Махаббат бер-құдайым махаббат бер!!!

Таусылмайтын махаббат /
Бұл ұзақ өлеңді осы жерін, оқығанды жақсы көрем сіздер де оқыңыздар!!!

Жалауын көтерейін, құлап қалса,
Жүрегін жұбатайын, жылап қалса.
Махаббат бер, о, Тәңір, махаббат бер,
Жұп қылып жаратқаның рас болса.

Шұғыласын жаныма жаяды айым,
Шаттанайын, шалқиын, оянайын.
Махаббат бер, шынайы махаббат бер,
Шаң түсірмей көзіне аялайын.

Жалғыз қылып жетеді мезі еткенің,
Жалғыздықтан жамалды өзекке мұң.
Жалғыз болсаң, өзің бол, Жаратқаным,
Жалғыздығым жайлы тек сөз етпегін.

Жүрегіме аққудың арманын бер,
Жұбымды қос жаныма жан жарым дер.
Алаулайын, талқан боп талай қайғым,
Бақытымның содан соң жанғанан көр.

Ізгіліктен елжіреп ңұр қабағы,
Үмітімнің жәудіреп тұр жанары.
Махаббат бер, Тәңірім, махаббат бер,
Сонда мынау өмір де шын болады.

Кітаптан алынған үзінді)))

3 пікір

qyrmyzy
көөөөп махаббат берші, Алла, айтаберліктерге!
Korkem
енді көрдім
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.