Махаббатты киномен шатастыратындар

Таусылмайтын махаббат /
Салем достар. Ақ парақтың бетіне өз ойымды түсірейін деген оймен жазып жатырмын! Өмір деген өзі өте қызық нәрсе, бірі болса, бірі болмайды. Қас қағым сәтте күтпеген тосын сыйларға куә боласын. Біреуіне төтеп бересің, ал біреуімен шамаң келгенше шайқасасың. Солардан сүрініп жатқандар қаншама. Терең ойдың түпкі тамырына шомылатын болсақ, менін айтпағым… Қазақ қыздарымен ұлдары туралы айтсам ба деймін. Иә, көбісі махаббатты кітаптан оқып шатастырса, біреулері киноға еліктейді. Шым шытырық оқиғалар оларға ұнайды. Шетел киноларын қарап: «Шіркін, мына сұлу қыздың орнында мен болсамғой»,-деп армандар жататындар да бар. Оған өзім куә болғам. Менің ойымша, адам жаны дүнеде еш нәрсемен теңестірілмес нәрсе. Махаббаттың азабынан өмірлерімен қоштасып жатқандар қаншама. Қалқам-ау махаббатты кино актерлерімен немесе интернет желісінде өз ойын жаза салған ақымақтардың пікірімен салыстыруға болама екен? Махаббат ол- сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, тек жүрегіңнің соққан соғысына қарап қана айтылатын нәрсе ғой…

21 пікір

Kan
Махаббатта әркімнің өз түсінігі бар. еш қашан өзгенің махаббатын өзгерте алмаймыз. Әрине өзгеге қызықтап, еліктегенде тұрған не бар. Тек жезөкшелікпен өлшембесе болғаны маххаббаттың сезімдері. Ал біреуге еліктеу ол адам баласының жаратылысы ғой. «интернет желісінде өз ойын жаза салған ақымақтардың пікірімен салыстыруға болма екен?» дегенің хайбат емес па? Өзгені осыншалық «ақымақ» деп айтқаның дұрыс емес. Әрине ең ұлы махаббат ол Аллаға деген махаббат
AKA
Еліктегенде тұрған ештеңе жоқ, уақытша нәрсе ғой ол. Шүкір, жастарымыз саналы, оңы мен солын таныған, ақ-қарасын ажырата білетін деңгейде.
MSHERIMBEK
Махаббаттың белгілі бір формасы болмасы хақ. Махаббат атаулыны сезінбегелі де біршама уақыт болды ау
kema
windows 7 katysy kansha?
MSHERIMBEK
муахахаха:) сіз де өртейсіз Кемеке:)
kema
Birat, negizi osy latynga koshken men gana)))))
qyrmyzy
Көпке топырақ шашпаңыз. Инетте махаббат жайлы жазбаларды роботтар жазбайды, мынау сияқты жүрегімен жазатындар жеткілікті. Мүмкін сіздің айналаңыздағылар сондай шығар…
Қалқам-ау махаббатты кино актерлерімен немесе интернет желісінде өз ойын жаза салған ақымақтардың пікірімен салыстыруға болама екен?
керек десеңіз, мен сізді сотқа бере алам, себебі мен де жаздым интернетке махаббатым жайлы! Келесіде ойланарсыз…
kema
ept, jandy jerinen ustadyn ((
qyrmyzy
Бүгін! Күтіңіз!
qyrmyzy
14 тамыз 2012 17:25те
«Тұншыққан сезім» жарияланды
didi0393
Всему свое время, свое место и свой срок годности. так что кызыкканда не тұр????? тек кыздар ғана кызыгады деп ойламаймын! жігіттердің арасында да осындай диагноздар баргой баааааааар))))))))((
MSHERIMBEK
Сіздің реализміңізге шапкамды шештім (цъ, андай емесиииXDDD) :)))
didi0393
шешкен жоксызгоййййййй:))) рахмет!
Jako
Маған saktauovaның жазғаны ұнады, себебі жастардың киноға еліктеушілігін, мен жақсы-жаман деген талғаусыз еліктеушілікті айтамын, көп байқаймын. Еліктеушілік деген сананың әлсіздігін, кісінің менінің төмендігін байқатады, сондықтан оған аса сақтықпен қараған жөн. Ал махаббат туралы келсек, махаббатта біреуге еліктеушілік өте кауіпті, жасандылыққа ұрындырады. Махаббат-деген әр жүректің өзінше жеке, дербес соғысы, лүпілі. Егер ол белгілі бір теорияға бағынса еркіндігінен айырылатын сияқты, сондықтан еш еліктеусіз өзі қалай келсе сол қалпында қалғаны дұрыс сияқты. Бұл жерде saktauova, кино, кітап дегендердің барлығы да көркем шығармалар, адам қиялының жемісі екендігін, оған алданбай өмірге реалды қөзқараспен қарау керектігін айтқысы келген болар деймін. Мүмкін өз басынан өткізген жағдайлар осы посты жазуға сеп болған шығар.
Сондықтан түсінуге тырысып бағайық.
saktauova
сау болш достым))
Zhanat
пікірді, жазбаны жазарды адам өз өміріне өзінің басынан өткен жағдайға байланысты жазады. меңіше автор кинодағы махаббатты өзі қиялдап келіп одан түк шықпаған соң осындай ойға келген болар. Махаббат бір-ақ адамның ықыласымен әрекетімен болмайды, екі тараптанда сезім болса сонда сол махаббатқа адамдардың қызығушылығы еліктеуі пайда болады.сол арқылы романтика туады,әдемі романтикалық кештер әдемі баянды махаббаттардың бастауы. басқалардан көрмесе не махаббаттарын көрсетпесе басқалар көрмесе, сөзбен айтып жеткізілмесе іспен жасап көрілмесе махаббат сөзі пайда болмас еді
ereke_enu
тағы да махаббат… бітпейтін жыр ғой бұл((((
eerkinuly
пікірді адам өз өміріне өзінің басынан өткен жағдайға байланысты жазады, дұрыс менің ойымша интернет желісінде болсын, шетел киноларында немесе кітаптан оқып білсін мейлі шыны керек осылардың бары керек, менің айтқым келгені жаксы жагынан, махаббатта қатыпқалған бір теория жоқ ол еркіндікті қалайтын, ойлагнын жүзеге асыратын құбылыс,
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.