Агенттегі махаббат

Таусылмайтын махаббат /
Агенттегі махаббат

Көрмедім агенттің жемісін,
Қалайша сені енді сендірсем?
Мен кіріп отырам сен үшін,
Сен шығып кетесің мен кірсем.

Жүректің көзінен жас тамып,
Еш нәрсе айтпастан тынады – ай.
Сөзіміз «Сәлемнен!» басталып,
Жалғаспай қалады, бұ қалай?

Жанымның қалауы сен еді,
Арамыз дос емес қастай шын,
Көп жазбайм, қорқамын, себебі,
Тізімнен өшіріп тастайсың.

Ақтарғым келеді – ақ сырымды,
Көңілім жабырқау, санам – күз.
Өзіңе арналған жырымды.
Блогқа жазамын амалсыз.

Тырысам дертіңе төзбек боп,
Өртейтін жалынмен оттайсың.
Басқалар мақтайды «Сөз жоқ!», — деп,
Сен, бірақ, ешнәрсе айтпайсың.

Әйтеуір сол сезім өшпесін,
Байлады – ау өзіңе бір Құдай.
Статус мен емес басқа есім.
Қызғанып кетемін сұмдық – ай.

Сүйгенім шығыр – ау бар кінәм,
Ойлаймын, тізімнен өшірем.
Өкпелеп аламын, артынан,
Мен сені бәрі бір кешірем.

… Кетпесім анық қой баз кешіп,
Қызықсыз болғанмен тірлігім.
Сен жоқсың. Агентім қалды өшіп,
Таусылып қалыпты бірлігім…
Авторы: Жасұлан Серік


……888888888888
.8888888..88888888888
88888……888888888888888
8888…….888888888888888888
8……..888888888888888888888
8…….8888888888888888888888
8…….8888888888888888888888
88…...888888888888888888888
888…….8888888888888888888…………88888888888
88888……8888888888888888……….88888888888888888
888888…88888888888888…….888888888888888888888
…88888888888888888888.888888888888888888888888
……8888888888888888888888888888888888888888888
….88888888888888888888888888888888888888888888
……………888888888888888888888888888888888888888
……………….88888888888888888888888888888888888
………………….88888888888888888888888888888888
………………………888888888888888888888888888
…………………………..888888888888888888888
………………………………8888888888888888
………………………………..888888888888
…………………………………88888888
…………………………………..88888
………………………………….888
…………………………...….88

8 пікір

Kan
Жарайсын жаман емес жақсы. казир бәрі агентен ғашықболтын шығар. бұлда болса заңа заман жаңалығы. сен соны таба да, айтада білдің
Aiaru_94
Рахмет ия қазіргі жастардың махаббаты агенттен басталады ғой!
Karakulov
Auzi kyigen yrip iwedi demekwi,kerisinwe, agenttegi adamdarga mylde senbeitinderi de bar)
didi0393
" Конфетно-букетно" периодті отношение " Контактно-лайковый" отношениеге өтіп кеткен заманнннн! кейде агент, мир тағы сондай виртуальный нәрселерді ойлап тауып шығарған адамға жыным кеп кетеді!!! неге шығарды екен???? :))))пфффффффф
didi0393
енді сіздей мәртебелі жастағы аға апаларымыз үшін өтіп бара жатқанда шығар! нооо жастарға пока что өте алмай жатыр)
Ais_97
Тамаша өлең екен, жарайсың Айару!
AKA
Бұ кісінің онлайн шумақтары көп, мәләдес жігіт жалпы!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.