Айтшы Жүрек...

Таусылмайтын махаббат /
Айтшы жүрек
Жұлдыздаймын құлап түскен аспаннан,
Асау жүрек тулап жатыр тасталқан,
Не боп кетті?
Құлдырап тұр айналам,
Күрсінемін, күңіренем,
Қиналам.

Уа, жүрегім, жалғыз сенсің серігім,
Досым да сен, сырға сенсің берігім.
Неге маған бағынбайсың тулайсың?
Өткен күннің бәрін шарлап қулайсың,
Бақытты деп сол сәттердің бәрінде,
Соның үшін «көнші» деп тұрғандайсың.

Көне алмаймын, көнгім менің келмейді,
Ыза мен кек өн бойымды кернейді.
Бұлқынамын, жұлқынамын не шара
Асау жүрек, саған әлім келмейді.

Не боп кетті?
Не боп кетті айналам?
Бас қатырып ойланамын, ойланам.
Опасыздық, әділетсіздік жайлаған
Не боп кетті мына менің айналам?

Ойланамын, несіне мен ойланам?
Бұлқынады асау жүрек
Кеудеме менің сыймаған.
Қайда менің сол күндерім
Бақытты сәт сыйлаған?
Өзге түгел өзіме де қимаған
Асылым-ау, неге алдадың сен мені?
Тәтті өмір, тәтті сезім сыйлаған.

Сеніп едім мен өзіңе әкемдей,
Ай-жұлдызды өтсең дағы әпермей
Маған асқан байлықтың жоқ бағасы,
Керегі жоқ тюльпаны да розасы,
Қасымда болш, өтінемін ботасы.

Итермеші, кеудемнен сен итерме,
Әлде өмірім өкінумен өтер ме?
Айтшы жүрек мен таңдаған тайғақ жол,
Небір сынан сүрінбей-ақ өтер ме?

3 пікір

Ais_97
Махаббатпен жалындасың өмірің,
Көңіліңе кірпік түспей ешқашан.

Айтшы жүрек жақсы өлең!
didi0393
рахмет жанымммм))
gulmyra
Сеніп едім мен өзіңе әкемдей,
Ай-жұлдызды өтсең дағы әпермей
Маған асқан байлықтың жоқ бағасы,
Керегі жоқ тюльпаны да розасы,
Қасымда болш, өтінемін ботасы.

КУШТИИИИИИИИ, мааааа, керемет екен осы жолдарын, аййййй, жигиттер-ай, кайдан билсин....!!!!!)))))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.