Махаббат пен уақыт

Таусылмайтын махаббат /
Бір кездері оқығаным ба, естігенім бе, есімде жоқ. Өздеріңізбен бөліссем...

Ерте кезде… Өте ерте кезде бір аралда Сезім және адамға тиесілі бар сезімдер өмір сүріпті. Олар: Қуаныш, Қайғы, Ақыл және басқалары. Олар мен бірге Махаббат та бар еді.

Күндердің күнінде сезімдер аралға қауіп төнгенін сезіп, әркім өз қайықтарына мініп кете барыпты. Ал махаббат еш асықпастан соңына дейін күтеді. Уақыт өте келе аралға төнген қауіптің сейілмесіне көзі жетіп, үміті үзілген ол, сонда ғана айналасына көз тастайды. Алайда, бәрі аралды тастап кетіуде еді, ол жалма-жан көмекке шақыра бастайды.

Анадайда жайлап жылжып Байлық қайығымен кетіп бара жатты. Одан жанұшыра көмек сұраған Махаббатқа Байлық қайығында қымбат тастар, алтындар, күмістер бар екенін, бос орынның жоқ екенін айтады.

Амалы құрыған Махаббат анадайда жылжып бара жатқан Қайғыға назар аударып, көмек беруін сұрайды. Өкінішке орай, ол өзінің өте мұңлы екенін, жан-дүниесінің жаралы екенін, жалғыз қалғысы келетінін ескертіп, Махаббатты алмай кетеді.

Әлі жағалаудан ұзай қоймаған Қуаныш тым көңілді болатын, ол тіпті Махаббаттың тілегін естімеген күйі өте шықты.

Кенет Махаббат әлдекімнің шақырған дауысын естіді:
«Бері кел, Махаббат, мен сені ала кетейін»
Қараса, бір қария екен. Қайтерін білмей тұрған Махаббаттың қуанышы қойнына сыймай кетті. Тіпті, ол әлгі қарияның кім екенін сұрауды да ұмытты. Қауіпсіз жерге жетеннен соң Махаббат түсіп қалды да, Қария ары қарай баяу жүзіп бара жатты.

Қария көзден таса болғанда ғана Махаббат оған тіпті рахмет айтпағанын есіне алып ұмытыла түседі. Алайда, тым кеш еді. Қария ұзап кеткен болатын.

Махаббат Ақылға келіп:
«Ақыл, айтшы, мені құтқарған кім?», — деп сұрады.
«Сені құтқарған – Уақыт болатын», — деп жауап қатты Ақыл.
«Уақыт?» — деп таңдана түсті Махаббат – «Ол неге маған көмектесті?»
Ақыл айтты:
«Уақыт – емші. Тек уақыт қана Махаббатың өмірге қаншалықты керек екенін біледі, түсінеді» — деді…

Мұнымен мен не айтпақ болдым екен?....

10 пікір

Bagashar
Иә, дұрыс айтасың. қайғысы мен қуанышын қатар тосатын өмірде махаббат керек. Бірақ ол махаббат өзің айтатындай Аллаға деген махаббат болу керек ең бірінші. Содан кейін пайғамбарына (Алланың ол кісіге сәлемі мен игілігі болсын), содан кейін ата-ана, бауырға, адамзатқа болу керек. Тағы тек қана махаббат болып қалса болмайды ғой. Қорқыныш пен үміт те қатар жүру керек. Біз сүйеміз, қорқамыз, үміттеніміз! Тағы мағыналы жазбаларыңды күтеміз…
Korkem
Рахмет))))
Bagashar
Біреу сен бар дейді,
Біреу сені ОТ дейді.
о, Махаббат, сырын ұғын:
олар құл!
бір сені бар дейді,
біреу сені жоқ дейді.
о, Махаббат,
ұлылығың болар бұл!
qyrmyzy
Шынымен,
Уақыт – емші
!
Baha_07
Керемет, көктем келіп барлық пост махаббат туралы боп кеткен бе?!)))
Korkem
Жоға, бүгін Қозы-Көрпеш — Баян сұлу күні емес пе? ))))
raikosh
дурыс айтасыз… барине де уакыт емш1…
Umit-Umit
Өте әсерлі барлық қиындықтардың емшісі — уақытқой шіркін. Уақыт өте келе бәрінде ұмытып жаныңа жақын адамдарыңды табасын. Рахмет сізге Көркем.
akil_kalta01
Керемет! Осы жазбаны қып отырып мынаны ұқтым:
1. Махаббат қамсыз
2. Махаббат рұқсат сұрап, кейде рұқсатсыз жүрекке енеді
3. Бірақ бәрін уақыт шешеді!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.