Мен сені жақсы көрдім...

Таусылмайтын махаббат /
Мен саған құлай сендім, құдай куә!..
Қайтесің күлесің бе, жылайсың ба?!..
Айырылдым асыл арман, үмітімнен,
Амал не, тағдыр салса шыдайсың да!..
Тұнығым айналғандай лай суға!..

Мен сені жақсы көрдім, жарық күнім!..
Жаралы жүрегімнің жазып мұңын,
Қаралы көңілімді қайта ояттың,
Бәрі енді көрген түстей ғайып бүгін.
Білмедім, мен бе, сен бе-айыпты кім?!..

Мен сені тәңір тұттым, жасыра алман,
Жасыра алман және де басыла алман.
Жалт етті де жоқ болды жасын сезім,
Адастырды арбаған асыл арман!..
Тағдыр тағы тосады несін алдан?!..

Бүлінді бастауынан бұлақ тұнық,
Жығылды шынар-сенім құлап биік.
Өкінгенмен өткеннің орны толмас-
Өтінгенмен оралмас жылап тұрып!
… Махаббаттың тірегі-тұрақтылық!..

6 пікір

qyrmyzy
… Махаббаттың тірегі-тұрақтылық!..
qyrmyzy
Ілмегіңізді былай да оқып, былайда оқып түсіне алмадым
ardak1996
Ең керемет өлең осы блогтағы! Көп рахмет!
AKA
Міне, өлең!
eerkinuly
Откен кун келмейдi, мумкiндiк бермейдi, журегiмдi уакыт емдейдi, откен кун келмейдi, сагыныш кернейдi, махаббат сонгенмен, суйгенiм кыймастык сонбейдi…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.