Бойдақтың ой толғауы немесе қатынастар туралы.

Таусылмайтын махаббат /
Бұл ойларымды тек өзім үшін жаздым. Разгрузка :)

Өзім соңғы кезде махаббатты түснбей жүрмін, шатасып жүрмін, бір қызды ұнатып, сонымен шын махаббат құрғың келеды. Иә, түснікті ғой әмір жүрмейтіні, бірақ сондада "үмітсіз шайтан"- деп іштей. «Ай осы ғой, бұдан артық не керек?»- деп. Сол кезде ол әдемі, ақылды, қызық, ортақ тақырыптар бар, махаббаттың барлық белгілері болып тұрады. «Дұрстап танып алайыншы», содан кейн қайтадан «осыдан артық не керек?»- деп :-) Уақыт өте келе жақпайтын қылықтары, ауыр сөздері естіле бастайды, түсініспеушіліктің белгілері пайда болады. Бастапқыда болған бір ерекше, қайталанбас толқу, «көздеріне бір қарасам екен»- деп, "өзін бір көріп қайтайыншы", болмаса бір қуантқың келіп тұрады, оның бәрі кейін неге сөне бастайды? Неге бірдеңе жетіспей бастайды бізге? Жоқ, мәселе жыныстық қатынаста емес, ол болса да, болмаса да. Қатынас қайтадан ірид.
ұрыс, ұрыссу, жанұя, махаббатБұндай жағдай махаббатты танымаудан, бастағы көрейінші, одан артық не керек деген қате шешімнен болады. Бірақ кемшіліксіз адам болмайды ғой, сонда сүйсең де жағымсыздық сезіміңді тұншықтыруың керек пе? Иә, махаббат ұзақ қатынас болып қалыптасқасын, өз-ара компромистер пайда болады, идеалды сәйкестік жоқ, амалы тек компромис. Бірақ, сол компромистер көбейген сайын еріксіз санасу пайда болады, бірі өзінің шегерімін артық деп санап қалады, ал екіншісі қарсы болады. Қайтадан іру. Сол алғаш сәттердегі сезімді қалай сақтап қалуға болады? Мүмкін бе сақтап қалу? Әлде мәңгі махаббат жоқ па?
бала, балалар, бала-шаға, жанұя, бақыт, әке,Қазақ, кейн бауыр басып, бала-шаға үшін әрекет етіп жүресің дейді. Сонда менің бақытты өмірім қаншаға ғана созылмақ? Жок, мен балаларым мені бақытты қыла алмайды демеймін, әрине олар тәтті, бізге бұйырған бақыт. Бірақ ол жұбайлар арасындағы махаббат емес қой. Бастағы болған махаббатты сақтау мүмкін еместігі өкінішті. Қатынаста бәрі анықталғаннан кейін, бір-бірін жақсы танып болғаннан кейін, үйленіп, балалы шағалы жанұялық өмірде нағыз махаббат шыңдалад. Сол кезде сүйіктіңді майда-шүйдемен болса да қуанту керек. Ал егер, одан да жалықса ше? Иәәә, махаббатты сақтау үшін жалықпау керек, бірақ ол сезім бізге еріксіз ғой, айналамызға, өзімізге іштей алдап, бақыттысымағымызды көрсетіп жүре береміз.
жанұя, бақыт, мейрім, сезім, махаббат,Сондықтан, егер арада махаббат болса, оны сезсең, махаббат үшін тоқтамай күресу керек! Түнде ұйықтамай одан смс күту керек, балаң жыласа барып жұбатуң керек, жұмыстан шаршап келсең де бір күлдіртуің керек, еш ренжітпеуің керек, әрқашан аялау керек, ол қайталана бермейтін сезім одан еш айырылмау керек, махаббатқа тоймау керек, санаспау керек, күнде оған сүйетініңді айтуың керек, сыйлық жасап тұру керек, тек күрес, күрес және де күрес, сол кезде ғана ол сезім ешқашан өшпейді.

82 пікір

Ais_97
Ғашығыңызға қосыларсыз иншалла! Махаббатпен күресу керек дұрыс шешім +1!
Ademi
Жоғарыдағы «андай» сөздеріңізді алып тастайсыз ба?
Ойланатын дүние! Меніңше, махаббаттың сөнбеуіне екі жақтың да үлесі керек.Шіркін, мен ұнататын, мені ұнататын жанмен жібімді байласам...
balgalym
қандай сөздер??? :))) секс әдепсіз сөз ба?
Ademi
мұнда 2002жылғы балалар бар екенін ескерсеңіз
balgalym
олар ол сөзді менен бұрын біледі-ау :) еш ыңғайсыздық сезініп тұрған жоқпын, тұраберсін.
ereke_enu
Бұл жерде кәмелетке толмаған жасөспірім іні-қарындастарымыз бар екенін ұмытпаңыз… Болмаса, керекинфоға жазып көр)
balgalym
жоқ, қызықсың, дәл сол сөзге өздің тіреліп тұрсың, ойбууу
менікі керекинфо деп ойлайсың ба? ))
ereke_enu
Өшіре салсаңшы… Бұл жерде жастар, жасөспірімдер, мектеп оқушылары бар дегендей… Оларға мұндай тақырыпты ұсыну ұят емес па? Сенікі жай басы, басқа біреу мұның көкесін жазса қайтер едің? Керекинфоның былшылбайларынан ерекшелігіміз бар еді ғой… Керекинфоға не жазсаң оны жаз, ол жерде бәрібір сау сөз, саналы ой жоқ. Болғанның өзінде іріген шіріктің арасынан таппай қаласың.
ereke_enu
Болмаса сауалнама жаса осыған байланысты… Егер сен жеңсең, ұтылдым. Және ешқашан бұл сайтқа кірмейтін болам.
Korkem
Ал егер, одан да жалықса ше?
күнде оған сүйетініңді айтуың керек, сыйлық жасап тұру керек, тек күрес, күрес және де күрес
сонда махаббат үшін біреуі ғана күресу керек пе? Онда оның несі махаббат? Екі жақ та бірдей күресіп, сақтауға тырысып, ат салысса, міне, сонда ғана нағыз махаббат болар еді.
balgalym
Ал былай көрсе ше:
күнде оған сүйетініңді айтуың керек, сыйлық жасап тұру керек, тек күрес, күрес және де күрес
Ал егер, одан да жалықса ше?
оңай емес. Мен өз тарапымнан ой қозғап отырмын, әрине менің жасағандарым жауапсыз қалмас.
Korkem
күнде оған сүйетініңді айтуың керек, сыйлық жасап тұру керек, тек күрес, күрес және де күрес
ол да күнде көңіліне қарап, ол да сүйетініе, сыйлайтынын білдіріп тұрса, онда
Ал егер, одан да жалықса ше?
деген сұрақ ешқашан да туындамаған болар еді
balgalym
ешқашан да ешқашан деуге болмайд, әсіресе өмір туралы, ол догма емес қой қатып қалған.
Korkem
Онда сіздің жоғарыда айтқандарыңыздың бәрін мен теріске шығарған болар едім))))
balgalym
қой құрсын, аз болса, уақытша болса да біз де өмір сүрейік :)))
qyrmyzy
опппааанннаааа, махаббат рулит!
Chimaq
Mangdaiynga jazghan bireu bar demekchi....he..he...jaqsada jaqpasada sol bolad..))
Korkem
Иә, жазмыштан озмыш жоқ деңіз. Солай болса да таяқтың бір ұшы адамзаттың өз қолында емес пе? Бақытты болу, болмау адамдардың өзіне байланысты.
balgalym
осы сөздеріңе сенгім-ақ келеді, бәрі оңай :)
Chimaq
Meniki qaljyng ghoi…
Korkem
үйстіп ялып қалад енД :)))
balgalym
:))) күлдірдің, ертең таң атад, атса да атпаса да атад дегендей болдың ғой :)))
Ademi
Сүйсе, қарым-қатынасты жақсартуға тырысады, сүймесе гуляй вася©
Korkem
Түһ, мына Әдемінің қыстырылмайтын жері жоқ екен :))) муахахах
Ademi
Не бүлдірдім? Сізге емес, постқа пікір қалдырған сияқты едім, әдеп сақтасаңыз. Қыстырылып отырған сіз емес пе?
m170785
Korkem kistirilip otirgan jok Ademi.
Ademi
Мен қайда қыстырылдым?
m170785
Керісінше ма деп ойлап қалдым ғой, шала жансар, шала пұла, шала шеткей қосыла салғандар атыла салып жазып Көркемге тиісетіні. Бұнда ондайлар бар тиісе салатындар Әдемі ))). Әншейінде жазған постыңды, айтқан әңгімеңе пікірін жазбайды отыра беріп, бұндайда қыстырылатыны қызық ))) Көркемге нәезд қып )). Жай қалжыңым Әдемі ))
qyrmyzy
Оебоооооййй, не деген жанашыр аға едіңіз?! Аға болған түріңді! Жаңадан келген қолданушыларды құшақ жая қарсы алудың орнына нәезд © жасап жатқандарыңыз не? Байғұстың пікір жазғанын көтере алмай қалдыңыздар ма? Ұят-ай!
m170785
Қырмызы ау жаңадан келіп отырған осы жерге нәезд жасап отқан жоқ па. Мен нәезд жасап отқан жооооқпын ))) Әдемі кіріп келген Әдемі деген Әдемі қолданушыға
qyrmyzy
иә, сіздікі дұрыс! Баяғыдан жүрген Көркем өзің қорғай алатынын ескерсеңіз!
Korkem
ох, ағатайым менің )))
balgalym
Сен ештеңе бүлдірген жоқсың, пікіріңе рахмет, ал, Korkem-нің қыстырылмайтын жері жоқ, осындағы гүл өсірген махаббати шатармандарың болмаса Korkem-ді шошаңдап қалған қыз деушем.
Korkem, айналдырған 10 шақты адам ғана пікір жазад, қайта көбейсін пікір жазушылар.
Korkem
ох, жағып бара жатыр. Ойыңды ашық жазғаның ұнап тұр. Тағы, тағы да…
Ademi
Мен үшін ұрспай-ақ қойыңыздар. Жарайды, қыстырылыспаймын енді пікір жазбаймын!
Korkem
пікір жазбаймын!
муахахах 10 адамың 9-ға кеміді balgalym у іш енді )))
Korkem
aaargh…
уа, Құдайдың құлдары! Мен қазақ едім, мынау не сөз?
balgalym
:))) баяғыда, сегада миссияның боссын өлтірсең осындай жазу шығатын ед, "өлдім ааах..." деген.
Korkem
тәйт, өлгені несі!
Korkem
Korkem-ді шошаңдап қалған қыз деушем.
мынау ұнап қалды))
balgalym
менің ойым саған жеткеніне қуаныштымын не дейін :))
Korkem
құттықта да енД )))
AKA
шошаңдап қалған қыз
Мынаған мәзсіз бе? Мұндайды естігенше…
Korkem
ұялған тек тұрмас…
Jako
Korkem
Jako
«Балалық-ай»-деп жымиып тұр ғой.
balgalym
өзіңіз тәжрибеңізбен бөліссеңіз қызық болар еді :)
Jako
Бізге қайда…
Ademi
Қыз ақылды болады — болғысы келсе,
Шыдамды болады — қолынан келсе,
Сұлу болады — уақыт берсе,
Адал жар болады — жары сүйсе ...
©
AKA
«Бәрің адам жанының маманы боп алыпсыңдар байқап отырсам» ©
Ademi
мынаны қарап шығыңыздаршы
AL-ASTER
керек керек керек

Шынымен, мұнда жасы кіші қолданушылар бар, айналамызға деген сыйластық болсын. Бұл жеке өмірге қатысты мәселе. Демек, жеке мәселесін әркім өзі шешеді, қажет болса өзі ізденеді, оған бола «ақыл» айтып керек емес дегеннен басқа айтар жоқ.
pari
Иә, түснікті ғой әмір жүрмейтіні
Иә, түсінікті ғой жүрекке әмір жүрмейтіні болар мүмкін
balgalym
pari, жүрек туралы екенін қалай біліп қойдың? :)
qyrmyzy
Сандырақтамаңдаршы! Махаббат та, сезім де, сүю, анау-пынау САНДЫРАҚ! Ақылға жүгініңдер!
Jako
Әй, Азамат!
qyrmyzy
Ел шулап, минустап, пікірлеп тастай ма деп отырмын негізі
balgalym
робот шығарсың онда?
qyrmyzy
Бұл сіздердің жігіттердің еңбегінің жемісі!
balgalym
:) мен не қылдым саған қалқам-ау? холивар! басталып кетпесінші әйтеуір
qyrmyzy
Қорқватсың ба? Сен десем, ренжіп қамайсың ба?
balgalym
ия, неге қорқыта бересің мені? ренжітпеші деп жылап қоя берсем я? :))
qyrmyzy
бұққақақақақақ десем ше?
balgalym
бақаға ұқсап кетпейсіңбе? :))
pari
әйт флудтамаңдарсссссссс
pari
флудтамаңдарсссссссс!
qyrmyzy
қой деймін бала!
pari
флудтамааааааааа
qyrmyzy
жыныма тиме, Сағыныш!
pari
ойбуууу мен не дедім,, апатай мен осы пікір жазсам қыстрыылп келіп маған түйісесіз мұныңыз қай сасқаныңыз?
qyrmyzy
Қыстырылысатын мына СЕН! Барлық пікірлеріңді қарап шық, қыстырыласың да жүресің! Ұрсам енді! пікір жазу деген әр пікірге пікір жазу емес қой!!!
balgalym
pari, саған топ троль атағын беру керек ау :)
pari
араласпаңызссс:)))
zhano_almuhambet
Иә! Иә! Келісем! Так точно! В точку!
artishok12
Иә, махаббат тек күресуден тұрады. Біз мысалы ата-ана, бауырларымызбен ренжіскенде, басқа ата-ана, бауыр іздеп кетпейміз ғой. сол сияқты, болашақ жарың да ешқашан бас тартпайтындай етіп таңдалу керек
geofizik_001
Сондықтан, егер арада махаббат болса, оны сезсең, махаббат үшін тоқтамай күресу керек! Түнде ұйықтамай одан смс күту керек СМС күтпеу керек, жазу керек, телефон соғу керек)) Күресу керек дей отырып күткенің не??
Соңғы өңделген уақыты:
Jako
үйленіп, балалы шағалы жанұялық өмірде нағыз махаббат шыңдалад. 

Далбаса, ол кезде махаббат деген ұғымды,міндет деген одан да жоғарғы ұғым алмастырыды, ал ол ұғымға ауыса алмағандар нағыз бақытсыздыққа душар болады.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.