Эстафета ІІ

Таусылмайтын махаббат /
Саламатсыздар ма, Айтаберліктер! Эстафета ұйымдастырған, Zhanat рахмет, таяқша ұстатқан AKA рахметтен басқа айтар жоқ. Әлбетте. Демек сұраққа жауап басталады.
1) Бала махаббатыңыздың есімі кім? Ол қазір қайда?

Сұраққа жауап бермес бұрын, әуелі бұл не сұрақ дегенді түсінген лазым болар. Әрине. Махаббат — менің түсінігімде бауыр басқан адам, оның халық арасында танылған хас сұлулығы, ерен еңбегі мен жасаған жақсылықтарынан бөлек, жеке тірлікке келгенде (әлде жекпе жекке келгенде ма?) нақты не нәрсеге қабілетті екендігінде. Айталық, маған оның жұрт арасындағы көзқарасынан бөлек, менің өз оң көзқарасыма ие бола ала ма, міне сұрақ.
М. Шахановтың «Отырардың күйреуі» балладасының соңғы жолдарында, мынадай жолдар есте қалыпты:
Бұлақ өмір сүргенімен құрақсыз,
Сезім өмір сүре ала ма мұратсыз?!
Жүрегінде ерлігі жоқ адамның,
Барлығы да махаббатқа тұрақсыз!


Жас жеткіншектің бойында, қандай ерлік болсын?! Осының дәлелі ретнде, жүрек талай қыз үшін елең еткен екен. Бұл кейіпкердің есімі айтылмасын. Ол қыз. бастауыш сыныпта, екінші рет мектеп ауыстырғанда жолыққан еді. Жалпы, төрт рет мектеп ауыстыру маңдайға фломастермен болмаса да, әйтеуір жазылыпты. Ескі кварталдағы сол ескі мектепте қалды ғой.

2) Бұл махаббат сізде қалай басталды, ерекше бір оқиғаңызбен бөлісе отырсаңыз Бұл кейіпкер параллельді сыныпта оқитын. Жақын таныстық жоқ, әйтеуір бір иллюзия құрып алып, соның әсерімен рахатқа батып жүрген ғой. Жақыннан танысу үшін, жеке махаббаттың шаруасымен барып мәселе шешуге батыл жетпей, хорда жүруге тура келді. Бізді қатар қатармен тұрғызып, ұл-қыз кезегімен орналастырып шырқататын. Ал мендегі жағдай, бірге тұрмасақ та, бір аудиторияда бір әнді шырқап тұру жеткілікті сияқты еді. Айтпақшы, хорда жүріп кейде солистке шығып, артынша микрофон ұстап қаладағы кішігірім сахналарға ән айтуға шығып кеткен кездер де болған екен. Кейін ауыспалы кезеңде дауыс өзгеріп, бұл өнерден де бас тартуға тура келді.
Бұ қыз үшін биге де баруға тура келген. Ең қызықты момент, бұл біздің пингвин биін билеген сәт еді. Талдаңдап пара болып пингвиннің биін орынап жатсақ та, мақсат өзінше бір деңгейде орындалған еді.
3) Онымен қоштасқаныңа өкінетін сәттер болама? Өмір жолы қайта табыстырса дәл сондай сезімді келтіре аласың ба?
Онымен қоштасқанның еш өкінетін тұсы болған жоқ еді. Осы кезде дәл сол оқиғаны еске алғанда, қайғыратындай ештеңе болмапты. Өмір әлі алда. Болашақта жолықпай-ақ қойғанымыз лазым болар.

Эстафета жалғастырушының сұрағы:
4. Менің сұрағым: Сен болашақ әйеліңді қатты сүйесің, бірақ ол ата-анаңмен тұрғысы келмей, бөлек шыққысы келеді. Бөлек тұрмасақ, сенен бас тартамын деп айтады. Ал, ата-анаң сендермен бірге тұрғанды қатты қалайды. Не істейсің? Қызыңды да, ата-анаңды да ренжітпейтіндей қандай шешім қабылдайсың?

Мен үшін ата-ана бірінші орында. Бірге өмір бойы болуға бел буған адам, ол жауапкершілік пен риск жасауға, соның нәтижесінде бақытты болуға талпынған адам болуы керек. Демек, ол адамға ата-анамен белгілі бір уақытта тұрып, өзін жақсы жағынан көрсететін мықтылық шығар. Бұл бірінші кезекте, өзінің жаман жақтарын жеңе білген адамға тән қасиет. Әрине, түсінушілік болуы керек, күштеп қажет емес, нәтижесі жақсы болмайды.

Менің сұрағым келесі пост иесіне сұрағым:

5. Адамды ұзақ уақытқа жалықтырмай ғашық ететін, қандай қасиет болуы мүмкін?

Пы/сы: Эстафета таяқшасы қолдан қолға өту барысында қыздар жігітке, жігіттер қызға ұсынуын қатаң ескерткім келеді. Таяқшаны ұсынбас бұрын алдын-ала ұсынатын адамыңызға ескертіп, рұқсатын алғаныңыз жөн. Сәттілік!©

Эстафета таяқшасын, banzaika1990 -ға лақтырдым, ұста бауырым! :)

25 пікір

mairosh
Амигооо!)))) Пингвиндер биі жасасын!
Kan
«риск» дегеннен көрі тәуекел деп жазуға болмас па еді. Ата-анан аман болсын Алла 0уат берсин. Махаббатың жақсы
Aknyet99
Есімі кім сонда?
AL-ASTER
Амиго, буынқырамай, түсінікті жазшы, не ол «буынқырап» деген?)))
Korkem
Дәл осылай жазарыңды күтіп едім, әлгі байқауда да осындай қарқынмен жазғансың. Яғни, жегің келіп тұрған, тойыс жейін деп қол созыватқан тортты көзіңді ашып-жұмғанша болмай зып етіп ала кету. мгм, тоймадым…

Пы/сы: сұрағың ӨРТ!
Korkem
кеЧивар
Korkem
қалыпты жағдай, ең басында сондай болады. Тойып алып өкіну неткен жаман. Ойлап жүрсеңіз, демек жақында нәтиже беріп қалар)))
Korkem
тұтынба демеймін, аз тұтын деймін, қарап отырсақ жейтін наныңызда да тұз, тағамда да тұз, салатыңызда да тұз, тұз, тұз қайда барсаңыз да — тұз. Тұздың орнына табиғи дәмдеуіштермен дәмін келтіруге болады. Мысалы, бұрыш, сарымсақ, ащы қызыл бұрыш… Очм, тұздан бір құтылсаңыз, екіншілей өзіңіз де кәдімгідей тұзсыздыққа үйреніп қаласыз.
Korkem
ие, ие содан ғой еркек атаулының «түзде жүрсем батырмын, үйге келсем әйелмін» деп әлсіздік танытуы)))
Korkem
барынша сыпайылық танытқан түрім еді
Zhassiko
Құпия агенттікте істесеңіз екен… Біреудің махаббат поэмасын жүдә жақсы айтады екенсіз..))
Zhassiko
Тым болмағанда атын, жасын, тым болмағанда нешінші сыныпта көрістіңіздер??? вооот құпия! ҚҰПИЯ!!!
AKA
Жүдә, соны жазса танитындай қоймайдкеСтер сұрап. Жазбады, өз еркі ғой…
Zhassiko
қоябересалсаңыз болмай ма? Кімде кім бар, Амиго+Пістегүл, Пістегүл+Амигосынан хабардар болып жүретін ек сонда да..))
AKA
Мадииис, жауабыңа ырзамын, амиго! Сенің ата-анаңмен тұрғысы келмесе, онда күдіктене беруге болады. Шын сүйсе, бүткіл әулетіңмен бір бөлмелі квартирада тұруға да келіседі.
Nursultan2002
маған ешкім таяқшаны бермесін.Менің махаббатым жоқ!
Zhanat
қойған сұрағың ұнап отыр. тема сұрақ екен
banzaika1990
ал маған қалай ұнап отырғаның айтсаңызшы, аж көзім бақырайып кетті. )))))))))))))))))))))) тема сұраққа темааааааа жауап қайдан табылар екен аааааа
banzaika1990
Сұраққа жауабыңыз өте дұрыс. Көзқарасымыз ұқсайды екен.
Эстафеа таяқшасы ауырлап кеткен сияқты ма қалай өзі?!
qyrmyzy
Бүгін күтеміз!
pana
юмормен, жеңіл, әдемі, и смысл есть)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.