Ең алғашқы махаббат...

Таусылмайтын махаббат /

1) Бала махаббатыңыздың есімі кім? Ол қазір қайда?

Айгүл еді. Айгүл десе айдай құлпырып жүруші еді қайран қыз.
Оның қазір қайда екенінен ешқандай хабарым жоқ, сол бір кештен кейін көрмедім.
Қанша рет іздегім келді, көргім келді, тілдескім келген… Мүмкіндік болмады.

2) Бұл махаббат сізде қалай басталды, ерекше бір оқиғаңызбен бөлісе отырсаңыз

Студенттік өмірге алғаш аяқ басып, оң-солымызды танымай, жан-жағымызға алақ жұлақ етіп жүрген кездер еді. Ешкімді танымаймын, байқаймын жатырқап жүрген сияқтымын. Солай күндерім өтіп жүргенде Айгүлді көрдім. Қою шашы беліне түскен, сымбатты келген қызға қайта-қайта қарай беремін. Жылы жымиысын көрсем болды бойымды ерекше бір күш билеп алады. Ол да білдіртпей қарайтын секілді. Ұзақтан көріп, таныса алмадым. Жанымда болған күннің өзінде таныса қоюым екі талай еді. Сонда да ішімнен қуанып, үйге аптыға қуанып қайттым сол күні. Ертеңіне оқуға келіп, аудиторияда лекция жазып отырғанмын. Студенттік күндердің 4 немесе 5 күні. Группаластарымның көбін танымаймын.Бір қарасам, ең алдыңғы қатарда Айгүл отыр. Иә, иә сол ғой. Шашынан таныдым. Беліне төгіліп тұр екен шашы. Өзімнен өзім қуанып мәзбін. Жын ұрған адамша, әр сөзді бір айтып жанымдағы баланы мезі еттім. Лекция жайына қалды. Осылай менде алғашқы сезімдер басталды. Кейін группаны бөліп жіберді де, ол басқа группаға ауысып кетті. Айгүлге сыртынан ғашық болып жүре бердім. Қасына жолауға еш күшім жетпей-ақ қойды. Түнде дөңбекшулер басталды. Санжар есімді досыммен сырласамын. Оған Айгүл туралы айтамын. "Қалай ойлайсың Айгүл маған қарай ма?", "Әдемі ғой, мені менсінбейтін шығар ол, айтшы досым?" Ол өз қайғысын айтып кетеді. «Динара деген қызбен таныстым бүгін, керемет әдемі». «Сенен көмек сұрап отырсам, сен де „ауырыпсың“ ғой.»
Бір күні танысудың сәті түсті. Таныстығымыз жақсы басталды. Содан кейін, көрген жерімізде сәлемімізді беріп жүрдік. Сабақтан да бірге қайтып жүретінбіз. Қасымда Санжар болса оған сөйлеуге бата алам да, жалғыз болған күндері тым-тырыс қайтатынбыз. Соның өзі мен үшін қайталанбас ыстық сәттердей көрінетін. Ол да білмейді емес, сезеді менің өзіне көп қарайтынымды. Сұрақтарыма жылы жымиып қана жауап беретін. Қиналып жүріп бір күні Санжардан айтып жібердім. Ол Айгүлге мен туралы сәл-пәл айтып, сені жақсы көреді дегенге келтіріп айтса керек(Өзінің айтуы бойынша). Айгүл ештеңе демеген. Күлген де қойған. Біздің махаббатымыз қыз бен жігіт ұқсап қыдырудан тұрмады, оған кінәлі өзім. Ұяңдығым алға тартып тұратын қашанда. Тек сабаққа бірге барып, бірге қайтамыз. Ара-тұра біраз сыр шертісеміз. Солай күндерім өтіп жүрді.

3) Онымен қоштасқаныңа өкінетін сәттер болама? Өмір жолы қайта табыстырса дәл сондай сезімді келтіре аласың ба?

Біз екеуміз кәдімгі қыз бен жігітше жүрмедік. Көбіне достыққа ұқсайтын. Оқуды бітіргелі әлі кездестіре алмадым. Мүмкін тұрмыс құрып та кеткен болар. Сол кездегі өзімнің батылсыздығыма өкінемін. Оны кейін де жиі ойлап жүрдім. Біраз уақыт құр қиялмен шектеліп жүре бердім. Кейін жұмыс деп, түрлі жағдайлар болып ұмыта бастадым. Егер Айгүлді кездеріп қалсам, дәл бұрынғыдай сезімнің бола қоятынына сеніңкіремеймін. Екеуміздің де түсініктеріміз өзгерген. Ол кезде барлығы да алғашқы махаббаттың бастауы тұғын. Одан кейін де ғашық болулар болды. Бірақ алғашқы махаббаттың орны бөлек екен қашанда.


4) Махаббат — бауыр басу. © Осы пікірге қалай қарайсың?

Бір жағы келісемін де, бір жағы келіспеймін. Рас, қыз бен жігіт бір-бірімен сырласып, көбірек бірге болса бауыр басу арқылы сезімдері оянып махаббатқа ұласып жатады. Екінші жағынан қарайтын болсақ, кейде бір қызды бір көріп есін білмей ғашық болып жатады. Ол өзімнің де басымнан өткен.

5. Соңында эстафета таяқшасын ұсынатын адамыңызға қызықтырған бір сұрақ қоюыңыз шарт.

Бір бірімен туысқандығы жоқ қыз бен жігіт бір-бірін «аға» "қарындас" деп атағандары дұрыс па? Аяғы махаббатқа ұласып кетсе сыйластықтары қайда қалады?

Сөз соңында эстафета таяқшасын рұқсат болса mairosh -ға ұсынғым келді. Майрош қызықты жазба күтеміз сенен.

55 пікір

Zhanat
Әдеттегідей махаббат)) Жаман емес.
zhomart
Алғашқы махаббаттар осылай басталады ғой, әдетте: )
AyKoN
afanin mina surafi 4e to aydanamen ara-katinasinizfa kep tireletin syakti...mxm
AKA
Сонда ең алғашқы бала да, шала да махаббатыңыз осы ма?! :))
zhomart
Осы боп тұр енді: )
AKA
Мектепте де жүрегіңіз «дір» етпеді ме?! Қызық жағдай болды ғой…
zhomart
Енді сіздердікі ұқсап «балабақшада» басталған жоқ біздікі. Ес жиып етек жеңімізді түріп, "қой, ғашық болмасақ болмайды екен," деп бастағанбыз.
AKA
Мен балабақшада басталды деп көрсетпеп ем… Жарайды!
zhomart
АКА менің махаббатым кеш басталды, қайтемін енді, тағдыр да кінәлі
didi0393
жұрттың баласынан калмайык деп па?)))
zhurttyn_balasy
я все слышу
zhomart
Әне, келді :)
didi0393
кулағыныз лакатор екен!:)
zhomart
Осындағы zhurttyn_balasy -н айтасыз ба?: )
didi0393
оны коиш))) одан да баска журттың балдары баргой)))
zhurttyn_balasy
Мысалы
Майл рудағы
мамбодағы
love.saratov.ru-дағы
фэйсбуктағы жұрттың баласы, көп қой, однакласникида да біреуі жүр еді
zhomart
Жарнаманың кең түрі
didi0393
я, ты, он, она!))))
zhomart
Шынында көп екен ғой
didi0393
жарайды бояуы кеткалган бөрігі бар zhurttyn_balasy -на ешкім жетпейді екен!)))))))))))))уахахах
qyrmyzy
Батыл бол, Жомарт! Қазір ондай емессің деп ойлаймын:) Хехе, кеттім, шашымды өсіремін
zhomart
Шашың беліңе жетпей ма?
qyrmyzy
шашта тұрған не бар деймін де…
zhomart
Шашы ұзын қыздарға үйреніп қалыппын; )
qyrmyzy
Тонымды өртейм қазір.
zhomart
мынаған ұқсатып жіберсеңші
qyrmyzy
Мынаған ұқсатып қара шашқа қоңыр шаш жалғап жіберейін бе? ық ық
AKA
Сәтсіз сурет екен
Zhanat
Арманда, арман тегін ғҰә ©
Gulzhainat
Өте сұлу екен!
banzaika1990
Қәзіргі жігіттеріміз бұрынғының бұрымды қыздарын сағынып жүр ма деймін. Соңғы кезде «шашыңды қима», «шашыңды өсір» деп, шашымның ұзындығын қадағалаушылар көбейіп кеткені.))))
qyrmyzy
Сол бұрымда тұрған не бар деймін де…
banzaika1990
Бұрымыңа жабысып, мықтап ұстап қасынан бір елі аттатпау үшін шығар))))))))
qyrmyzy
кеттім, шаш өсірем! Бәсе деп қоямын, шашым қысқа ғҮә
Zhanat
хехе, қалай жаман ойлайсыңдар, сол бұрымдарыңа қызыға қарап отыру үшін сағынамыз ғой,
Ais_97
Эстафета жақсы жалғасып келеді, жаман емес!
zhomart
Рахмет Айсара! Саған да кезек келер бір күні: )
qyrmyzy
ойыбай, атама!
kema
муахаххахахаа))))))))))
qyrmyzy
іхіхіхі, осындайлардан айналып кетесің ше…
mairosh
Жомартт ғажап жазба)) әдемі)) енді жасикодан күтейік)
zhomart
Рахмет! Жассиконың махаббаты қалай басталыпты екен, қызық: )
bivo-93
Махабатқа түк ұқсайды ғой, жаксы басталған еді басы. Соңын қатырмапты
zhomart
Соңында трмзданып кеткем ба: )
Ademi
сникерс жеу керек еді… былай, мектеп оқып жүргенде ешқандай қыз ұнамады ма?
zhomart
Сникерс көмектеспейді, ол кезде «выбор» аз еді ғой: )
Ademi
көмектеседі ғой
zhomart
Тақырыптан ауытқып кеткен сияқтысыз: )
Ademi
Ұмыту — жақсы көруден екі есе ауыр, қиын…
Korkem
тамаша, күшті, ғажап, мықты)))
zhomart
Жассиконың жауабы кешігуіне байланысты эстафета таяқшасын ауыстыруым керек болды, таяқшаны mairosh қа беремін
maulen
Қызық, бастан аяқ қызығып оқып шықтым, алғашкы махаббаттың қызы көп қой, кейбір нәрселер есіме түсіп кетті, керемет!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.