Тұншыққан сезім

Таусылмайтын махаббат /
Эстафета сұрақтары:
1) Бала махаббатыңыздың есімі кім? Ол қазір қайда?
2) Бұл махаббат сізде қалай басталды, ерекше бір оқиғаңызбен бөлісе отырсаңыз
3) Онымен қоштасқаныңа өкінетін сәттер болама? Өмір жолы қайта табыстырса дәл сондай сезімді келтіре аласың ба?



1. Бала махаббатыңыздың есімі кім? Ол қазір қайда?


Бала кезімдегі махаббатымның есімін айта алмаймын. Ол қазір Астанада. Сонда жұмыс жасайды.


2. Бұл махаббат сізде қалай басталды, ерекше бір оқиғаңызбен бөлісе отырсаңыз...

Көзіңнің алдындағыны көрмейсің дегені рас-ау… Ол менен бір сынып жоғары оқыды. 7 оқып жүргенімізде ол сыныпқа жиі келетін болды, әйтеуір тиісіп қалатын. Мейірімді көздерімен қарайтын ба қалай-қалай өзі… бала едік, түсіне бермейтінмін. Қалжыңдасса, бұлқан-талқан болып, ренжитінмін. Не айтсам да, көтеретін. 7-сынып бітірген соң жазғы практикада бір шелек жәмән суды үстіне шашжівергенім есімде. Үндемеді. Жынданбады да. Содан қорқып, ұялып қашып жүрдім. Бір күні, әйтеуір, кездесіп қалдық. Жимиып қоя салды. Содан сезімім оянды-ау, ық ық

Күнде кешкісін құрбыларыммен көшеге шығатын ек. Әңгіме айтамыз, ойнайтынбыз, бір-бірімізге қонаққа баратынбыз. Сол кезде іздейтінмін, шіркінді:) Оның сыныбындағы 3 жігіт қалмайтын бізден. Күнде көрген соң бауыр басым кеттік па бірдеңе болды. Мейірімді жанды көргеніме қуанатынмын, өз басым. Ол қандай сезімде болғанын біле алмай кеттім енді. Шіркін, қолымнан ұстай алмай… (пах, сол кездегі махаббатты-ай) Сол жылы интернатқа оқуға түстім, 8-сынып оқып жүргенде хат алмасып тұрдық. Ық ық, архивті ақтару керек екен.

Келесі жылы ол Сарыағашқа колледжге кетті. Өзгерді. Хабарсыз кетті біраз уақыт. Көзден алыстаса, көңілден де алыстайдыны © дәлелдегісі келді ме жоғары жақ, арамыз суй бастады. Мен демалысқа барғанда ол қыдырып кететін. Кеткелі жатқанымда келетін. Содан суып кеттік. 10,11-сыныптарда дос сияқты араластық. Жиі хабарласып тұратынбыз. Бірақ сезім менде өшкен еді…

Бала махаббатты достыққа айырбастаған өзім. Одан өзімді алып қаштым. Қоңырау шалса, алмайтынмын, жауап бермейтінмін. Онымен дос болып қалғым келді. Солай болды да.

Оны соңғы рет 2011 жылдың күзінде көрдім. Астанаға барғанда кездестік. Баяғы көзқарас, баяғы мейірімді бейне, баяғы қылықтар, баяғы… Сезімі де өшпеген сияқты көрінді маған.


3. Онымен қоштасқаныңа өкінетін сәттер болама? Өмір жолы қайта табыстырса дәл сондай сезімді келтіре аласың ба?

Онымен қоштасқаныма өкінбеймін. Әдемі сезім әдемі естелік болып қалғаны жақсы, меніңше. Босқа дәмін кетіріп,жүріп, ұрсысып, айырылысып, көрместей болғанша..... Өмір қайта табыстырмаса екен деймін. Қайта табыстырса, ол қуанатын шығар. Сезімі қайта оянатын шығар… Қазір оған бірдеңе дейтін болсам, ойланбай қайтып келетін еді… Қөркем, ұрспашы маған:( Бірақ олай болмаса екен деймін. Себебі қазір мен де, ол да өзгерген, көзқарасымыз өзгерген. Очм, тағдырымыздың жібі бірге есілмейтін сияқты, мен үшін. Сондай сезімді сыйлағанына риза болып, өмір бойы дос, жақын дос болып қалуға келісер ем. Себебі ол — менің алғашқы махаббатым, алғашқы бала махаббатым шығар, ық ық.


4. «Жүргенге жөргем iлiгедi» деген мәтел өміршеңдігіңде көрініс алды ма?

Атам қазақ тегін айтпаған шығар...

5. Соңында эстафет таяқшасын ұсынатын адамыңызға қызықтырған бір сұрақ қоюыңыз шарт.©

Махаббат — бауыр басу. © Осы пікірге қалай қарайсың?

6.Пы/сы: Эстафет таяқшасы қолдан қолға өту барысында қыздар жігітке, жігіттер қызға ұсынуын қатаң ескерткім келеді. Таяқшаны ұсынбас бұрын алдын-ала ұсынатын адамыңызға ескертіп, рұқсатын алғаныңыз жөн. Сәттілік!©

Эстафета таяқшасын zhomart қа ұсынбақпын.
Пысы: Ұмытып қалыппын сол кездегі сезімді…

38 пікір

Kan
Осы жазба бұрын жарияланып еді ғой. Қайталауды не қажеттілігі болды?
qyrmyzy
Кан мырза, Жако ағайдың бір жазбадағы пікірін копипаст жасамай-ақ қояйын…
Kan
тусинбедим
Dan4ik
осы сағызға жідә ырзамынше дәміде керемет, модадан камайды ғо…
zhomart
Керемет сезімдер, әдемі махаббат. Шын көңілмен оқып шықтым. Ұнады. Таяқшаны маған лақтырыпсың, қабыл алдым ендеше
qyrmyzy
Рахмет, сен мен сияқты кешіктірмейсің деген үміттемін:)
zhomart
1-2 күн кешігуге рұқсат па?
AKA
«Эстафета» деп аты да айтып тұр ғой, мүмкін болса кешіктірмесеңіздер екен. Бар қызығы кетіп қалады сосын…
Zhanat
Как всегда күштііі жазасың ғҰәәә) тамаша
qyrmyzy
Дә? Рахмет! Ұмытып қалыппын, пыроста.
qyrmyzy
үйбәй-ай, не дейді мына робот мырза?
qyrmyzy
ық ық, солай ма? Қызыыыық! Тағы не жазып робот мырзаны таңқалдыра алам?
qyrmyzy
әй, робот-ай, робот
ereke_enu
Бала махаббат қай жастағысы? Садиктегі ма? 3 сынып па? әлде басқа ма?)
qyrmyzy
садиктегі махаббатыңды, 3-сыныптағы есіңде болса, жақсы екен! Бірақ ол кездегі мхб мхбқа жатпайды.
AKA
Тиянақты жазылған, шашыраған ой жоқ. Сол бір шелек су болмағанда, бәлкім сезімін сезбей кетер ме ең, кім білсін?..
pari
бала едік, түсіне бермейтінмін
дұрыс-ақ
ал қазіргінің қыздары лезде түсініп алады, о тоба!
pari
тамаша жазба.Тебірене оқыдым.Әсіресе мына жолдағы сөздер ерекше ұнады
тағдырымыздың жібі бірге есілмейтін сияқты
неткен сөз десеңші, керемет! Қырмызы бала махаббатыңызды ренжітпей оны сыйлай білгеніңіз үшін сізге алғыс білдіремін, шын көңілден:)
qyrmyzy
рахмет, қарағым
pari
қарағым сөзі жаны ма майдай жақты:)
qyrmyzy
Робот-ай, робот
Ais_97
Керемет жазба Қырмызы!
pana
жып-жинақы ғып жаза қоятындарыңды-ай, қай-қайдағыны еске түсіріп)))
qyrmyzy
охх, қыз-ау, қош келдің! Сол, менде де екі, үш күн настольгия… Берілмедім, әйтеуір:)
Manshukn
охоооо, керемет махаббат болыпты ғой)
qyrmyzy
хехе, Конгресс холдың алдында… ық ық
nurgazina
бұны жазу да бір батылдық қой!
qyrmyzy
ой, айтпа, бір апта ойланып, толғанып, елдің мазасын алып, әрррең жазғаным бар:)
Zhanat
бір кісілерден жұқтырып алай бола ма былай бола ма деп пееее)))
qyrmyzy
cіз де тыныш жүрмей...қай қайдағыны еске түсіріп....
Korkem
мен сені сүйемін)))
Togzhan
Жақсы дос болып қалғандарыңыз қандай жақсы болған.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.