Аяқталмаған Тағдыр

Таусылмайтын махаббат /
ТАҒДЫР
Арай мен Асхаттың кездескеніне 3-4айдың жүзі болып калды.Олар негізінен мектеп қабырғасынан, тіпті бала кезінен таныс.Мектеп қабырғасында жүргенде Асхаттың Арайға деген балалық сезімі бар болатын.Бірақ ол сезім тек мектеп қабырғасында қалды. Мектеп бітірген сон әрқайсысы өз жолымен кеткен болатын.Асхаттың сыныптастары жоғарғы оқу орындарына түсті.Арай да жоғары оқу орнының біріне түсті.Ал Асхат денсаулығына байланысты оқуға түсе алмай қалды.Әйтпегенде Асхат оқу озаты сыныптастарының арасындағы ақылды,үлгілі оқушы болатын.Мектепте болатын жарыстарға да белсене қатысатын.Асхат көп нарсені армандайтын.Асхаттың арманына жететіне ұстаздары да кәміл сенетін.Асхатқа көп сенім артатын.Бірақ өкінішке қарай Асхат мектеп бітіретін жылы жол апатына ұшырап келесі жылға қалды.Асхат қанша қиын күндерді өткізді арманымның барлығы бос қиялға айналды деп іштей өзін жегідей жейтін.Бірақ күндер зымырап өтіп өзінің жазылып келе жатқанын сезіп арманына қайта қанат біте бастады.Асхат біртіндеп ауруынан айығып келеді арада 1жыл да зымырап өте шықты.Дәрігерлер Асхатқа келешекте денсаулығына мұқият қарауға көзінің қатты зақымданғанын абайсызда қатты зат тисе көрмей қалатынын ескертті.Сөйтіп ата-анасы Асхатты қалаға оқуға аттандырды.Оқуға тапсырып жоғары оқу орнына сәтті түсіп кетті.Оқу үлгерімі өте жақсы түрлі жарыстарға қатысып оқу орнының мақтанышына айналды.Асхаттың достары аухатты әрі сабақ оқымайтын, барлығын ақшамен алатын, жатақханада жататын достарының бүкіл сабағын Асхат жазып беретін.Достары Асхатқа әр кеш сайын жүр қыдырамыз оқудан жалықпаймысың дейтін бірақ Асхаттың достары секілді көңіл көтеретін қалтасы көтермейтін әрі ондай қыдыруға зауқы да соқпайтын.Келесі күні кешкісін достары қолқалап қоймаған соң жарайды тек біржолға ғана деп кездесті.Бұлар қымбат көлікке мініп өздерінде оқитын Айгүлдің үйіне келді.Бұл үйде қыз-жігіттер өте көп Асхат жолдастарынан мұнда не болып жатқанын сұрайды Асхаттың жақын досы Азамат сонда бүгін Айгүлдің туылған күні, біз соны тойлауға келдік достым деп дастарханда тұрған шараптан қағып салады.Асхат жан-жағына қарап таңданып отырады.Бір уақытта жанына бір бикеш келіп жайғасады.Бұрын соңды қызбен танысып көрмеген ол не айтарын білмей атыңыз кім деп сұрайды, Асхат бұл қызды бір жерден көргенін есіне түсіре алмай әлек болады бикеш есімін Арай дегенде барып өзінің бала махабаты екенін біледі.Арайды ауылда жүргенде 1-2рет көргені бар.Ал енді бүгін ойда жоқта Айгүлдің туылған күнінде кездесіп отыр.Арай адам танымастай өзгерген.Бұрынғы Арайға мүлде ұқсамайды..Екеуі танысып білісіп бұрынғы мектеп қабырғасындағы жайттарды айтысып шер тарқасады.Екеуі бір-бірінің мекен жайын алып хабарласып тұруға уәделеседі.Арада 4-ай уақыт зымырап өтті. Асхат пен Арай қазір жігіт пен қыз болып кездесіп жүр.Жұптары жазылмастай.Асхатқа достары қызыға да қызғана да қарайды.Әсіресе соның ішінде жақын досы Азамат қызығатын.Соңғы уақытта тіптен Азамат қатты кететін болды.Мұнысын өзі де түсінбей жүр.Бұрынғыдай қыдыру жоқ.Түнде ұйқыдан күндіз күлкіден айрылды.Арай мен Азаматты көрсе өзін қоярға жер таппайтын.Сөйтіп ол өзінің Арайды ұнататынын түсінді.Азамат Арйды бір көргенде ақ ұнатқан болатынбірақ мән бермеген.Сөйтіп жүргенде жақын досының да Арайды жақсы көретінін біліп жол берген болатын.Бірақ қазір қайтадан Арайға ойы кетіп жүр.Арайдан басқаны ойламайды.Ал Асхат пен Арай бақытты.Азаматтың бүгінгі естіген жаңалығы басынан жай түскендей әсерде болды.Асхат жақын досына жақында Арайға үйленетінін айтты.Азамат мұны естіген сон тіптен есінен ауысуға шақ қалды.Азаматтың ойына неше түрлі жағымсыз ойлар да келді.Бірақ ол өз ойынан сескенді, бір қыз үшін жақын досымды қалай сатпақпын мен бірақ Арайды жақсы көремінғой деп өз ойына қайта-қайта қарсы шығумен болды.Азамат енді нақты бір шешім қабылдады.Уақыт өте аз келесі сенбіде Асхат үйленбекші соған дейін мен оны Арайға үйленбеуге көндіруім керек егерде ол келіспейтіндей болса кішкене қорқытамын деп ойлады.Күндер зымырап өте берді.Аптаның бейсенбісі де болып қалды.Тойға қызу дайындық болып жатты.Асхаттың үйіндегілер баламыз ер жетті келін әкелетін болды деп мәз-мейрам болып жүр.Азамат өзінің ойын жүзеге асыру үшін Асхатты ауылынан саған айтар маңызды әңгімем бар деп шақырып алды.Азамат Асхатқа келген соң былай деді «Асхат саған айтарым Арайдан бас тарт ол саған лайық емес.Басқа қыздар көп емеспе үйленбе оған, сенен өтініп сұраймын.Менің айтқанымды орындасаң дұрыс болады.Арай сен ойлағандай жақсы қыз емес онымен бақытты бола алмайсың»-, дейді, шынында Азамат Арайды жақсы көретін еді.Бірақ Асхат досының үйленейін деп отырған қалыңдығы туралы осылай айтқанына қатты ренжиді, бірақ оның айтқанын мүлде елемейді.Азамат мұның оңайлықпен Арайдан бас тартпайтынын біліп «жарайды достым өзің біл» деп ауылына қашан қайтатынын өзінің екінші жоспарын жасауға оңтайлы уақытты білмекші болды.Азамат Асхатқа сені аулыңа өзім шығарып саламын сен тек шығарыңда маған хабарлас деді.Азаматтың ойы Асхатты аулына кетер кезінде жігіттерді жіберіп қорқытпақшы еді.Уақыт өтіп кеш те болып қалды.Бір кезде Асхатта хабарласты.Азамат тұтқаны алып жарайды қазір барамын деп күте тұруын сұрады.Азамат өзінің шабармандарына хабарласып Асхаттың тұрған жерінің мекен жайын беріп жақындағанда өзіне хабарласуларын бұйырды.Шабармандардан хабар да келіп жетті Азамат дереу Асхатқа хабарлсып өзінің келе алмайтынын бір шаруаларының шығып қалғанын сылтауратып кешірім сұрады.Асхат жарайды деп көлікке қарай бет алып бара жатқанда Азаматтың шабармандары келіп Асхатқа Арайға үйленбеуін талап етіп бір-екі рет соққы берді.Бірақ Асхат келіспейтінін айтқанда шабармандардың бірі оның жағынан жұдырығымен салып қалды.Бұл жұдырық Асхаттың көзіне тиіп қатты соққы болды.Азамат өз шабармандарына тек бір жұдырық қана жұмсаңдар тек қорқытыңдар деген болатын.Азамат өз шабармандарынан жұмыстың мәнін сұрап барлығының ойдағыдай болғанын естіп арқасынан ауыр жүк түскендей шаттанып жатты.Бірақ ол Асхаттың көзі көрмей қалғанын білмейтін еді.Азаматтың ендігі бар ойы Арай маған қарайды ма екен ол Асхатты шын жақсы көріп қалды ма екен ол Асхаттан айрылмаймын десе не істемекпін деп күрсінді.Бір уақытта Азаматтың ұялы телефонына хабарлама келді.Бұл хабарлама Арманнан келіпті.Арман Асхаттың жақын досының бірі болатын.Ол хабарламада Асхаттың ауруханада жатқанын көзі көрмей қалғанын жазыпты.Азамат хабарламаны оқығанда не істерін білмей өз ісіне өкінді.Дереу Асхат жатқан ауруханаға жол тартты.

21 пікір

mairosh
45 Асхат бар екен ішінде(((:. Аяғына дейін оқыған жоқпын. Сол үшін аяқтай алмаймын
aitaber
Тақырыбын тағы да ұзақтау қылуыңыз керек еді:)
pari
Тағдыр махаласын
"қ" әрпі «х» әрпіне ауыссын деген заң қашан шығып еді?
qarasaqal
Толқын, ниетіңізге рахмет)
Орфографиялық қателіктер мен сөйлемдердің іштей және сыртқа байланыстарын жасауға жаттығып, салалас және сабақтас құрмаластардың құрылымымен танысып, төл және төлеу сөздерді меңгеріп, Қазақ әдебиетіндегі тұлғалардың шығармашылығымен жетік таныссаңыз, сізден жақсы жазушы шығатынына сенімім кәміл:)

Тақырыбын түзей салсаңыз.
рахмет пікірлеріңізге келісемін толық сіздермен
qarasaqal
грантқа түстің ба? әлде биыл 11 сыныпқа барасың ба?
биыл 11сыныпқа барамын
qarasaqal
Грантқа түсуіңе тілектеспін:)
didi0393
иииии кім коишииишшшииииии мыййййййййй(((
pari
Сәлем Толқын! Айтабер танымдық блогтұғырына ҚОШ келдің! Алдымен Сайт ережесімен танысып шығуға кеңес беремін! Іске сәт! Сенен құнды да қызықты жазбалар күтеміз!
didi0393
мына сценаарий казакша сериал шыгаруга пойдет екен! негізі современный жазбалар, сценарий, сериалдар осындай бағыттпен бастау алады да яғни: ауылдың баласы, бала махаббат, авария, оку, суйген кызы, бай әрі іші тар достары, кастандык т.с.с… ХЭППИ ЭНДпен бітеді деген тілекпен кош келдің дейміз Толкын!
рахмет сизге диди Алла жар болсын
бұл мақаланы "Қызық газет" сияқтыларға жіберу керек сияқты))
qarasaqal
Да ну, Шымкенттенсің ба сенде?:)))
ну да, Шымкенттенбіз біз де)))
иа шымкеттік
qarasaqal
құдай-ай жерлестерден айналдым:)
Kan
Тауың шағылмасын бәрі жақсы. Тек көпшіліктің қысқа әрі қызықты дүнилерді жақсы қабылдайтынын үмытпа.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.