Ыстық алақан (эстафета)

Таусылмайтын махаббат /

Сәлем))) Көптентен бері жазба салмаған едім. Кешірім сұраймын. Онымен қоса таяқтың бір ұшы маған кеп тигенде, үстімнен жай түскендей болды. Алайда не болса да ешкімге айтпаған шала мазаббатымды, бала сезімімді алдарыңа жайып салдым. Менде де жүрек бар...

1) Бала махаббатыңыздың есімі кім? Ол қазір қайда?

Еххх))) Махаббатсыз дүние бос, оны хайуанға қос © демекші, бәлкім, мүмкін шала махаббат па, білмейм, біз де бір тулақ сезімнің күйін кешкенбіз. Сая мені қатал жан деп ойлап жүріпті)))
Шіркін сол бір дәурен келмеске кетті(((
Ол қазір Астанада, есімі Назира

2) Бұл махаббат сізде қалай басталды, ерекше бір оқиғаңызбен бөлісе отырсаңыз

Кішкене ғана жанарымнан....
Әңгімені былай бастайын. Мектепте 9-сынып бітірген кезім еді. Өте нашар деген бағамен бітірдім, тоғыздың куәлігінде тоғыз үш болды. Қазір айтсам ешкім сенбейді)) Содан амалсыздан колледжге түсемін деп белімді бекем будым. Барып құжаттарымды өткізіп тастағам. Қабылдау комиссия маған: «емтихан алды дайындық курсы болады, қаласаңыз жазылыңыз», — деген болатын.

Жаздың жайма шуақ күндерінің бірі еді. Аялдамада тұрғам. Барар жерім сол колледж)) Менің үй жағымнан (үйім ол кезде аялдамадан бір шақырымдай алыс болған) бір әдемі қара торы© қыз келе жатыр. Мен тұрған аялдамаға ол да кеп тұрды. Кішкене екі көзім елең етті. Негізі бір көргеннен ғашық болуға оған дейін сенбейтінмін. Бір шамамен он минөт тұрған шығармыз. Қайта қайта сол қыз тұрған жаққа қарағыштап қалдым. Әсем мүсініне көз тоймайды. Амалым не, отыратын автобусым кеп қалды.
Жолда кетіп барам, барар жерім алыстау еді. Бар ойым әлгі қызда… Бір сөзбен есенгіреудің аз-ақ алдында тұрмын. Бар арманым оны қайта көру, болмағанда бір-ақ рет ғана көру…

Тағдырдың сыйы
Ұшқыр ой мен лүпілдеген жүректің жетегімен колледжге қалай келгенімді де түсінбей қалыппын. Барлық талапкерлер есік алдында у-шу болып жүр. Менің санам әлі меңіреу. Жұрт қайда барса мен сонда жүрмін. Бір уақытта барлығын бір үлкен акт залына жинап, дайындық курсын оқытуға топ-топ қылып бізді бөле бастады. Тізімдегі есімдер бірінен сон бірі кете бастады. Бір уақытта: «Асанова Назира, ВТ-1 тобы» деп тұр. Қарасам, бағанағы аялдамадағы қара торы сұлуым. Ішімнен «міне, саған тағдырдың сыйы» дедім. Ал енді отырып жанағы қызбен бір топта болуымды тіледім. Не деген қанағатсызбын. Бағана ғана бір көрсем жетеді деген ем. Екі саусақты айқастырып жіберіп тілеп отырмын. Адамдар тізбегі алі біткен жоқ. Онымен қоса алпабит бойынша жүріп жатыр. Қырық минөттан соң барып менін есімім аталды. Орнымнан «Мен» деп атып тұрыппын. Ағай: «Тәәәәәк, сені кәзір… ИТ-1, жоқ ВТ-1» — дегені… қуанып кеттім. Жанағы сұлум менің оған қалай қарағанымды байқап қойған сияқты. Менің жымиып мәз болғаныма ол да аздап мырс етіп әдемі күлкісін естіртті. Ұялғанымнан алыстау бір жерге барып, алыстан ғана бақалуға бел будым.

Ыстық алақан
Сонда бір аптадай уақыт өтті. Дайындығымыз енді ғана басталғанды. Аудиторияға кіріп жайғастық. Әр кім қалаған жеріне жайғасып жатыр. Мен мектептегі әдетімше артқы жақтан орын тептім. Сұлум ең алдында. Математика сабағы. Есептер беріп бастады.
Қандай құдіреті күшті күш мені билеп алғанын білмейм, үшке бітірген сабақтың есептерін сартылдатып шығарып жатырмын. Анау сұлуым маған қарап кояды.
Үзіліске шықтық. Ешкім бір-бірін танымайды. Ал таныса бастадық. Әдеттегідей жігіттер өздері бөлек, қыздар бөлек. Ұлдармен танысып болдық. Кезек қыздармен))) Барлығымен таныстық.
Алдына келдім. Албыраған жүзі, шиедей қызыл ерні, ботадай қара көзі… Есімнен адастырып барады

— Сәлем. Ме ее ен — Ке е мелмін, – бітті сөзім…
— Нәзирамін, – деп, жіңішек нәзік дауыспен оң қолын ұсынды. Ана жерде алақаным терлеп кетті. Қолымды шалбарыма сүрет қолын алдым. Ыстық…
(Атақты БИТЛС тобының бір әнінде «Махаббаттың ең кереметі — қол ұстасып жүру» дегені есіме түскені)

Жердегі жаннатым

Сабаққа енді тек сол қыз үшін келетін болдым. Екеуміздің әңгімеміз бітпейтін. Сүйтіп арада төрт бес күн өтті. Кейін жақынырақ таныса келсек, екеуміз көрші болып шықтық. Ол артқы көшеде тұрады екен. Сабақтан бірге қайтамыз. Автобусқа қатарласып отырамыз. Мен сондай бақытты едім. Көрген сайын «мен сені сүйеем» деп айта салғым келеді. Тек бата алмадым. Онымен өткізген әр секунтымды бағаладым. Қорқақтық іштегі бар сезімімді шығартпады. Бата алмадым. Айта алмадым. Мен үшін оның жанында отырып әдемі күлкісін естудің өзі бір ғанибет еді. «Кемел» деп шақырғаны алі күнге дейін құлақтан кетпеді.
Махаббаттың ащысы мен тәттісін қатар көргендеймін.

3) Онымен қоштасқаныңа өкінетін сәттер болама? Өмір жолы қайта табыстырса дәл сондай сезімді келтіре аласың ба?
Өкініш? Неге өкінем? Жоо жооқ, өкінбеймін. Екеуміз алі күнге дейін араласамыз. Бірақ бала махаббат, ол шала махаббат!!! Мендегі жүрек ендігі басқа жанның еншісінне кетті.
Ол енді менің жердегі жаннатым.

4) Эстафета жалғастырушының сұрағы: Өміріңде бір сәт болсын басқа ұлттың хас сұлуына «Пах менің жарым осындай болар ма еді???» — деп тамсана қараған кезің болды ма??? Және аралас некеге көзқарасыңыз туралы біраз айта кетсеңіз.

Күлкімді еріксіз келтірді)))) Қайдасындар Украинаның хас сұлулары???
Иә, бір сәт ойлағам. Әсіресе орыстың сұлу әйлдеріне қарап, түріктің ибалы келіншектеріне қарап. Біреудің әйелі біреуге қыздай көрінеді © деген мақал бар ғой. Еркек болған соң қарайсың, ойлансың))))
Аралас некеге өз ойым қарсымын. Не болсақ та қазақпыз ғой. Қанша шет ел қыздары сұлу болып тұрса да, мен үшін қазақ қыздарынан асқан хас сұлу жоқ. Мен еріксіз ғашықпын барлық қазақ қыздарына.

5. Эстафетаны жалғастырушыға сұрағым
Махаббат: реал\виртуал.

Пы/сы: Эстафета таяқшасы қолдан қолға өту барысында қыздар жігітке, жігіттер қызға ұсынуын қатаң ескерткім келеді. Таяқшаны ұсынбас бұрын алдын-ала ұсынатын адамыңызға ескертіп, рұқсатын алғаныңыз жөн.

Эстафета таяқшасын saya -ға ұстаттым. Сәттілік.

27 пікір

Ak123
Махаббатсыз дүние бос, оны хайуанға қос ©
qyrmyzy
Не деген ерлік… суретімен бірге… жіләдім. Негізі, шын ниетпен қаласаң, бәрі болады. Мен де интернатқа түсу үшін емтихан тапсырып жүрген кезде оралдық қызбен таныстым. Енді ешкімді танымайсың… онымен жақсы араласып кеттік, үй телефонын алмасып, күнде хабарласып тұрдық. Конкурент емес, тілеулес болдық бір — бірімізге. Не керек, екеуміз де түстік. Ал, содан кейін бір сыныпта болсақ екен деген ой келді… не керек, жоғары жаққа біз де апталап саусағымызды хтаған болуымыз керек, бір сынып, бір бөлме, бір парта бұйырыпты. Қазір ол тұрмыста. Жақында балалы болады. Жәй, есіме түскен соң жаздым:) Мораль:
kema
Мораль тіле))) Орындалады))) Қатты қаласан ғана
qyrmyzy
Атақты БИТЛС тобының бір әнінде «Махаббаттың ең кереметі — қол ұстасып жүру» дегені есіме түскені
Мына ән:
kozy
Аралас некеге өз ойым қарсымын.
өте дұрыс, менде қарсымын. Белорус арулары маған көз салмаңдар, мен қазақ қызыныңкімін
qyrmyzy
меніңкісін:) Прадамды әкел!
kozy
— Сәлем. Ме ее ен — Ке е мелмін, – бітті сөзім…
қыздар ренжімеңдер, біз өзі сондай халықпыз
Jako
біз де бір тулақ сезімнің күйін кешкенбіз.
түсініксіздеу теңеу екен…
Кішкене екі көзім елең етті.

Бұл жерде де келіңкіремейтін сияқты.
аздап мырс етіп әдемі күлкісін естіртті.
мырс ету әдемі күлкі емес, мысқыл күлкіге жатады.

Жалпы жақсы жазылыпты.
Daniar_alan
мырс ету әдемі күлкі емес, мысқыл күлкіге жатады.

сонымен қатар менсінбеуге де жатады :)
User
шамалы шашылып жатыр  екен.
AKA
Уа чааа, ерлік! Әсер мықты, ұнады жазба. :) Қазіргі профессор тұлғаңызға кезінде ыстық алақан да әсер берген екен :))
pana
тоғыз үш?? өткенде айтқан «кәдімгі адам екенсіз ғоо,2»)))))))әдемі жазыпсыз әдемі қыз туралы))!
pari
Бала махаббатыңыз Нәзира айдай сұлу екен.
2) Бұл махаббат сізде қалай басталды, ерекше бір оқиғаңызбен бөлісе отырсаңыз
мына сұраққа жақсы жауап беріпсіз. Онымен қоса 4 бөлімге бөліп тастапсыз. Бөлімнің тақырыбы да келісті, жарайсыз!
мына сөзге
Екі саусақты айқастырып жіберіп тілеп отырмын
қатты күлдім.Бірақ неге екенін білмеймін. Пост жақсы жазыпсыз
Ais_97
Жақсы жазыпсыз!
Korean_Boy_5113
Жақсы, маған ұнады.Вот это да любофффффф…
banzaika1990
Таяқша ұстатып бір шошытып, сұрақ қойып бір күлдіртіп көңіліңізді бір көтеріппін ғой)))))))))
Ұнады, рахмет, жақсы жазыпсыз!!!
kema
meni myn kubyltkan, sizge rahmet))
Delfina
Керемет жазылған! Мықты ұнатқан екенсің неге сонына дейін бармадын? Ұнамай қалдыма әлде?
kema
tagdyrdyn jazganynan asyp kete almadym. Unamai kalu degen bolmady goi(((
Delfina
Тағдырдың жазғанына көніп жүре бермеу керекқой. Әркімнің тағдыры өз қолында.Тежеу болмасан ол сендік болар едіма деп ойлап отырғанымғой))
kema
sonynda ol janga men sezimimdi bir japyrak kagaz alyp, olen retinde jetkizgenim bar edi))) meniki jauapsyz kalgan mahabbat boldy goi. Rahmet, apke, nietinizge))))
MSHERIMBEK
Kordik, kordik:) Muhabbatty:)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.