Алғашқы махаббат ...немесе ұмытылмас сезім

Таусылмайтын махаббат /
Ең алғашқы махаббат

Мен өзіңді сағынамын, аңсаймын.
Кей уақытта мұннан да мен шаршаймын.
Көну керек, шыдау керек себебі
Шын махаббат өте ауыр келеді.

Күндіз түні сені ойлаумен өтемін,
Мен өзіңді әрқашан да күтемін.
Өмірімнің барлық мәні өзіңсің
Мен қалайша сенсіз өмір сүремін.

Сүйем сені, келші енді
Сағынамын мен сені.
Қанша уақыт толассыз
Күттіресің сен мені.

Мына өмір неге қатал болғаны,
Екеумізді жолықтырмай қойғаны.
Кей уақытта бір көруге зар болам,
Сен неліктен түсінбейсің осыны.

Мен өзіңді ұнатамын әлі де,
Оған куә жүрегімнің әні де.
Менің ыстық сезімімді өзіңе
Жайып салғым келеді де тұрады.

Жүрегімнің түкпірінде бір сезім
Әрқашанда алаулайды-лаулайды.
Сол сезімді өшіре алмай дал болам,
Әттең бірақ жүреккке әмір жүрмейді.

Кей уақытта бір үміт,
Сәуле шашып, лаулайды.
Қуанамын, бірақ та
Әттең жалған болғаны.

Сағындырып бір көрінбей кетесің,
Көз алдымнан сәуле болып өтесің.
Бір мектепте жақын болып қойғанмен,
Әттең жүрек алыста ғой не етесің.

Жалған намыс жүрегімді билеген,
Мен бірақ та жалғандыққа үйренгем.
Көңіліңді «жігіт» болып білдірсең,
Жалған намыс өшеді ғой көңілден.

Мен әлі де ұмытармын өзіңді,
Сенің асыл, мөлдір, қара көзіңді.
Бірақ атың жүрегімде сақталат
Себебі бұл- ең алғашқы махаббат!,-деп қойғам бір кездері. Қателіктерім болса кешірім сұраймын, 7 сыныпта оқып жүріп жазғаным еді…

5 пікір

Korkem
Жалған намыс жүрегімді билеген,
Мен бірақ та жалғандыққа үйренгем.
Көңіліңді «жігіт» болып білдірсең,
Жалған намыс өшеді ғой көңілден.
Тамаша! +1
dimash
++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++
+++++++++++++++++++++++++++++++++++Жақсы шығыпты++++++++++++++++++++++++++++++++++
++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++
qyrmyzy
жылаттың… керемет!
әр шумақты бөліп қойсаң, оқырмандарыңа жеңіл болатын еді
87788093659
ЖУРМИНГООООЙ СОЛ АЛГАШКЫМАХАББАТЫМ УМЫТА АЛМАЙ МУМКИН ОНЫ УМЫТУ МУМКИН ЕМЕС ШЫГАР
oryngaliya83
7 сыныпта оқып жүріп осыны жазсаңыз, қазіргі жазбаларыңыз өте керемет шығар! Үлкен рахмет!
Ия, жүректің терең тұңғиығында жатқан АЛҒАШҚЫ МАХАББАТ сезімін ешқашан ешкім ұмытпайтын болар!!!
Ұмытылмайды өйткені, ол мүмкін емес!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.