Махаббат ол - ...

Таусылмайтын махаббат /


Махаббат ол — бір біріңнің жүрегіңді түсіну…
Махаббат ол — «гүл алып беретін едім алайда ол ертең-ақ солып қалады ғой» деп ойламау…
Махаббат ол — тойыңда жолдас балдарыңмен қуып кетпей, келіншегіңе де көңіл бөлу…
Махаббат ол — айқайлаудың орнына онға дейін санау…
Махаббат ол — түнде әйелің екеуің бесікті кезектесіп тербету…
Махаббат ол — горшокқа сәбиіңді тоса салу…
Махаббат ол — басқа қыздарға барғың келе тұра, арыңның тазалығын ойлау…
Махаббат ол — кемпіріңнен бұрын өлуді Алладан тілеу…

88 пікір

Daniar_alan
жалғастырыңдар. орынсыз флуд, жырқ-жырққа жол жоқ!!! (екі қасты түйіп алған смайл)
AyKoN
Maxabbat ol- kos jurektin ani goi,ozine say dauis kerek ar ange! M. Waxanov
Suiu degen bir-birinin betine karap otiru emes,birigip bir bagitka karau. (avtori esimde jok)
Tan kumarligin alip tastaganda da ozinin omirwendigin joimaytin sezim — winayi maxabbat! («Maxabbat kizik mol jildar» kitabinan)
PS:eki adamnin da bir-birine degen sezimderi ten darejede bolgan jagdayda,alga koygan maksattari bir bagitta orbise,jane birin-biri tan kumarin kandiru uwin emes,mangi birge bakit tabu uwin silasa,jaksi korse minekey,bul winayi sezim!!!
Daniar_alan
Махаббат ол — ішіп алып келіп үйдің тыныштығын кетірмеу…
Daniar_alan
былай ғой… ішудің де ішуі болады. қуып, қырылыс іздеп, қыз іздеп, мал болып кетсең онда тіпті де ішудің қажеті жоқ. Ия келісемін, бойдақ кезіңде жарасады… Ал үйленген соң…
Daniar_alan
пікіріңнің алғашқы бөлігі сәл-пәл нелеу енД… ал екінші бөлігімен келісем. Сөйту керек…
zhomart
Махаббат ол — сыйластық
Ademi
Махаббат ол — cүйіктіңді қуантуға тырысу…
Daniar_alan
Махаббат ол — қызыңның/әйеліңнің пендияуи мұқтаждықтарын қанағаттандыру…
Aikona
пендияу ол не? )
Daniar_alan
:) сіз ойлағандай емес… күнделікті қажеттіліктері. тамақ, косметика, киім т.б.
Ademi
Махаббат ол — сүйіктіңді достарыңның\достарының көзінше сыйлау үйге келген соң айғайласа беруге болады:)
baqyt_izdegen_Chernyi-belyi
Mahabbat ol — birge baqyt izdeu
Mahabbat ol — baqytty bir-birinen izdeu

Mahabbat ol — onyng qasynda bolghanda Chernyi-belyi emes osyndai bolu
Daniar_alan
Пайнтпен суретті дәл және анық, түсінікті қылып салатыныңыз көңіл қуантады :)
baqyt_izdegen_Chernyi-belyi
3D redaktorda 2D modelde zhasalynghan beine, Paintta tek betindegi bezeuleri tazartyldy
qyrmyzy
черно белыйййййй
Aikona
Махаббат ол- оның көңілін көтерудің жолдарын ойластыру
Махаббат ол- қандай тамақпен таңқалдырсам екен деген ізденіс
Махаббат ол- оның көзінде әдемі көрінудің жолдарын жасау
Махаббат ол- оны қанағаттандыру жағынан ізденіс
Daniar_alan
мынауыңыз махабат әйел көзімен болды :)
Ademi
әркім өзінікін жазады да
Ademi
Махаббат ол — оның қас-қабағынан бәрін түсіну
Daniar_alan
оффтоп үшін кеЧром. Мынадай әнек түсіп кеткені еске:

Күйеуі әйеліне еш көңіл бөлмейді екен. Күндердің бір күнінде әйелі бұл уақиғаны жөндемекке бел буыпты. Бір күні дүкенге барып әдемі іш киім сатып алып келіпті да күйеуінің келуіне қарсы киіп куйеуінің алдынан шығыпты. Күйеуі байқамай өтіп кетіпті. Екінші күні салонға барып таранып, боянып, сыланып ашыпты есікті. Тағы да байқамапты әлгі мәжнүн куйеуі… Үшінші күні жыны шыққан әйелі басына противогаз киіп тыр-жалаңаштанып шығыпты. Күйеуі байқамай өтіп бара жатса әйелі: «Жаным, менің бойымнан еш өзгеріс байқап тұрған жоқсың ба?»,-десе күйеуі: "… не шашыңды алдырып тастағансың ба не.." деп ары өтіп кетіпті дейді халық артындағы аңыз…
qyrmyzy
Махаббат ол — санаспау
Korkem
Махаббат ол — кемпіріңнен бұрын өлуді Алладан тілеу…
Daniar_alan
енД дұрыс қой… менің түсінігімше «Аллам, кемпірімнің алдында ал» деп тілеп жатқан шалдың және кемпірінің арасында сұмдық махаббат болған бұрын…
Korkem
күлкімді келтірмеңізші мәселе басқада ғой…
Daniar_alan
хахааа көпті көрген, қу қыз болдың сен! жәрәйд мойындайм. Шалдар ішкиімдерін келіндері жуғызғысы келмейді! сооолл уопшым…
Korkem
мойындаған өмірімдегі үшінші еркек
Daniar_alan
мойындаған өмірімдегі үшінші еркек

әлгі байғұс екеуінен де қинап отырып суырып алдыңыз ба? :)
Korkem
жоға ешкімді қинамайм мен, сізді қинағам жоқ қо ағасы-ау
Daniar_alan
мұнан шығатын қорытынды: еркектер өздерін ғана ойлайтындар?.. ал жынысаралық батальяларыңды бастап жіберіңдер…
Korkem
Махаббат — ол батылдылық
Daniar_alan
ең бастысын айтпадыңдар мүміндер!!! МАХАББАТ ОЛ — КЕШІРУ!!!
pana
Махаббат- еркіндікті құрметтеу, біреудің уақытының бәрін өзіне еншілеп, басқан ізіп аңдып жүріп жақсы көретіндерді түсінгім келмейді,
Махаббат — екі адамның өсуі,
Махаббат — еңбек,
Махаббат — қуанышыңмен бөлісуге асығу,
Махаббат — жақсы көрген адамыңның өзін жақсы көргенін, өзін сыйлағанын да қалау…
AKA
Махаббат — сенім.
Махаббат — сабыр.
Махаббат — сүйіспеншілік.
Zhanat
Махаббат -жүректегі адамның күлімдеуі!
Махаббат- жүректегі адамның еркелігі!
mairosh
вау ағасы сіз мындада жүрсіз ба?
МАхаббат ол біреуге — сағыныш, екеуге — қуаныш, үшеуге — қызғаныш…
Daniar_alan
жақсы айттың… дәл!!!
pari
Махаббат ол — қос ғашықтың жұмағы
Махаббат ол — ғашықтар арасын жалғайтын көпір
Махаббат ол — дүниедегі нәзік ақ пейілді періште
Махаббат ол — қосу-алу, шығарып сап, тосып алу (МелоМен)
Махаббат ол — қыз бен жігіттің жүректерін қосып тұтас жүрек жасаушы
Махаббат ол — адамның басына бірнеше рет берілетін алып күш иесі
Махаббат ол — екеудің қосындысынан бірнәрсе шығару
Махаббат ол — сенім мен сезімнің анасы
Махаббат ол — қаймағы бұзылмаған сүт, дәмін бір татып көресің
Махаббат ол — … деп кете береді, Очм, айта берсең толып жатыр
User
қаймағы бұзылмаған сүт, дәмін бір татып көресің

сылышкам сөйлейд дегенге…
User
екеудің қосындысынан бірнәрсе шығару

Оооох МОРФ,
qyrmyzy
әрі қарай жазбай-ақ қойшы
Uleke
махаббат, ол — өзің ішпей, бір кісіні тамақтандыру; сол кісіден бұрын ұйықтамау; қызық емес әзіліне күлу; мыжың сөзін құптау; не айтса да екі етпеу…
pana
госслужбада істемейсіз ба случайно))
Daniar_alan
жо бұл кісі бастыққа деген махабатты айтып отыр ғой…
Daniar_alan
ол да махабаттың бір түрі…
Uleke
әрине, өмірімнің бастығына деген махаббат…
Ais_97
Махаббат ол -үлкен құдіретті күш. Махаббат ол- сенім, махаббат ол-гүл, махаббат ол-асыл ана, махаббат ол-сенімді дос, махаббат ол-шексіз бақыт, махаббат ол-түпсіз қиял, махаббат ол- Отан, махаббат ол-адал жар, махаббат ол- адамды еріксіз өзіне бағындыратын, еркіңнен тыс арманға апаратын, жүрегіңнің төрінен орын алған, адам жанына өзгеріс ен-гізетін, сөзбен айтып жеткізе алмайтын –Ұлы сезім.
User
Ауыз-екіде тура осылай сөйлемейсің ау.
Manas
Алдымен Жаратушысына, еліне, ата-анасынадеген махаббат болмағасын мынандай махаббаттан пайда жоқ.Өйткені олар күн ертең-ақ осындай болып, ажырасып тыңады
Uleke
дұрыс, адам бәрінен жалығады!
dimash
Жоғарыда жазылды ма жазылмады ма қайдам.
Мхббт ол — өзіңнің жауапкершілігіңді екі есе көбейту ©


Мынау смайл бір адамды еске түсіріп жіберді ғой… Барлығымыз танитын адам.
Korkem
Мхббт ол — өзіңнің жауапкершілігіңді екі есе көбейту
махаббат емес, үйлену ол))

— Садок?
dimash
)) Дәл соның өзі , Шотландияда тұрса осылай жүред))
mairosh
«юбка киген еркектер» есіме түсіп кетті бірақ…
kema
mahabbatta… Ohh, aitsan tausylmaidy))) Odanda anek tyndnyzdar))

Bir kuni ajemiz kelinin bolmesine kirip kelse, jalanash jatkan kelindi koripkalad. Sasakan kelin
— Aje, bul mahabbat koilegi -depti.
Arada birneshe kun otkennen kein, uide shaly ekeui gana kalgan ajemiz. Jatyn bolmege baryp ustinen baryn sheship tastapty. Sol mezette atamyz bolmege kirip kep:
— Mynauyn ne? — dep surapty.
Ajemiz kysylmastan:
— Mahabbat koilegi- depti
Atamyz:
Bolmaganda sol koilegindi UTEKTEP kimedin be?! — degen eken…
Daniar_alan
хахахахааа мындағы смайлдарды қосу керек ауууу дим админ?!!
AKA
Мында бәрі жазылған, орнатып алыңыз. Бұл түсініксіздеу болса, мынаусы да жарай береді.
mairosh
әженің махаббаты
Daniar_alan
әжелерде махаббат болмай ма сіздің ойыңызша?
mairosh
әже мен атаның махаббаттары дастархан басында екеуі шүйіркелесіп шәй ішумен ғана тоқтала ма деп ойлағанмын.
Daniar_alan
ол жерде махабаттың алғашқы шарттары құрылады!!!
ereke_enu
Махаббат, махаббат деп бір күні «Ниче, каблук тоже крыша» деп жүрмесеңдер бопты
Aikona
Махаббат ол — Оны ойлай беру
Махаббат ол — оған алаңдау
Махаббат ол — сенің қаныңның тоқтығын, қалың киінгендігіңді сұрағандағы көңілі
Махаббат ол — сенімен бірге қайғыруы
Махаббат ол — түсіністік!
ereke_enu
Махаббат — ол шаңын сүрту, вирустардан тазалау
Махаббат — ол ең жаңа аксессуарлар сатып алып, бар жағдайын жасау
Махаббат — ол барлық өнімдерін жақсы көру, кемшіліктеріне түсініспеншілікпен қарау
Махаббат — ол өзге «мешоктарға» сатылмау )))
qyrmyzy
мынау нағыз проггердің махаббаты тырнақша ішіндегі…
ereke_enu
Сен білсең ғой, мына сөздерде қандай үлкен мағына, қандай ыстық махаббаттың жатқанын…
qyrmyzy
осы сен «отырып» қалмасаң болғаны…
pernebekova96
махаббат ол-ішіндегінің бәрін жайып айтып сол сәтте айтқандарын ұмыту
махаббат ол- жанын дүкенге кеткенде балаларына бас көз болып қалу
qyrmyzy
махаббат ол-ішіндегінің бәрін жайып айтып сол сәтте айтқандарын ұмыту
дә?
qyrmyzy
жіләдім, рас па?
Aikona
Махаббат ол — болашаққа тек сонымен жоспар құру!
Ademi
Махаббат ол — біржақты. Бір жақ қана сағынады, күтеді, жақсы көреді Бір жағы болса, қол сілтейді. Біледі кете алмайтынын. Қадіріне жеткенде, бәрі кеш… өкініш… қайғыру…
didi0393
Mahabbat kaidasyn?nestep jatsyn? Kim bar kasynda?Dep sotkaga tynymsyz zvandau)))
Ademi
жоскы © кетті мынау
didi0393
mynau?hmm jestko aitat ekensiZ
khairbek
Фотодагы жыгыт Яттан бір күн бүрын туган екен
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.