Жүректегі сезімді оятып, ғашық еткен - Жаңа жыл

Таусылмайтын махаббат /



1) Бала махаббатыңыздың есімі кім? Ол қазір қайда?

Бала махаббатымның есімі – өзімнің сыныптасым Айсұлу. Ол қазір өзіміздің ауылда.

2) Бұл махаббат сізде қалай басталды, ерекше бір оқиғаңызбен бөлісе отырсаңыз.

Бұл бала махаббат осыдан екі жылдай бұрын 7 сынып оқып жүргенде басталды. 28-ші желтоқсанда мектепте жаңа жыл мерекесін орай концерт болған-ды. Тамаша басталған концерттің аяғы отырысқа ұласты. Мектептегі бір сыныпқа сағат кешкі 22:00 шамасында ата-аналарымызбен және сыныптастар болып отырыс ұйымдастырдық. Тамаша киінген жігіт болайындеп жүрген балдар мен гүл-гүл жайнаған қырмызы қыздар. Алғаш мектеп табалдырығын аттағаннан бастап сыныптасым Айсұлу екеуміз бір сыныпта оқып келдік. Сол кездері оянбаған сезім араға 6 жыл салып оянды. Қысқасы жаңағы отырысқа яғни вечерге қайта оралайық. Сомен не керек, дастарқанда түрлі тамақтар, салаттар. Бәріміз жаңағы концерттің киімімен әп-әдемі болып отырмыз. Бір мезгілде сөз сөйлеу басталып кетті. Ата-аналарымыз жаңа жылдық құттықтаулар айтып, көңіл көтердік, ішіп-жеп болғасын отырыс арты биге ұласты. Музыка қосылды дкс-дкс би басталып кетті. Сол биде алғаш, өмірімде Айсұлуды қатты ұнатып қалдым. Оған бір қарағаннан жүрегім ауызыма тығылып, кеудемде бір сезім құсы қанатын кеңге жайып самғап жүргендей. 6 жыл бойы ұнатпаған Айсұлуды сол кеште ұнатып қалдым. Сосын, дкс-дкс би вальске ұласты. Айсұлуға қарай жақындадым да, оны вальске шақырдым. Қарақаттай көздері, шие еріні, қиғаш қасы, қолаң қара шашы бәрі-бәрі менің көз жанарымды байлап алғандай. Оған жақындаған сайын тынысып тарылып, жүрегім лүпілдеп ерекше күйге бөлендім. Өзімді өмірде ең бақытты адамдай сезіндім. Ішімнен вальс бітпесе екен деп тіледім. Вальс құрғыр тәмәмдалар сәтте көңілім лезде түсіп кетті. Өйткені, Айсұлу жанымнан алыстады. Вальс бітті. Арты дкс-дкске ұласты. Сөйтіп, вечерде аяталды. ЕНді бәріміз фотоға түсе бастадық. КЕйін заттарымызды жинастырып сыртқа шығып солет аттық. Барлығымыз мәз-мейрам болып үйді-үйімізге тарастық. Айсұлумен билеген вальс есімнен кетпей қойды. Сол күні таңға дейін дөңбекшіп ұйықтай алмадым. Келесі күні мектепке сабаққа бардық. Бұрындары Айсұлуға көп мән бермейтінмін. Махаббат айтып келмейді екен. КЕз-келген жерде алдыңнан шыға келеді екен. ЕНді сабақта Айсұлуға қарай бердім. Бір күні ол менің өзін ұнататынын сезді. Екеуміз телефонмен сөйлесе бастадық. Мен негізі ұялшақпын. Қызға батып ештеңе айта алмадым. Не жақсы көретінімді, не сүйетінімді айта алмадым. Кейін агент деген бәле шықты. Оның логинін сұрап алып әйдәә дружба лақтырдым. Қабылдады… Ал енді агент деген рақатқой көзбе көз айта алмаған нәрселерімді агентте сатырлаттым. Оны ұнататынымды. Сол вечерде ғашық болып қалғанымды бәрін агентте айттым. ОЛ үндемеді тек қана «ммм» деген жауап жазды. ЕНді сабаққа барғанда ұялатынмын. Біртүрлі агентте айтып тастағасынба, мектепте көргенде ұялып жүрдім. Кейін жақсы сөйлесіп кеттік. Уақыт өте ол мені де ұната бастады. Қысқасы, екеуміз бір-бірімізді ұната бастадық. Сөйтіп жүріп қалай 2 жылдай уақыт өтіп кеткенінде байқамай қалыппыз. Менің ұяңдығымның кесірінен қыз менен алыстап кеткендей. Очм, қазір ол қыз ауылда. Ол мені әлі ұнатады екен. Екеуміз бір-бірімізді ұнатамыз, неге бірге болмасқа? 2 жылға созылғанына қарағанда өткінші сезім емес секілді. Әлі жалғасуда… ЕНді қыркүйек келе жатыр. 3 ай бойы сол қызға келгенде ұстайтын ұялшақтығымды қойғандаймын. ЕНдігі қыркүйекте нетіп жіберем ба деген ой бар. Сөйтіп АЛЛА қаласа бақытты болармыз.



3) Онымен қоштасқаныңа өкінетін сәттер болама? Өмір жолы қайта табыстырса дәл сондай сезімді келтіре аласың ба?

Мына сұрақ маған мүлде сәйкеспейді екен. Өйткені біз әлі қоштаспадық. Құдай қаласа 11 — сыныпқа дейін бір сыныптың ауасымен тыныстаймыз. Әрі қарай жан-жаққа бытырап кететініміз рас. Бірақ Айсұлуға деген сезімім өшпейтін секілді. ИНШАЛЛА солай болғай!

4) Ais_97 -нің сұрағы: «Махаббатсыз өмір бос» дегенмен келісесің бе? Алғашқы махаббатыңа қандай сыйлық тарту еттің?

Махаббатсыз өмір бос дегенге толықтай келісемін. Өмірде, махаббат болмаса қыз бен жігіттің арасында жақындық болмайды деп ойлаймын. Өмірде махаббат болмаса бұл өмірдің қызығы болмайды. Ал махаббат болса бәрі де болады. Сенім, сезім, сүйіспеншілік басталар бастауы – МАХАББАТ! Алғашқы махаббатым Айсұлуға 8-наурыз қыздар мерекесінде, жинаған тиыныма дүкенге асыға барып гүл шоқтарын сатып алып, әупірімдеп жүріп тарту еткенім бар.
Құрметті достар, қамшының сабындай қысқа мына өмірде, ата-аналарыңызды бақытты етіп, жүректеріңіздің жартысын тауып, сүйген жандарыңызбен бақытты болыңыздар!


5. Соңында эстафет таяқшасын ұсынатын адамыңызға қызықтырған бір сұрақ қоюыңыз шарт.©

Сұрақ: Сізді жігітіңізбен жүріп жатыр делік. Бір күні жігітіңіздің ұялы телефонына «Жаным мен сені сағындым.» деген хабарлама келеді. Сіз не істейсіз? Қандай күйде боласыз?

Алғашқы махаббатты еске алдырып жүрген сиқырлы таяқшаны AKA ға ұсындым.

Пы\сы: Шынымды айтайын бұл жазбаны жүрегім дүрсілдеп отырып жаздым. Алғашқы махаббатың туралы жазғанда ерекше әсерде болады екенсің. Жаза берсең, жаза береді екенсің. Көп мылжыңдап кетсем кешірім сұраймын. Рахмет!

67 пікір

banzaika1990
Алғашқы махаббатыңыз мәңгілік, өмірлік махаббатыңызға ұласуына тілектеспін.
Әлі де уақытыңыз бар екен, бәрі сіздің қолыңызда, жіберіп алмаңыз. Бізге сол уақыт берілмеді ғой, Әттең деуден басқа амал жоқ.
qyrmyzy
уау, сен де алғашқылардың бірі болып пікір жаза алады екенсің ғҰӘ?!
banzaika1990
негізі алғашқы пікір жазуға как то жүрексінетінмін, жазбаға кемінде 3 пікір жазылғанша тосатынмын.кеше шығып бара жатып тосуға уақыт болмай жазып едім ))))))))))))))))))))
Ais_97
Сағыныш меннен де керемет етіп жазыпсыңғо,қарапайым емес ерекше жазыпсың! ИИИ алдындағы айтып жүргенің Айсұлу екенғоо, бақытты болыңдар! Көп мылжыңдаған жоқсың, керісінше сөзіңді, яғни Айсұлуға деген махаббатыңды жеткізе білдің!Өмірде осындай құрдастарым иншалла көбейе берсін, достығымыз үзілмесін Сағыныш! Жазбаң жақсы екен!+1!
Manas
ойбууу Айсара күмілжімімей бірден айта сал дейм))))))))
Ais_97
Күмілжитіндей ештеңе жоқ Манас!
Manas

қалжың)))))))
Ais_97
білемін ғоой
Kan
Айсүлуға сәлем айтарсың. Таусылмайтын махаббат. қобалжыма алғашқы махаббаттың аты алғашқы ғой
qyrmyzy
Өртейсіз! Бензинсіз өртейсіз!
Manas
Қарақаттай көздері, шие еріні, қиғаш қасы, қолаң қара шашы

туууу, шіркін не деген Жібек мынау, мен ғашық боп қалдымғо))не ма логині барма өзінің :):)
AKA
Рахмет, таяқшаны қағып алдым, бұйыртса бір айдан кейін романымды шығарамын. Жазбаң жасыңа сай!
AKA
Рубеке аман болыңызшы айтеуир, дәрежесі үлкен адамдарға көп тиісемін деп киесі ұрып жүрмесін тағы ((((:
AKA
Аауууууч! Ауырды ғой, аяушылық танытпайсыздар да :(((((( Жіләәәәп, көзін ысқалап отырған, байқұс-бейшара смайлик эфенди
Скорее всего 1-ші вариянт болатын сияқты! Because of this Алматы не Шымкентке өтсеңізші Рубеке, гюзаль вә нурли чәхрәңгизни көруге мүяссар болайық! А то бірдестен ғайып болып, йуқ буп кетсеңіздер сағынеп қалады ғой Айтаберліктер сіздерді

P.S. Сіздердің жұмыстарыңыздағы Мүяссар апай аман ба?
User
Сағыныш асылып қал, бар! ((((((((:

Өлтірдіңіз!!! муахаха
Abylai
6 жыл бойы ұнатпаған Айсұлуды сол кеште ұнатып қалдым. Сосын, дкс-дкс
Арты дкс-дкске ұласты. Сөйтіп, вечерде аяталды.
өйстіп сөйлемді контексттен жұлып алып кеңкілдемесек, басқа флудттайтын қызық жоқ екен.
qyrmyzy
Kan
Күле күле шегің түйілетін болдығой. мына мақалды жаттап алшы «күлме досқа келер басқа»
qyrmyzy
Жұрттың қыздарында жұмысыңыз болмасын. Уайымдамаңыз, күліп ішегім түйіліп, Айд патшалығына аттанатын болсам, арманым жоқ! Сізге «мында бақыттымын, няқта жағдайыңыз қалай?» деп хат жазамын, сөз берем. Сосын, 1-сыныпта жаттаған мақалыңызды тақырыпқа сай емес не в тему тықпалай пихать ете бермеңізші. Одан сайын қатты кұліп, ішегім шынымен түйіліп жүрмесін. Айтқандай, адресіңізді жазасыз ба, Каблуковадағыларды жіберейін сізге. Өзім-ақ диагнозын қойдым пікірлеріңізге қарап.
qyrmyzy
Сағынып қалғансыз ба? Мекен-жайды жекеге ысрошна! Тікұшақпен алып кетіп, апарып салам. Енді дантеалгереймен емес, Кан мырзамен палаталас болады. Бқл кісі де нұрлы жүзіңіз бен әдемі күлкіңізден бәһрә алсын((с()
qyrmyzy
сондай бақыт сізге бұйырмайын деп тұр ше....Құсты енді ғана алақанымнан ұшырып ем, енді ғана бостандыққа шығардым. Басқасын іздегелі жатырмын. Мүмкін Италия кетесіз менімен???
qyrmyzy
Мен сонда тұра тұрам. Мында жұмыс жасап, маған салып отрас. Келістік
Ak123
Немене болд трмзданып? Бақыт тілейім енді))
qyrmyzy
елдің бәрі трмз ба деп қалдым…
qyrmyzy
Қорқып ем, Айсбейби сияқты жаза ма деп! Анау жыпылықтағандарды алып тастасаң, тәуір пост басқа посттарыңа қарағанда!
Ais_97
Айсбейби хахахаха қатырдың Қырмызы, иә тәуір пост екен!
Ais_97
қорықпа қорықпа
Korkem
Иә, тамаша жазасың))) Осы бір керемет жазбаңды 25.ке келгенде айналып кеп оқысаң қызық болар еді))) сол кезде пікір жазуды ұмытпашы)
ardak1996
Бақытты болыңдар))))
Zhassiko
кскентай болсаң да, махаббаттан таяқ жепсің ғой, ой тойыс махаббаттың дәмін көріпсің ғой…
бірақ, шыныңды айт біреуден көшірдің ғой мынаны, ваащее ұйқастыра алмапсың… солай көрінед меніңше… ыы жарайды, джәнім, саған болады негізі…
қосағыңмен қосылып бақытты бол!!!
qyrmyzy
Сен барып Айстың жазбасын оқы одан да. Түріктің сериалы шаңында қалады, ес че
Ais_97
муахахахах
Zhassiko
ВАХАХА..)) Айтпақшы, Жанат ағайдан ұтып алған сыйлықтарыңды КөрКем, АКА үшеуің қосылып бірдеңе ғып жібермейсіңдер ма осы жерге????
User
Қызың герпес-пен ауырмай ма?
User
Айсұлуға 8-наурыз қыздар мерекесінде, жинаған тиыныма дүкенге асыға барып гүл шоқтарын сатып алып, әупірімдеп жүріп тарту еткенім бар

Аттак тап осы жеріне сенбейм на
Manshukn
осы бала махаббат деген 6-7 класстардар кезіге ме деп қалдым ә?
Nursultan2002
Бұны папаңыз бен мамаңыз біле ме?
Zhassiko
мамаңа айтып барам деп..)) — деп қорқытып қой енД..)) әй, Нұрсұлтан-ай, жақсы көрген қызың бар ма сенің?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.