Қара бұрым

Таусылмайтын махаббат /
Қызықтаған жігіттей дала гүлін,
Отырмын мен өзіңе қара ұрын.
Тау басынан құлаған ерке өзендей
Ойнақтайды арқаңда қара бұрым…

Сағындырып, аяулым, жас күнімді,
Шомылдыршы шашыңа, шаш бұрымды!
Қуанамын күн сайын көз жасы емес,
Қара жаңбыр жуғанда жастығымды!

Сенен өзге аруды мен білмеймін,
Өмірге де сен үшін келдім деймін!
Қара бұрым ол сенің сұлулығын,
Сұлулыққа қалайша телмірмеймін?!

11 пікір

followme_alik
Таныс Қыздар қара бұрымды. демек....) _Жақсы
qyrmyzy
Бұрымды қыздар аз, өте аз©
qyrmyzy
шашымды өсіремін ғой деймін…
qyrmyzy
аузыңызға май ©, магистрға енді тапсырамын, бұйыртса. Өсіріп көрейін, сосын қалай болатынын көрерсіз:)
m170785
қара бұрымды Қырмызы боласыз
m170785
Қара бұрымдар сиреп кетті ғой арасы, көбейсе бұрымдар жақсы болар еді
qyrmyzy
Примерно, жеңгеміз бұрымды, қыздарыңыз да бұрымды, ИНШ!
m170785
Аузыңызға май, астыңызға тай
qyrmyzy
Жақсы сөз — жарым ырыс ©
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.