Қайдасың?...

Таусылмайтын махаббат /
Қайдасың қайда қарағым,
Тұп тұнық ойлы жанарың.
Көргенде алғаш өзіңді,
Ұялмай маған қарадың.Ұйқысыз күтіп тансәрін,
Тағы да сені аңсаймын.
Жаныма дауа берсеңші,
Мен сонша сенсіз шаршаймын.
Ойлаймын өзіңді тағы да,
Күн түн демей сағына.
Махаббат гүлін ексеңші
Өмірімнің сен бағына.
Қайдасың өзің ғашығым,
Көруге әр күн асықтым.
Өзің деп ғана сенемін
Басыма қонар бақытым.

3 пікір

AKA
Әлсіз, ұнамады.
Jako
Жақсы, бұл жерде Мақсат додаға (конкурс) арнап емес, шай ішіп отырып қызға өз өтініш, сезімін қарапайым адами тілмен жеткізіп отырған сияқты. Негізі бұлайша өткен ғасырдың 80-90 шы жылдарының жастары жазушы еді.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.