Эстафета жалғасы

Таусылмайтын махаббат /


1) Бала махаббатыңыздың есімі кім? Ол қазір қайда?
Есімі – Тимур. Қазір өзінің ауылында.

2) Бұл махаббат сізде қалай басталды, ерекше бір оқиғаңызбен бөлісе отырсаңыз

Сұраққа жауап бермес бұрын, әуелі бұл не сұрақ дегенді түсінген лазым болар.
AL-ASTER дің осы сөзіне біраз ойланып қалдым.

Мектеп кездерінде бірге ойнап, бірге күліп жүрген ұл балалар көп болды. Кейбіреулері сырттай ұнайтын да, келбеттері, қылықтары, жүріс-тұрысы т.б. Үнемі сол баламен ойнағым кеп, соның жанынан табылуға тырысатын кездер де болатын. Бірақ… Бірақ меніңше бұл махаббат емес. Бәлкім жай бауыр басушылық болар, бәлкім балалық, уақытты қызықты өткізудің амалдары болар, не болсада бұл махаббат емес еді. Үлкен сыныптарда да бірге жүріп, бірге ойнап-күліп жүрген балалардың бәріне тек шынайы достық көзқараспен қарайтынмын.

Менің махаббатым студенттік өмірімнің екінші курсында басталды. Алғашқы, қазіргі уақытта соңғы махаббатым да сол.
Ол қасымыздағы университеттің сырттай бөлімінде оқитын. Басқалардай бір-бірімізді сырттай көріп ғашық болып, ұнатып әдейі келіп танысқан ештеңеміз жоқ. Кездейсоқ сабақтан қайтып бара жатып таныстық. Танысқаннан кейін онымен араласам деген ойымда да болмап еді. Жай кездейсоқ танысу деп ойлаған едім, мән берген жоқпын да. Бірер күннен кейін сыртай бөлім студенттерінің сессиялары бітіп бәрі ауылдарына тарасқан еді. Ол да ауылына қайтып кеткен. Біраз уақыт өткеннен кейін ол маған агенттен авторизация жіберді. Қайдан тауып алғанын кім білсін Мен қабылдадым. Осы күннен бастап жақын араласа бастадық.
Оған деген сезім аяқ астынан, күтпеген жерден келді. Біреуге осылайша ғашық боламын деп еш ойламаған едім. Дәл сол кезде, сол жүрегімнің меймаза шағында, тек оқу, сабақ деп жүрген кезімде біреумен жүрермін, біреуді сүйіп қалармын деген ойлар мүлдем болмаған еді. Жүрегімде оған деген махаббат сезімінің оянатынын алдын ала білсем оны өзімнен алысырақ ұстар ма едім бәлкім.
Сүйген адамың алыста болса махаббаттың дәмін екі есе ұғасың екен. Махаббат тек – лаззаттан ғана емес, сонымен қатар – Сағыныштан, Мұңаюдан, Уайымнан, Күтуден тұратынын түсінесің. Жүрегіңмен арпалысқа түсесің.

Бірге болған кездеріміздің әр сәті ерекше еді. Мынау ерекшерек деп бір-ақ күнді еске сақтарлықтай емес. Оны еске алсам бірге болған барлық күніміз бірі қалмай көз алдымнан өтеді. Құдды бір телехиқаядай. Бір күнімізді бірінсіз ерекше деп бөліп айту мүмкін емес. Бір күннің қызығын айту үшін алдыңғы күнімізді еріксіз еске алуға тура келеді.

Алғашқы махаббатым бала кезімде, мектеп қабырғасында келсе маған бұлай қиын болмас па еді. Ұмытуыма да жеңілірек болар ма еді. Кім білсін?!

3) Онымен қоштасқаныңа өкінетін сәттер болама? Өмір жолы қайта табыстырса дәл сондай сезімді келтіре аласың ба?

Өкінбеймін. Талай күндер, талай түндерді сарп етіп, сырласып осылай болғаны дұрыс деп шешіп, жақын адамдардай қоштасқаннан кейін еш өкініш жоқ. Болуы да мүмкін емес еді. «Әттең, екеуміз бірге болғанда ғой» деп бір сәтке өкінсем оның да жүрегіндегі жараны қайта тырналайтындаймын. Сондықтан да осы күнге дейін «Еш өкінбеймін. Әлі де екеуміз де бақытымызды табармыз» деген оймен ғана келемін.
Қайта табыссақ екеуміз де мән бермей өтіп кете алмайтынымыз хақ. Сондықтан тағдыр бізді енді жолықтырмағаны жөн болар.
4. Эстафета жалғастырушының сұрағы:
Адамды ұзақ уақытқа жалықтырмай ғашық ететін, қандай қасиет болуы мүмкін?

Адамдар әртүрлі ғой. Бірі ғашығын жалықтырмас үшін түрлі әңгімелер айтып үнемі көңілін көтерумен болады. Бірі сүйгенін жалықтырмас үшін күнде әр түрлі қызықты жерлерге апарып көңілін аулайды. Бірі жақсы көрген адамын жалықтырмас үшін күніге түрлі сыйлықтар жасайды.
Сүйгеніңді жалықтырмас үшін, өзіңнен алыстатып алмас үшін еш айла тәсіл жасаудың қажеті жоқ. «Анау сүйгенін анда апарыпты менде сөйтейін», «Мынау сүйгеніне түрлі өлеңдер оқиды екен, маған неге өйтпеске» деп біреуге еліктеудің де қажеті жоқ. Тек сезімің шынайы болса болғаны. Жан тәніңмен, бар жүрегіңмен, бар ойыңмен, санаңмен сонікі болсаң болғаны. Шынайы махаббат ешқашан сарп етілмейді, еш таусылмайды. Яғни егерде сенің махаббатың шынайы болса, сен сүйгеніңді бір сәтке де жалықтыруың мүмкін емес. Жүрегіңдегі таза, кіршіксіз махаббатыңның күші — екі ғашық өмір бақи қол ұстасып үнсіз өтсе де бір-бірінен еш жалықтырмай, әрдайым ынтық, әрдайым ғашық етуге жетері хақ.

5. Эстафетаны жалғастырушыға сұрағым
Өміріңде бір сәт болсын басқа ұлттың хас сұлуына «Пах менің жарым осындай болар ма еді???» — деп тамсана қараған кезің болды ма??? Және аралас некеге көзқарасыңыз туралы біраз айта кетсеңіз.

Пы/сы: Эстафета таяқшасы қолдан қолға өту барысында қыздар жігітке, жігіттер қызға ұсынуын қатаң ескерткім келеді. Таяқшаны ұсынбас бұрын алдын-ала ұсынатын адамыңызға ескертіп, рұқсатын алғаныңыз жөн.

Эстафета таяқшасын kema -ға ұстаттым. Сәттілік.

10 пікір

AKA
Алғашқы, қазіргі уақытта соңғы махаббатым да сол.
Мынадан кейін әлі де бірге шығар десеееееееем…
Zhanat
Сұрақтың жауабын жақсы беріпсің, шығыстың қыздарының ақылды болатынын тағы бір дәлелдедің)))
qyrmyzy
Сезіміңді әдемі жеткізіпсіңөзімді көрдімНеге айырылысып кеттіңдер? Банзайка, жіләдім. Бақытты болшы.
banzaika1990
болды ғой себептер
pana
«Мынау сүйгеніне түрлі өлеңдер оқиды екен, маған неге өйтпеске» деп біреуге еліктеудің де қажеті жоқ. Тек сезімің шынайы болса болғаны.
керемет!
AL-ASTER
Екеуіз егіз бе едік?! Иә, иә екеуміз егіз едік, демек жауабымыз да егіз дегеннен басқа айтар жоқ, амиго.
Togzhan
Сезімтал екенсіз ғой) Өте күшті күшті жазылған!
№1! әсіресе сұраққа жауап жақсы жазылған
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.