Жайлаубай Қазиев-Сенің бейнең...

Таусылмайтын махаббат /
Өксумен қанша күндер мұң кешемін,
Өзіңе сағынышпен кездесермін.
Көргенім де сені бір медеу маған,
Алдап жүр бірақ мені кезбе сезім.

Мінезің қызық жаным тұйық мүлде,
Тұрасың тіл қатпай тұнық күйде.
Бейнеңді шығармаймын жүрегімнен,
Ойланам суретіңді сүйіп күнде.

Еш нәрсе қуантпай жүр жүрегімді,
Көңілім күнмен жылап түн егілді.
Сонда да махаббатыма ризамын,
Асыл жанды арымен сүйе білді.

Нені күтем күндерден жырақтаған,
Мезі болдым ойдағы сұрақтардан.
Үмітім саған деген жоғалса да,
Кеудемде бейнең сенің ұнап қалған.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.