Перизат сұлу періште сен ғана-Жайлаубай Қазиев

Таусылмайтын махаббат /
Нұрланып тұрсың даланың алау гүліндей.
Ерке күлкің де бұлақтың сыңғыр үніндей.
Есейдім дейсің жас сұлу сенің бейнеңнен
Жиырмалар деген тұрғанда тіпті білінбей.

Секілді жаның сәуірдің сылқым ақ таны,
Көктем мінезің ұстатар шабыт арқаны.
Күлімдеп тұрып қарайсың келіп айнаға.
Мойныңа тағып әдемі алтын алқаны.

Ғашықпын саған, ғашықпын жүрек сезіммен.
Кеудеме қонған ақ махаббаттың көзімен.
Сен болмай қалсаң межелі күткен сәтімде.
Айырылып қалам әп сәтте барлық төзімнен.

Сағынтқан әр кез сезімнің іңкәр аңсары.
Өзіңсіз көңіл қашанда болсын әр сәрі
Перизат сұлу періште мүсін сен ғана
Жанарың тұнған он сегіздердің кәусары.

10 пікір

pari
Ақындардың әндерін сала бермейік, нағыз өзіміздің жүректен шыққан жыр шумақтарды салсаңыз нұр үстіне нұұр болар едіі…
m170785
ӘӘЙ минустап сонша не болды)))
pari
сіз поэзияға ақындардың өлеңдерін сала бермеңіз, тек жүректен шыққан өзіңіздің жыр шумақтарыңыздың салуыңызды сұраймын… махаббат туралы әндер онсызда сайтта жеетерліік, артық кетсем кешріңіз, иә мен минустаған өтйкені жазба ұнамады, тағы да кешірм сұраймын...!
Korkem
Жоға, Пари, оның не? Сала берсін! Біз оқымаған қаншама дүние бар, ақын бар десеңші. Соны паш етіп жүрген Мақсатқа рахмет!
User
иә мен минустаған

Оңдырмапсың ғүӘ
m170785
бар 5ой6 со5ан бола минустай ма
pana
айтабер өлең оқитын жалғыз ресурсым сияқты, жазып тұрыңыз ақындарды, зияны жоқ, әрі «ақындардың» шығармашылық өсуіне түрткі болып қалар))
Jako
Менімше басқа ақынның өлеңін салғанда тұрған еш жамандық жоқ,өзіне ұнаған өлеңмен бөліскен, басқалардың ол туралы пікірін білу жаман қасиет емес. Өзім мысалы Жайлаубай Қазиев деген ақынның бар екенін білмейтін едім, енді білдім,өлеңі ұнады,әсіресе:
Секілді жаның сәуірдің сылқым ақ таны,
осы сияқты теңеулері.
m170785
Осы Коркем, Қырмызы, Сая, Ака, Жакомыз болмаса, Паридың түсінетін түрі жоқ. Әсіресе Көркемжан мен Қырмызы қарындастарыма түсінгенін айтсаңыздарш. Емешегің үзілердей не болды Пари ау ))), жарайды оғанда көндік )))))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.