Бір сәт

Таусылмайтын махаббат /
Өмірде тек өзіңді армандаймын,
Бір сәтте сенсіз жалғыз қалғандаймын.
Өмірімнің жалғасы тек өзіңде,
Бір сәт
Бақытын махаббатын ойлан жаным.

Бір сәт
Жүрегімде торығумен құр сүлдерім,
Сені ойлап сағынышпен күрсінемін.
Сезімнің шырмауында жүрейікші,
Бір сәт
Құдіретін махаббатын түсін деймін

Бір сәт
Іздеймін білесің күнде сені,
Аралап жүрейікші гүл көшені.
Ғашығым, ғашығым деп өзіңді,
Бір сәт
Қайран жүрек осылай күй кешеді.

7 пікір

Kan
Бір сәт маххабатты үмытайқшы менің бүгін бір сәтсіздіктен қақ айырылды. өлең жақсы әсерлі
Jako
Пікіріңе түсінбедім.
Kan
Өлең жақсы тек мен өзім махаббаттың кесірінен жақсы болмай отырмын солғой өлең әсерлі
m170785
Бәсее ағам ау, не боп қалды тыныштық па мына мерекеде деп отырсам, тыныштық екен ғой, жұмбақтап өзіңіз бірдеңе дедіңіз, мен де түсінбей қалдым
AKA
Бір сәт, бір әңгіме…
Jako
Мәке,өзіме ұнады, осындай бір сәттік сезімдер әркімде де болады деп ойлаймын.
m170785
Жәке ағам болады ))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.