Шын махаббатқа деген өзімнің әңгімем мен ой-пікірім.

Таусылмайтын махаббат /
Негізі шын махаббат ең бірінші бір – бірін көруден басталады. Бір бірін көргенде бір айтып жеткізе алмайтын сезім пайда болады. Кәдімгі осы алдыңдағы көріп тұрған адам өзінің жүрегінің жартысы екенін бірден біледі. Оны білу үшін жүректегі сезімнен басқа ештеңе керек емес. Содан кейін қорқады, қобалжиды, әйтеуір бірдеңе қылық қызбен танысады. Танысып улей – дүлей әңгіме айтып жатырған да, қыздың дос қыздары келеді. Қызғана ма білмеймін әйтеуір сөйлестірмей танысқан қызды жігіттің қасынан алып кетеді.)) Сол кезде жігіт қыздан телефон нөмірін сұрақ қалып үлгереді. Бірақ қыз телефон нөмірін бермейді. Телефон нөмірін бермесе де, жігіт бірдеңе қылып тауып алады.

Телефон нөмірін тауып, әйтеуір соғады. Сосын кім екенің айтады, әңгімелеседі. Сол арада қыздың ең бірінші сұрағы: «Менің телефон нөмірімді кімнен алдың?» – деген болады. Жігіт соған бірдеңе қылып жауап береді. Осылай бірінші сөйлесу аяқталады. Келесі күні тағыда соғады, далаға шығуын сұрайды, қыз келіседі. Сөйтіп, қыз бен жігіт қыдыруға далаға шығады. Теңіз жағаға барады. Алдын да үзіліп қалған әңгімені жалғастырып, біраз мауқыңды басады. Қалай тым кеш болып кеткенін білмей қалады. Қимай қоштасады. Сөйтіп уақыт өтеді. Бірнеше рет тағыда кездеседі. Содан, «Ай, осы уақыт келді-ау» дегенде сөз береді. «Менің жарты сен жарыт қосылып бір бітін болайық» — деп терлеп, тепшіп сөз береді.

Менің өзім өмірімде екі рет қатты қобалжыдым. Біріншісі қызыма сөз бергенде, екіншісі үйленгенімде. Мен өзім бір қызға сөз бердім, сол бір қызбен жүрдім, ақыр соңында сол қызға үйленіп тындым. Мен жайлы қоя тұрайын. Манағы қыз жігіттің сөзін алғаны туралы айтайын.

Сонымен қыз сөзін қабылдайды. Сонымен екеуі сол күннен бастап жүре бастайды. Негізі қазіргі жастар сөз беруден қалған. Әйтеуір білмеймін бір көргеннен құшақтасып сүйісіп жатады. Еш қызық жоқ. Қай кезде жүріп бастағандарын білмейді. Негіз жігіт қызға сөз беру деген бір келісім шартқа отырғанмен тең ғой. Сөз беріп жүріп бастау, бұл шың махаббаттың құрылуына ең бір үлкен қадам ғой.

Сонымен қыз бен жігіт жүреді арасында көп деген әңгімелер, сырласулар болады. Негізі қыз бен жігіттің сырласуы, бір біріне жақындауға алып келеді. Бір бірінің сырын білген, мінез құлқын білген қыз бен жігіт бір біріне бауыр басады. Ал бауыр басу шың махаббаттыққа алып кілетін бірден бір шын сезім. Қыз жігіт бір біріне бауыр басса, қимастық пайда болады. Екі жас бір – бірін жамандыққа, өтірік айтуға, көзіне шөп салуға қимайтындай болады. Ал қимастық пайда болса, сағыныш пайда болады. Сағыныш деген бір біріңді іздеп, амандығын сұрасуға және бір біріңнен жалықпауға алып келеді.

Енді менің ойымша қазіргі жастар бір бірімен жүрген кезде тез жалығып кетеді. Себебі, құдайдың құтты күні бір бірімен кездесе береді, кездесе береді. Одан кетсе түнімен күнімен телефонға жабысып бір бірмен сөйлесе береді. Сөйлесе берген жерде екеуінің біреуі жағымсыз бірдеңе айтады. Сонымен керіс пайда болады. Сөйтіп бір біріне қәдірі кетеді. Ақыр соңында бір бірінен жалығып, айырылып тынады.

Негізі қыз бен жігіт аптасына тек бір екі рет кездесу керек. Сағындырып барып кездескенге не жетсін. Ал телефонмен басында көп сөйлескеніменен. Танысып білісіп, сіңісіп, бауыр басып, әңгіме таусылғаннан кейін телефонмен сөйлесуді де азайту керек.

Бір біріне деген сағыныш, бауыр басу, қимастық пайда болған кезде, бір біріне деген сенім пайда болады. Ал сенім пайда болса, бір біріне деген түсінушілік пайда болады. Себебі сен сырластың, бауыр бастың, сені жаман нәрсеге қимайтынын білесін, сенісің, істеген қателігінің артында бір түсіндіретін түсінуге болатын оқиға бар екенін білесін. Әңгімесін тыңдап түсінуге тырысып бір мәмілеге келесің. Сол кезде артық айқай шу да көп болмайды. Соның түсіністіктің арқасында, бір біріңе қадірлерің кетпейді және сыйластық пайда болады. Ал сыйластыққа ештеңе жетпейді.

Сонымен бауыр басуды, қимастықты, сенімді, түсіністікті, сыйластықты қыз бен жігітің бойларынан табылады. Сөйтіп көп ұзамай үйленеді. Құдай қалап ұзақ өмір сүріп, үбірлі — шүбірлі болады.
Міне мен шын махаббат осындай болады деп сенемін.

Осымен өзімнің ой пікірім мен әңгімем аяқталды. Оқығандарыңа алғыс білдіремін.

7 пікір

Korkem
Махаббатың әркімге әрқалай екенін ескерсек, мына сөздеріңе сөз жоқ келіспеуге де болады. Дегенімен, мына бір сөзіңе көзімді жұмып тұрып келісемін
Негізі қыз бен жігіт аптасына тек бір екі рет кездесу керек. Сағындырып барып кездескенге не жетсін. Ал телефонмен басында көп сөйлескеніменен. Танысып білісіп, сіңісіп, бауыр басып, әңгіме таусылғаннан кейін телефонмен сөйлесуді де азайту керек.
Korkem
Сонымен бауыр басуды, қимастықты, сенімді, түсіністікті, сыйластықты қыз бен жігітің бойларынан табылады. Сөйтіп көп ұзамай үйленеді. Құдай қалап ұзақ өмір сүріп, үбірлі — шүбірлі болады.
Жақсы жазыпсың, бердім пілусімді.
qazaquly
Сенің үйленетін жасқа жеткендегі жазбаң мынадай болса, мектепте жүрген кезде әдебиет сабағының мұғалімінің қанын ішкен боларсың)))))
Karlen
)))) Мен тіпті сабаққа бармаған адаммын. Баруға уақыт болған жоқ
qazaquly
Бәсе, интуицияма сенем ғой))))
qyrmyzy
ық ық, осы жасқа келіп, мынадай сезімдерді кещпеппін...</
Бауыр басу — ең жаманы/жақсысы осы
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.