Сен менің өзімді көрсең

Таусылмайтын махаббат /
Сен менің өзімді көрсең...

Сен менің өзімді көрсең,
Тұрысым осы менің.
Мендегі ғаламат сезімді көрсең
Шошыр едің…

Сен онда ойланар ең,
Толғанар ең көзіңді жұмып тұрып,
Мендегі ыстық жалын
бойыңа күш боп кіріп,
Тұрар еді сен түгіл тас та лаулап,
Көзіңде жатар еді
Жұлдызды аспан аунап.

Сен мендегi достықты көрсең,
Қалтқысыз сенетұғын.
Қайғыңды көтеруге
Қайғысыз көнетұғын.
Тек қана сол болар едi
Түсiңе енетұғын.

… Сен мендегі бауырмалдықты көрсең,
Баурайынан бар таудың сел күреген
Жел өтіңнен желкен боп желбіреген
Көлдерге айналар ең
Көктемде мөлдіреген.

Сен мендегі махаббатты көрсең,
Тұратын кіршік түспей
Жүрегің қалмас еді
Бір рет ыршып түспей…

Авторы Төлеген Айбергенов

3 пікір

AKA
Керемет!!!
Kan
Әрине жақсы өлең. өзіңнің өлеңің жоқ па жіберсей оқиықта
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.