Үзілген үміт

Таусылмайтын махаббат /
Күз де келіп қалыпты. Мұны осындағы бір жазбадан байқамасам, Шымкенттің ыстығы әсте байқатар емес. Күз келсе жапырақтармен бірге менің жаным да ерекше сарғаятыны әдетке айналғандай. Еріккеннен сарғаймайды-ау, өткен күндерге деген сағыныш пен өкініш қой, жегідей жейтін. Жалпы, "өткен іске — салауат" дегенді жаттағанмен, жаттыға алмай жатырмын. Оны қанша ұмыттым дегенмен ара-тұра есіме түскенде, көз жасыма ерік беруден басқа амалым қалмайды. Жылап алған соң, бейне бір оны көріп, оның сол бір тәтті күлкісіне, жылы сөздеріне тойып алғандай боламын. Ия, әзірше менің серігім — көз жасым. Бірақ бұл әдетпен нәпсімді тойдырып жүрген жоқпын ба деп ойлап қоямын кейде. Кейде осылай нәпсіме күшті қарсылас таптым деп қоям, кім білсін…
Қазір мен Алланың кеңпейілдігіне ғана үміт артам, басқа ештеме мені қызықтырған не үміттендірген емес. Мендегі махаббат деген ұғымның жігіт атаулысына тән бөлімі, оларға деген сенім және болашақтағы мақсаттарым, тіпті жеке өмірімнің бар мәні, бар қызығы да сол бір жанның көлеңкесінде кеткендей. Мен осы "үзілген үмітімнен" қорқамын. Адам қандай жағдай болмасын, ешқашан үміт узбеуі керек емес пе? Ал мен үздім. Бәрінен. Ауылдағы тәтті үйден үмітімді үздім. Армандарым да қалды. Тіпті аңсаған егіздерім де менің қолым жетпес қос сырғаның алмаз көздері сияқтанып қалды. Бәлкім, сен кеткен соң армандарым да менімен қалғысы келмеген шығар…
Бір білерім, менің оны сағынбай қоюым мүмкін емес нәрсе. Тек уақыт өте жай-жай сағынуды үйренуді мақсат етуім керек. Өмірдің — ұстаз, уақыттың — емші екені рас болса, бұл менің алдағы алар асуларымның бірі боп қалмақ.

23 пікір

Kan
Жан сырымның сылдырын естіңдер дегендей сыңғырлатып жазыпсың. Әр сөздеріңе солып қалған сағыныштың мөрі басылғандай. Тым әсерлі, сондай аянышты. Алладан үміт үзбе деп жұбату айтқанымызбен сенің жайың өзіңе аяң. Бұл махаббаттың сергелдеңі таусылғанба сірә. Мүмкін жанжараң жазылар, бақытың табылар.
Uleke
бірінші сөйлеміңіз өтіп кетті,,,
мүмкін.
Kan
қандай,қайсы сезімтал ару?
Ademi
қыздар-ай, қыздар! Бүйтіп көрген күндерің құрысын. Тастаңдаршы бәрін. Өмір бітіп қалған жоқ, айырылысып кеткен жігіттерден басқа еркекке на валом! Көздеріңді ашып, жан-жақтарыңа қарап жүріңдер!
Uleke
көзім қарап жүр ғой, жүрегім қарай алмай жатыр)
Jako
Әй, Азамат, еркексің!
didi0393
ұмытып кетесің әлі, мен соған осыншама уакыт кетіргем ба деп әлі ақ шалқайып күлмесеңде, "ішіңнен" жымиятын боласың! так шо ол жігіттен үмітің үзілген болсада,өмірден үзбе!
Uleke
сол күнге жеткізсін
qyrmyzy
Мынадай мәселе басқалардікіне қарағанда түк емес қой! Тек осындай проблемалар болса ғой…
Uleke
оңынан шешілсін проблемаларың!
qyrmyzy
қойшы, әй© таңдау жасап қойғам. Жалпы айтам, айналама қарап.
Uleke
:) айт мүбарак болсын!
Uleke
оқа емес. ой, сіздікі де әдемі, өртеніп кетпейк жақында))
qyrmyzy
бізде де алғаш оқығанда сондай әсер болды. Жекеге барып, жіләп, жіләп алдық
qyrmyzy
иә, бір әнді қосып қойып, жеңілдевалдық
Uleke
қай ән екен и, құпия болмаса?))
qyrmyzy
«Забудь его» мен «на 10лет назад» тыңдамаңыз құрысын, бір апта өзіңізге келе алмай жүресіз, берекеңіз қашып
qyrmyzy
сотталып кетпейін
Uleke
қойсаш, Құдай сақтасын)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.