Сенің бақытты болғаның - менің жүрегімнің шынайы қалауы...

Таусылмайтын махаббат /
Сүйемін тек өзіңді жан-тәніммен,
Айырмашы деп сұраймын тәңірімнен.
Көзім соқыр, көрмеймін мен басқаны,
Сезбеймін сенен өзге жан барын мен.

Шын сүйемін, бұл сезім алдамшы емес,
Көзімнен күні бойы бейнең кетпес.
Ал түнде періште боп түске енесің,
Жалғандағы бар адам саған жетпес.

Шаршамаймын «сүйемін» деп қайталаудан,
Махаббат жүрегімнен орын алған.
Кездестім сол бір жылдың күз айында,
Өмірімде басталды тәтті арман.

Сезіміңді білдіргенде, жүрегімде,
Бір қуаныш толқыды көңілімде.
Алайда бір кедергі қарсы тұрды,
Сонда да ерік бердім мен сезімге…

Сезімімді жеңбедім, ұтылмадым,
Мен тіпті жеңуге де ұмтылмадым.
Себебі шексіз сүйем бір өзіңді,
Сол себепті сезімнен құтылмадым.

Жанымсың, жалғызымсың, жүрегімсің,
Қалай сені сүйгенімді білемісің?!
Қайтемін сезім өршіп, жүрек күйді,
«Сүйем» деген сөзі бар, тіренішім.

2 жыл өткен соң:

Сен менен жырақтасаң қиналамын,
Сөздеріңді есіме жиі аламын.
Мен сені ессіз, шексіз сүйгендіктен,
ТЕк сен үшін, сен бақытты болу үшін,
Мен сені мәңгілікке қия аламын...Kешір, жаным..'(

14 пікір

behappy
Салем… анг буквамен жазганым ушин баринизден кеширим сураймын.тез басылуга ынгайлы болгандыктан осылай бастым.ренжименздер.Содан сон оленнини коп болигин баспай калдым, себеби бул туынды 2 жыл бурын журегимнен шыккан еди.казир кей жерин жазбауды жон кордим… баринизге улкен рахмет…
Zhanat
жазуға ниеттенген екенсің, қазақша әріптермен жазбадың ба ерінбей, сонда бізде ежіктемей оқыр едік қой
behappy
субханАЛЛАХ урыска жаксы екенинизди биринши жауабыныздан байкадым… АЛЛАХ сабыр берсин… маган ынгайы осы болды ол ушин кеширим сурадым… анг букваны ежиктеп окыйтын болсаныз окымай-ак койганыныз дурыс болар еди гой…
Ais_97
Керемет өлең,ұйқасы да мәнді, жалпы ақындық қабілетіңіз байқалды жарайсыз, тек қазақша жазбас па екенсіз?!
behappy
Коп рахмет… жалпы акын емеспин… кейде журек туртип кететини болмаса… осылай онай болды… тагы да кеширим сураймын… келеси жазбаны казакша жазуга тырысамын инщАЛЛАХ…
Ais_97
оқасы жоқ, түсінемін!
behappy
коп рахмет…
AKA
Шедевр екен, иә?
behappy
сиз кимге… АЛЛАХ разы болсын… мен бул оленимди сизди кулдирту ушин жазбадым…
aisulu_97
Білмедім типі солай!
qyrmyzy
Бихаппи, қара сөзбен жазшы, не болды? Не болған? Қазір қалай?
behappy
мен кара созбен жазып жатырмын гой и так)) ренжеменздер дал осы мезетте бул ангиме туралы айтпай-ак койсам деп едим…
Автор, мақала соңына пікір қалдыруға тыйым салды!