Махаббат майданындағы сыр шертетін жолдар..

Таусылмайтын махаббат /


Сәлем, Айтаберлік достар! Бүгін сіздерге ұялы телефондағы заметки тетігінде сақталған қысқа жазбаларымды ұсынбақпын. Жаңа өмір бастау үшін, өткен күндерді біржола ұмытқым келген. Көңілім құлазыған сәттерде ойларымды жазып, бір жеңілдеп алатыным бар еді…
Ол былай басталады:
Сен мені түсінбейсің,
мен сені түсінбеймін.
Мен егер де мұз болсам,
су ғып неге ерітпейсің.
Мені сүймейсің,
Сезімді сезбейсің,
Олай болса сен маған
ҚАЖЕТ емессің…

Сені көрмеймін,
Жаным демеймін.
Мені сағынсаң,
Көруге келмеймін.
Сезім өшті. Жалын өтті,
Сонымен бұл хикая да бітті.

Сағыныштан тұрады екен бар әлем,
Бәрі-бәрі махабаттан нәр алған.
Сүю деген- бір арман,
Бәрі -бәрі сағыныштан жаралған.

Сағынам енді біреуді,
Өзім сүйген "әлемді".
Жалындап жүрек,
Аузыма тірелді.
Сүйгенім болса бәрі де
Тек сен деп біледі.

Өмірдің биік шыңына,
Шығу болсын арманың,
Қателессең егерде
Жасып әсте қалмағын.
Армандашы, арманда тек арманда
Армандаудан ешкім қате баспаған…

Мен енді өзгерем,
Көңілде күз дегем,
Арманым, асылым
Тек сені іздегем.

Жарығым, бүгін сені ойладым,
Жалғызым деп айта бердім қоймадым.
Сен ше, ойладыңба, сенбеймін.
Сенімсіз болсам да қоймадым.

Менің жаным бір ізгілік күтеді,
Күн артынан күн де жылжып өтеді.
Аңғармасаң, байқамасаң шын бақыт,
Бір күндері айналып өтіп кетеді…

Армандашы жарығым, армандашы…
Бір күндері өзің сезбей қалғанда
Асыл арман орындалса… Таңданбашы…

Ендігі кезекте үздік сырлар дейінбе… Белгісіз жанға деген сезімдерім сөйлесін…
Сізге деген сағынышты басып, уақытқа бағынып, армандарымды шыңдап күндерім зулап өтіп жатыр. Менің асыл армандарымның куәсі сіз болыңызшы… (Бұл енді ояна бастаған сезім болатын..)

Сіздің кішкене ғана жүрегіңіз әрқашан да мен деп соқсыншы. Тіпті бірге бола алмасақ та мен сізді ұмытпаймын. Менің жан жүрегім болып қала бересіз…

Сіздің де амалыңыз жоқ екендігін терең түсінем, дұрыс бағытқа түсу үшін осылай жасағаныңызды да білемін. Бірақ, бірақ… Әттең, бір қызғаныш жаныма маза бермейді.

Сізбен тағдырымыз бір болмаса да, тіпті бірге бола алмасақ та, балалығымды "ұрлап", ересек өмірге кішкене болса да қадам жасатқаныңыз үшін ренжімеймін. Қайта ең қызықты сәттер болғанын күлімдеп еске аламын…

Сіз мені ренжітпейсіз, білемін. Бірақ мен сізге қатысты ренжеймін. Өзімше тулап, ашуға булығып, көңілім қалып жүргені- тек қызғаныштан. Сонда кімнен қызғанам, түсінбедім?!!!

Мен сізге енді оралмаймын…

Күтемін сізден бір хабар болса екен деп,
Бір телефон қоңырауын шалса екен деп.
бірақ үміт өлтірді мына мені
Сізге деген сағңыныш болса екен деп…

Қандай жағдай болса да, жүректегі нәзік сезім жеңіп кететінін түсіндім… Сізді жанымдай жақсы көремін…

Мені шыдамды болуға, күте білуге үйретіп, уақыттың еншісі шексіз екендігін түсіндіре білгеніңіз үшін мен сізді аялап өтем…

Жазылмаса бірге болу жүрек отын неге жақтың?!!! (Бұл бір әуеннің жолдары болатын, есіме еріксіз келген соң сақтап қойыппын.)

Арамыз алыста, жүрегіміз байлаулы. сезім тұңғиығына батып, сағыныш өзегіне өртеніп шыдатпады… (Өзге қалаға жарысқа кетіп, біраз күн болып қайттым, сонда алыстаудың не екендігін терең түсінген болуым керек..)

сезімнің сыңғыры мен жүректің дүрсілі қатар естілсе, жанымды қоярға жер таппай қиналатыным, сағыныштың ащы дәмі кернегенде сені іздеп ойлайтыным… Бәрі сізді сүйгендіктен…

Сезіміңді қайтейін, сағынышты баспасаң…
Жүрегіңді қайтейін, бірге бола алмасаң.
Сүйгенімді қайтейін, бір амалын таппасаң…
Өзгенің сөзін қайтейін, сенікіне жетпесе.
Сезімдерін қайтейін, бір сөзіңе жетпесе…

Ендігі жолдарым бұл сезімнің мәні жоқ екендігін, ол адамға деген сезімдерімді тыйып, ұмыту керек екендігіміді түсінгендегі күйіме арналады.

Елес болған сәттердің құрметі үшін сені ойлаймын. Ойлаймын да жүрегімнің «көз жасын» тыйып аламын. Себебі мен үшін өткен күн енді жоқ, тек болашақ қана бар.

менің армандарыма қарсы тұратындай, сенің қаншалықты күшің мықты өзі?!!! (Кей сәттері сол жан үшін бүкіл арманымнан бас тартқым да келген сәттер болған.)

Жүрегім тулап, қоярға жер таппай мен тулап жатқанда… Қызық, сен қандай күйдесің?

Өмірімнен біржола ЖОҚ болшы…

Асықпа, қиналған сәттерім үшін жауап беретін боласың…

Сыйласайық, сыйлайтының рас болса… Сүймей тұрып сүйемін деу- қылмыс қой. (Сүйікті өлең жолы болатын, авторын білмейді екем.)

Жүрегім! Жыламашы, уақыт бәріне де емші… Бұл таңдауым- болашығм үшін екенін сезесің ғой. сезімді ақылға жеңдіре білуім керек. Мені түсінші… ,- деп аяқталады. иә, бұл жолдың да түрін көрдік. Жүректегі сезімдерімді тереңге көміп тастамақпын..Қолдан келсе дейін да…

46 пікір

balgalym
негізі осындай қиын сәттерде жазған дұрыс, өз басым сөйтем, жеңілдеп қалғандай болам. ал жазғандарың әдемі, ұнады, саған +
MSHERIMBEK
Асықпа, қиналған сәттерім үшін жауап беретін боласың…
Құдай-ау, неткен ыза, неткен кек:))
Erzhan
Сірә, бала ақымақ болса керек… Кек?;)
Өмірімнен біржола ЖОҚ болшы…
накаутқа жіберетін сөз екен:)
AKA
Сезімді құрметтеймін! Бірақ…
AKA
Микроблогқа жазатын статустар екен.
balgalym
Айтабер де сол миркоблогпен блогтын ортасында гой
qyrmyzy
ондай қорытынды шығаруға не түрткі болды?
balgalym
бірақ сапалы контент аз
AKA
Жазғаннан кейін ұқсастық пен айырмашылықтарын келтіру керек. Болмаса бос сөздің қажеті жоқ.
qyrmyzy
Өмірімнен біржола ЖОҚ болшы…
о, ноу, неееееееееет! Онымен өмір сәнді, күндерім мәнді!
89-90
Бірде ренжисіз, бірде кектенесіз, бірде тіпті кездескеніңе қуанасың, бірде өкінесіз, кейде тіпті қызғанышыта бар, бітпейтін бір түсініксіз сезімдер ...
осының барі өмірдің бір қызықтыда қайталанбас бір тамаша сәті ғана сияқты, уақытында болады да кейн жай ғана естелік болады... Бұның өзі де бір сабақ шығар, қасында жүрген ең жақын адамды уақытында бағалай біл деген…
Korkem
ох, күдік, күдік сіз кімсіз?
qyrmyzy
89-90 мырза/ханым деп қойшиш
89-90
мырза емес, ханым деуге болады енди… Ужыыыс, Айтаберліктер айқайма деп ойлап жатрмын... енді жазуға қорқып тұрғаным…
qyrmyzy
Енді мынадай никті алғаш көруім. Профиліңізге барып келдім. Онда ештене жазылмаған. Суретіңіз де жоқ! Енді не ойлайын? Сосын әрбір пікірге осылай таң қалумен қарасаңыз, жақын арада реанимациядан шығатыныңызды ескертемін.
89-90
хахаахах, жаман айтпаңыз қайдағы реанимация, әркім өзі білмейме, қалай тіркелседе, өз еркі емеспе, алде осылай тіркелгендерге осылай ескерту жасау сіздің міндетінізбе? Қызық екен, тіптен… Мүмкін мен барін өзім құпия ұстағым келген болар… Олай етуге болмайма? Онда болмаса айтаберге тіркелер кезде алдынала жазып қайың болмайды олай деп…
qyrmyzy
Анониміңдіііііііііііссссссссссс
89-90
бұл тағы қандай өнеріңіз... түсінбедім…
89-90
Жанадан тіркелген қолданушымын...күдік, күдік неге күдік қорқыттынғғоооо…
qyrmyzy
о, май гад! не деген ник мынау???
89-90
онда тұрған не бар...
qyrmyzy
Осындайларды оқып: САНДЫРАҚТАМАҢДАРШЫ дегім келеді ше! Неге ашық сөйлеспеске? Неге бетке айтпасқа? Шындықты мойындауға не кедергі? Мыжыыыып жүргенше?!
89-90
Сандырақтағаны несі Қырмызы… Нені бетке айту керек, Мен жайғана осындай сезім барлық адаммда болатынын кейн жай ғана естеліктей болатынын айтқам… Онесі жазбай жатып бари маған тиіскен жақсы… ууужыыыс…
qyrmyzy
Ол менің пікірім екенін ескерткім келеді! Және пікірімді қайтадын, дұрыстап оқысаңыз екен. Ешкімнің шашбауын көтергем жоқ.
89-90
10 қайтара оқысамда, өз пікіріңіз болсада, мағанда айтылғандай боп тұрғооо,Қырмызы…
qyrmyzy
Түсінбегеніңізге кінәлі емеспін
89-90
менде жай,өзімнің пікірімді айтқам, ренжімеңіз… Сізді ренжіту ойымда болған емес...
qyrmyzy
очм, менен 2метр ары жүріңізші, өтінем!
89-90
жарайды, солай-ақ болсын,Қырмызы.
qyrmyzy
Тұра тұрыңыз, мен сіздің пікіріңізге жауап жазбаған сияқты едім. Постқа қалдырған пікірім. Сондықтан поштама тыныштық беріңізші!!!
89-90
қалауыңыз білсін… менде қатты қалап тұрғам жооқ жазуғаа.
pari
Мені сүймейсің,
Сезімді сезбейсің,
Олай болса сен маған
ҚАЖЕТ емессің…

Сені көрмеймін,
Жаным демеймін.
Мені сағынсаң,
Көруге келмеймін.
Сезім өшті. Жалын өтті,
Сонымен бұл хикая да бітті.

Не деген қаталдық:)...!
Ademi
махаббат — бітпейтін әңгіме!
Jako
Админ мырзалар,қолданушыларға арнап бір тәртіп қоймасаңдар болмайды-ау, сайтта оқитын пост қалмай барады,өңшнң бәлдір-батпақ, шала махаббат.
pari
аййй Жако аға-айй...
kaldowka
Кешіріп қойыңыз, осы бөлім махаббат машақаты, махаббат хикаяларына арналған екен. Сондықтан жазғанмын, ол үшін қандай тәртіп қоймақсыз? Әлде менің осы ғана постым Айтабердің сәнін бұзама, тіпті қададылп алғандай маған. Назыңызды басқаша жеткізсеңіз екен, сіз секілді ақылды емес қой жұрттың бәрі.
Jako
Кешір мен сенің постың жайлы ештеңе деген жоқпын, алдымдағы адамдардың пікіріне жазғанмын.Сенің постыңды оқыған жоқпын,қалай пікір жазбақпын.Админге арналып тұрғой пікір, жоқ әлде сен де админдердің бірі ма едің?
pari
Жако ағай, сайтымыздың басым көпшілігілі мектеп оқушылары, жастар.Сондықтан жастар дегесін-ақ махаббатың лебі сезіледіғой.Жалындаған жастық,өңшең махаббат құрғыры жастарды назарына ұстары белгілі.Бір кездері сізде жас болдыңыз.Махаббатта болды сіздее.Жақсы көрдіңіз,ұнаттыңыз.
Сондықтан жастарымыздың мұндай махаббат туралы жасбасына түсіністікпен қарауңызды сұраймын.Өйткені жас бар жерде махаббаттың қатар жүрері белгілі:)))---Рахмееет---
Jako
Болды, болды, жеңілдім, Азамат!
Korkem
Мынаны кейін оқимын деп, міне, бүгін оқыдым. Қызық, мынаны сіз оған емес, ол сізге жазу керек болатын. Қызық, тіпті қызық…
ARAY
Жазылмаса бірге болу жүрек отын неге жақтың?!!! (Бұл бір әуеннің жолдары болатын, есіме еріксіз келген соң сақтап қойыппын.)
Қандай әуеннің жолдары екенін айта аласызба?
m170785
сәәәәәәлем бердік бәріне
Bagashar
mahabbat degendu koiyp, aitaberdin tanymdyk blogtugyr ekenin daleldaitin kez kelgen jok pa, dostar?
Bagashar
mahabbat degendi koiyp, tanymdyk narselermen aitaberdin tanymdyk tugyr ekenin daleldeitin kez kelgen jokj pa, osy?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.