Алғашқы махаббат ол не еді?

Таусылмайтын махаббат /
Жанаттың осы аттас эстафетасы жүріп жатқанын оқып содан жазғым келді. Мен үшін алғашқы махаббат ол шынымен махаббатың не екенін сезіндірген жанның сезімі шығар. Негізі эстафета сұрақтары бойынша жүріп өтсем.
Эстафета сұрақтары:
1) Бала махаббатыңыздың есімі кім? Ол қазір қайда?
Ринат. Ол қазір алматыда тұрады. Қызық, алдында оны жолда көріп қалдым, бір түрлі ыстық көрінді. Онымен өткен күндер оқушылық күндердің қызықты сәттерінің бірі еді. Себебі, сені басқа адамның жақсы көруінің не екенін маған алғаш сездірген сол еді :). Сабақтан күтіп алады, балдардан қорғайды дегендей. Ол сондай қамқоршы еді. Қазір мектептегі балалар ғашық екен десе, ой бала махаббат қой деп ойлаймын, сол кезде өзімізді үлкен сезінуші едік біздің сезімге жететін сезім жоқтай көрінетін…

2) Бұл махаббат сізде қалай басталды, ерекше бір оқиғаңызбен бөлісе отырсаңыз.
Ауылда махаббат хат беруден басталады ғой, ол маған хат жазып жіберіпті, Мақпал досым әкеп берді. Оны мақтай жөнелді: " ол өте ақылды, батыр, адамгершілігі мол әдемі жігіт, жүрсең өкінбейсің (прям үйленетіндей :)) мектепте атаман, спортсмен" содан, бір аптадай ойланып «иә» деп жазып жібердім. Залда оны көріп қалсам қызарып, тез- тез жүріп өтіп кететінмін қасынан. Кейін ол амалын тауып амандасатын болды, тоқтатып сөйлесетін болды :). Менің кішкентай сіңілім бар еді 2- класта оқитын, соның класындағы балалар мені қуалағанды ұнататын, білмейм переменде маған тыным бермейтін :). Қыста, солардың бәрі мені қарға шомылдырып кететін, кейін Ринаттың артына тығылып алатын болдым, балалар қорқып қар атқыламайды маған. Сіңілім келіп айтады ғо: «жігітің атаман екен ғо, біздің балдар қорқып жүр деп» күлем ғой «енді ол үлкен ғой деп» сөйтсем сіңілім «жоқ, балдар айтты ол жігіт атаман біз қорқамыз, ана қорқақ тәтеңе айтшы ананың артына тығылмасын» деп айтты дейді саған деп :).

3) Онымен қоштасқаныңа өкінетін сәттер болама? Өмір жолы қайта табыстырса дәл сондай сезімді келтіре аласың ба? Онымен қоштасқаныма өкінбеймін, бірақ оған мені сол кезде жақсы көргеніне рахмет айта алам. Онымен жақын күнде сөйлескенімде ол да маған алғашқы махаббатының мен болғаныма өкінбейтінін және ең ерекше сезімді кешкенін айтты.
Ал қазіргі табыспайтын шығармыз деп ойлаймын, себебі менің жолым басқа оның жолы басқа. Ол маған бақыт тілейтінін білем, мен де оған бақыт тілеймін. Ол қазір менің қамқоршы досым ғана. Қазір ол кездегіден күштірек сезімді басқа адамға сезініп жүргендіктен де ол сезімді енді оған сезіне алмайтыныма сенімдімін.
Солай, мен үшін алғашқы махаббат менің мектептегі қамқоршым, қорғанышым еді… Ринат, рахмет!

10 пікір

Zhanat
Бізге де біреу бұрынғы күндердегі ерліктерімізге рахмет айтса ғой)))
Aikona
айтады, әлі айтады ))
banzaika1990
Айтып жатқан да болар. Бәріне жар салып айтсақ та көздеріңізге тура қарап айтуға дәтіміз бармайды ғой, бармайды. Қайтеміз енді…
Korkem
Тамаша, өте тамаша жазыпсыз))) Ертегідегідей екен))) эста таяғын біреуге қыстыра келкеніңіз жөн еді-ау)
Aikona
Эстафета өз ретімен жүріп жатқан шығар деп ойлап ем.
AKA
«жоқ, балдар айтты ол жігіт атаман біз қорқамыз, ана қорқақ тәтеңе айтшы ананың артына тығылмасын»

Сондай позитивті, ашық махаббат екен. Абылай, Ержанның жазбасы қайда? Ішіндегі сұрағын осында қалдыршы, Айкона әпкем жауап береді, сосын басқа сұрақ қойып бір жігітке ұсынады.
Aikona
Сұрақтарыңды қойыңдар сонан кейін бір адамға ұсынайын. Рахмет АКА!
mairosh
Осымен эстафета аяқталды ма? Жазба күштіі. ұнады)))
qyrmyzy
Айкона, болашақта да Ринат сияқты жігіт жолықса екен саған… Былайша 5тің корочкасы бар менде
Aikona
айтсын, аумин))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.