Махаббат қызық мол жылдар

Таусылмайтын махаббат /
Адамзаттың өткен ұзақ өміріне көз салсақ, оның өнері мен поэзиясында махаббаттан,ғашықтықтан асқан тақырып болмапты. Махаббатты көне заманда әр халық өздерінің ұғымына, дініне, дәуіріне сәйкес әр түрлі түсінген сияқты. Мәселен, ертедегі грек, рим қолжазбаларында Махаббат құдайлар кейпінде көрсетіліп, дуниенің бар кілті солардың қолында деп дәлелденді. Соның нәтижесінде құдайдың өзі махаббат мағынасында ұғынылған…
Махаббат қандай күш? Махаббат бар ма өзі? Өз ойларымызбен бөлісе отырайық достар. Жауаптарыңызды асыға күтемін…

4 пікір

qyrmyzy
жүрегіңнен ізде…
Umit-Umit
Мен жүрегімнен іздеп те, тауып та қойғанмын. Бірақ бәрі де бекер. Мен тек сіздер махаббат жайлы не ойлайсыздар соны білгім келгені)))
p689606
Тақырыбына қарасам, Нұршайықовтың кітабы еске түседі. Бірақ махаббат сол романдағыдай емес, тіпті махаббат туралы қаншама роман жазылғанымен, бәрібір маңдайға жазылған махаббат ондай болмайд, себебі әр адам өзі жеке роман. Махаббатсыз — дүние бос! Бірақ, махаббатыңа тұратын адамның аздығын лайым есте сақтаймын, себебі қаптаған лайықсыз тәкәппарлар махаббатымды талай қор қылған. Мен сондықтан қорқа қорқа батыл болдым, құлай құлай, серпіліп қайта тұруды да дағдыға айналдырдым, кім мұрнын шүйіре қараса, тұмсықтан періп жіберуге әрқашан дайынмын.
Umit-Umit
Жауабыңыз өте ұнады. Меніңде естігім келгені осы еді. Рахмет сізге.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.