Жайлаубай Қазиев-Көргенде көптен кейін өзіңді

Таусылмайтын махаббат /
Көргенде мен өзіңді көптен кейін,
Жаныма шуақ құйсаң көктем деймін.
Сен ғана мағани ыстық көрінесің,
Еске алсам жыр нөсерін төккендеймін.

Тағдырдың тәлкегіне жараланып,
Өмірден жүрдім кейде дараланып.
Сен болып сезім шіркін құшақтаса,
Жанымның кең жайлаудай болары анық.

Қиялды, мұңға толар шақтарым бар,
Адаммын қызу қанды ақтарылар.
Мен емес махаббатқа жат қарайтын
Бар шыным өзім жазған хаттағылар.

Япыр ау, барады ғой жанып ішім,
Тарқайды қалай менің сағынышым.
Мойныңды бері бұршы тым болмаса,
Өзің деп салған арман әнім үшін.

1 пікір

qyrmyzy
неткен махаббат… шіркіннің…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.