды. Алайда көзінен жеккөрушілік пен қорқыныш сезімін көре алмаған едім. Содан дәмеленген мен оны қаусыра құшақтағанымда, Кәусәрдің өзі де ептеп ыңғайыма қарай бейімделгендей болды. Аш белінен оратылған екі қолым тіпті де ойландырар емес. Ептеп өзіме тарта түскенде, жібектей майда шашы танауыма тиген кезде жұпар иістен басым айналғандай болды. Шашынан сипалай түсіп, деміге тілерсектенген ернім қыздың бетіне тиіп бір-ақ тоқтады. Кәусәр да жақын тартып, шашымнан сипалай «Жаныыммм» деп үздіге үн қатқанда, барлық бөгет бұзылғандай болып, шиедей ерніне ұмтылдым…
— Сәкен, сәлем!-деген әдеттегідей құлаққа жағымды дауыс естігенде селт етіп, жалт қарадым. Өзіне жарасатын қызғылт түсті көйлегімен еркелей басып, күлімсірей келе жатқан Кәусәрді көріп, бойыма тоқ жүгіріп өткендей болды. Жаңағы тәтті қиялымды бұзғанына қабағымды шыттым. Әйтсе де, ашулана алмадым. Себебі… оны көргенде бойыма қуаныш ұялайтын.

Пы.сы. Оқиға өмірден алынғанмен, кейіпкерлердің аты ойдан шығарылған. Сондықтан автордың мекен жайына барып, Кәусәрді іздеп, босқа шығынданбауларыңызды ескертемін

26 пікір

kema
netken uwkyr kial))))) Postynyzga rahmet!!! Osylai armanda ketken jan bar me eken, a?
qazaquly
Osylai armanda ketken jan bar me eken
айдан алып жазып көрмеппін)))))
kema
okiga kaidan alyngan? sizdin omiriinzden be? Alde bir kitaptan ba?
qazaquly
Кітаптан көшірем бе деп едім, бірақ авторлық құқық невірге тиді ғой))))
qyrmyzy
неткен батыл жігіт деп ризааа боп отыр ем…
kema
sezimin bar alemge ashyp saldy goi)))
qyrmyzy
жеңілдеп қалған шығар…
qyrmyzy
айтпа, күн жылыған соң дипломға кірісем дегем, қайдағы…
qyrmyzy
ибай, КазНу??? Курсовой рубежка басында???? Қызық. Курсовойды қойшы, дипломды айтшиш, дипломды…
qazaquly
Осында жеке жазу бар деп естігем негізі
qyrmyzy
түсінбедім… ашып айтшы
Karlen
Ия. керемет!
Korkem
Пы.сы. Оқиға өмірден алынғанмен, кейіпкерлердің аты ойдан шығарылған. Сондықтан автордың мекен жайына барып, Кәусәрді іздеп, босқа шығынданбауларыңызды ескертемін
pari
хех осы жері қзыық екен оны не үшін жаздыыыыыыы кім барады оған
qyrmyzy
ық ық, кеше түнде оқығандықтан ба мынаған мән бермеппін. Әлде…
akil_kalta01
Өте жақсы жазылған екен, бір деммен оқып шықтым! qazaquly жарайсың, осы тақырыптағы жазбаларың көбейі берсін!
qazaquly
Айтсын
qyrmyzy
екі ғашық қосылған бірдеңе жазшы
qazaquly
Қоса алмаспын, өйткені мен реалистпін, басымнан өткенді жазам)))) ал ондай жағдай басымнан өткен емес)))(
qyrmyzy
ық ық, қызық...Қосылғандар бар шығар???
qazaquly
Қосылғандар жазар, үміттіміз ғой, біз де қосылармыз, сонда жазармыз))))
qyrmyzy
ық ық, ал сен жазып көр
qazaquly
Көрейін, күтіңіз, бірақ бүгін емес))))
qyrmyzy
күтем, міндетті түрде
calendula
Еріксіз жымидым)
ardak1996
Ұнады.Рахмет!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.