23 метр қашықтық! немесе «Ертең сабаққа келесің бе?»

Таусылмайтын махаббат /
Біздің Қырмызы бастаған «Алғашқы махаббат» атты мына эстафетаға арналады aitaber.kz/blog/mahabbat/3181.html (сол таяқпен Майрош менің де басымнан бір қойыпты)

Жазып көрейін енді, Қызмызыныкы сияқты қызықты, Майроштыкы сияқты романтикаға толы болмаса да (сосын менен керемет ештеңе күтпеңдер, тапсырыспен ештене жаза алмайтын едім, шабыт келгенде болмаса деп қояйын ба?). Қой енді бастайын босқа қуа бермей.

Әрине, алғашқы махаббат мектептен басталған (махаббат деп айтуға келсе)
2) Бұл махаббат сізде қалай басталды, ерекше бір оқиғаңызбен бөлісе отырсаңыз
1) Бала махаббатыңыздың есімі кім? Ол қазір қайда? (менің оқиғама кішкене сұрақ реті келіспейді
екен, өз еркіммен жаза берсем)
Оның аты Данагүл еді, барлығы Дана дейтін.
6 не 7 оқитын кезіміз (олай-былай есептен нақтысын шығара алмадым), бір күні көрші сыныпқа жаңа қыз келді дегенде бәріміз елең ете қалдық (жігіттер жағы-ғой енді), оны көру бір арман, ду-ду әңгіме, бір-бірімізден сұраймыз: «ол қандай екен, сен көрдің бе?», «ұсқыны қалай нөрмәлніме?», «көзі қандай? (шашы, құлағы, мұрны т.б.) аяғы түзу ме?».
Содан «ой, қап-қара біреу екен» деген хабар алдық. Қаралы хабар естігендей болып, салымыз суға кетіп, қолымызды бір сілтеп қоя салдық-қой. Сөйтіп жүргенде коридордан бір керемет тіршілік иесін кездестіріп қалмасым бар ма: «ойбай мынаусы кім тағы, бұрын қайды жүрген, маған кездеспей». Әлгі болып шықты ғой. Қап-қара дегендері қайдааа.., мынауың нағыз қара торының әдемісі, керемет сұлу болып көрінді маған (соған қарағанда талғамым нашар болып тұр ғой). Жер тепкілеп отырып байбаламды салдым, енді танысу керек қой онымен, әйтүп-бүйтіп араға таныстарды, связдарды, крышаларды салып жүріп көптеп-көлемдеп таныстық қой. (менің достарым, достарымның қыз достары, олардың көрші сыныптағы достары, көрші сыныптағы достарымның қыз достары, қысқасы екі сынып қосылып «таныстыру» операциясын бастап жібердік) Танысқанда қалай, бір қоңырауда өте ресми:
— Мынау Манас, көрші сыныпта оқиды
— Мынау Дана
— Қуаныштымын
— Мен де
Бітті, одан артық ештене жоқ. Бұрыннан да біз көрші сыныппен аптасына бір рет бірге тарайтынбыз улап-шулап (сабақ кестесіне байланысты). Қызық болғанда, әлгі қыз біздің үй жақта тұратын болып шықты. Екеуміз басқалардан бөлініп бірге кетеді екенбіз. Сондағы бірге жүретін жеріміз 23 метр (қателесуім мүмкін емес, қиялдап отырып қайта-қайта ойша шарладым ғой, өзім басқа жерде болғанмен, жүрегім сол екі аралықта қалып қойғандай көрінетін). Былай ақжарқын болғанмен, екеуміз жеке қалғанда еш үндемейтін, біреулер құлағына сыбырлап қойса керек мені сұрады деп (басқа ойлап калмаңдар, баяғы 23 метр жерде ғой), неге екенін білмеймін тек қоштасарда «Ертең сабаққа келесін бе?» деп сұрайтын (сол сөзі жүрегіме мәңгі жатталып қалыпты, әлі күнге құлағыма келетін сияқты, ең алғашқы да соңғы сөзі сол ғой енді). Әлгі қашықтықты 5-6 рет жүріп өткеннен кейін жоқ болып кетті ол қыз, ешкім білмейді, ұзынқұлақтан басқа облысқа көшіп кетіпті деген өсек алдық. (бар жоғы 3 айдан аса уақыт оқыды, сондан бері көрмеппін)
3) Онымен қоштасқаныңа өкінетін сәттер болама? Өмір жолы қайта табыстырса дәл сондай сезімді келтіре аласың ба?
Өкінгем жоқ (бағанағы жерге барып бір-екі рет жылап алғаным болмаса), қайта махаббатың дәмін татырғанына алғысым зор. Қайта табысуымыз мүмкін емес деп ойлаймын.
PS. Сондан бері қараторы қыз көрсем, ғашық болғым кеп тұрады

Мә, айпақшы бітірдім деп отсам өзімше, Майроштың сұрағын ұмытып барады екем ғой
Сұрақ: Махаббат пен достықтың арасы қанша қадам? (негізі махаббаты, достықты қадаммен өлшеген қызық қой)
Қырмызы айтқандай: «Достық махаббатқа айнала алады, ал махаббат достыққа айналмайды» депті ғой бір сөзінде, мен қалай жауап берсем екен, «Көз бен құлақтың арасындай» дегім келеді (көз ешқашан құлақты көре алмайд, құлақ ешқашан көзді ести алмайды), ой мен не айтып кеттім (қысқасы қалай түсінсендер де солай түсініңдер, өздерін біліндер)
Келесі эстафета таяқтасын Korkem қолданушыға тапсырамын. Сұрақ: Осы уақытқа дейін өмірде өкіндірген 5 нәрсең

45 пікір

VVVWWW
Флудтауға бек рұқсат
Ademi
Ол маған күнде қоңырау шалып, "Үйге не берді?" деп сұрайтын...
VVVWWW
Өткен-кеткенді еске түсіріп жіберсем кешірерсіз
qyrmyzy
3 ай ғана ма? Сенбим

©
mairosh
3 айдада махаббат деген керемет бопты ғүә
kema
аяғы түзу ме?
qyrmyzy
қара торы болғпны үшің қызықпай қойғаҢ ба?
VVVWWW
">
Ой қойш, сенің де шығармайтының жоқ
qyrmyzy
Содан «ой, қап-қара біреу екен» деген хабар алдық. Қаралы хабар естігендей болып, салымыз суға кетіп, қолымызды бір сілтеп қоя салдық-қой.
qyrmyzy
VVVWWW
Әңгіме бірге жеткізушіде болып тұр ғой
Ademi
маңдайыңыз қызарып кетіпті ғой, әпше-ау
qyrmyzy
джәнееем ©, вайымдама
qyrmyzy
әй, сіздің 90-жылдардағы махаббатыңызды қашан оқи аламыз?
qyrmyzy
терім ағарсын деп қабырғаға ұрып жатқаным жоқ. Қара торылығым бір жігіттің қарамауына себеп болғаны ма деймін...қайран, 3 жыл… білгенімде Майклға соғып,ол кезде тірі еді, марқұм хирургтың нөмірін алушы ем… Қазір анау Домилионның артында кір жуып отырушы ма ем.....
VVVWWW
PS. Сондан бері қараторы қыз көрсем, ғашық болғым кеп тұрады
мынаны оқымай кеткенсің бе?
qyrmyzy
сосын жайлы жазып кетшиш, арамызда тек сен ғана
VVVWWW
Ол да қараторы қыз болатын деп па
qyrmyzy
болатын??? Сосын сарғайып кетті ма?
VVVWWW
Ия, күте-күте мүмкін
pana
ой, қап-қара біреу екен» деген хабар алдық
ішім-ай))сол қараторылар бәрін бүлдіретін))
didi0393
(соған қарағанда талғамым нашар болып тұр ғой)
әркімдікі өзіне, ай көрінер көзіне!)))и сосын эстафетаны Жанат аға бастамап па еді?
mairosh
Қарға баласын аппағым дит кірпі баласын жұмсағым дит осы мақал сайкес келеме ма?
VVVWWW
Ия кешіріңіз қателесіппін, шамам келсе дұрыстап қоярмын
mairosh
23 метр? Көрші қыз ба?
VVVWWW
Жоға мен әрі қарай асып кете беретінмін
Aknyet99
Енді эстафетаның таяқшасымен кімді ұрасың?
Korkem
сіздің басыңызды көздеп жүр едім
qyrmyzy
сол, соқшы аямай
qyrmyzy
әй, әдейі созбадым! Инетім бітқалд+жолда болдым
AKA
Иә, жақшалар…
VVVWWW
Ия, кейде ретсіз қоя беретін сияқтымын (қатты жақсы көргендігімнен болар ақыры). Ренжімеңіз енді, кешірерсіз (көңіліңізге келсе дегенім ғой), келесі жазбаларда аздап болса да азайтуға тырысармын (егер жазып жатырсам) Бірақ менде жақша жетеді
(((((((((((шыдай алмай кетем))))))))))
zhomart
Әзіл араластырып әдемі жеткізіпті: ))))
pari
бір күні көрші сыныпқа жаңа қыз келді дегенде бәріміз елең ете қалдық (жігіттер жағы-ғой енді), оны көру бір арман, ду-ду әңгіме, бір-бірімізден сұраймыз: «ол қандай екен, сен көрдің бе?», «ұсқыны қалай нөрмәлніме?», «көзі қандай? (шашы, құлағы, мұрны т.б.) аяғы түзу ме?».
иә мұндай әңгіме ауылға бір қыз келсе болды ауылдың бүкіл жігіті сол қыздың артында жүреді
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.