Екі қоштасу

Таусылмайтын махаббат /
Бірінші ноутбук бірінші жігіт сияқты, қазір ұнамайды, ал кезінде жақсы көргенсің
Басқасы керек деп (ноутбуктың) айтқан әңгімемнен
1) Бала махаббатыңыздың есімі кім? Ол қазір қайда?
2) Бұл махаббат сізде қалай басталды, ерекше бір оқиғаңызбен бөлісе отырсаңыз

Бірден әңгіменің басын ашып алайық. Онымен сырласпақ түгілі сөйлеспедік те. Жалпы жігіттермен и то кластағы әңгімелесу мүмкін екенін жасым біразға келгенде білдім. Ұят болса да, айтайын (несі қалд енді), общение, араласу, өйту бүйту дегенді мектеп бітіргеннен кейін ұқтым. Опшм, ол жағынан өсуді кеш бастадым.
Бұл қашан болып еді… «Апай күнде түрлі киім киіп келеді, мен неге бір киіммен бара берем» деп қиғылықты салатын бастауыш. «в»-ның балдары сыныбындағы екілікке қосты деп (үздік оқушыға қосса, жағдай өзгеретіндей) жылап келген жыл. Төртінші сынып. Оның аты Бауыржан еді. Бірінші қатарда соңынан санағанда үшінші партада отыратын. Мен соңғы партада. Логикалық байланысты сразу тапқан үш адамға айтарым, для этого много ума не надо. Анығы біреу, соңғы партада отыратын старосталар менен кейін тумады. Ол бала күшті ед, ерекше ед деп айтпай ақ қояйын. Қай жері күшті болғанын білмеймін де. Сүйкімді қара бала, көздері жанып тұратын. Аа, намаз оқитын. 10 жастағы бала түгілі, жалпы намаз оқитын адамды бірінші көруім сол болған шығар. Вооот. Болғаны осы ма деп шығып бара жатсаңыз тоқтаңыз. Тұздығы алда. Ол баланы ең жақын құрбым жақсы көретін сол сыныптағы. Олардың махаббаты ресми еді. Бәрі біледі. Ал менікін ешкім білмейді. Тіпті құрбыма айта алмадым. Аз да болса, острый ощущение бере алдым деп ойлайын) Сабақтан кейін бір-екі рет ойнадық. Сынып екіге бөлініп алған. Мен екі жақпен алма кезек ойнап жүре берем, «черна беру» деген. Пікірге не ойын деп сұрамаңыздар. Оның не мағына екенін ойлап, дүниеден баз кешіп кететін жағдайым жоқ. Ойында мен оны, ол мені қуып жетуге тырысатынбыз. Бастауышпен қоштасу кешінде менің жұбым болды. Өзімнің билегенім, ән айтқаным (ужс, мама папа қайда қарап жүр), өлең оқығаным есімде жоқ. Оның айтқан екі сөйлемі есімде. Қолымнан соңғы рет ұстауы сол. Алғашқы да екенін сразу түсінгендерге бұл жерде респект. Содан кейін ол Ақтөбеге көшіп кетті. (Аты өшкір біздің мектептен ертерек кету керек екенін мен бес жылдан кейін ұқтым. Әдеттегідей кеш.)Тағы да бірнеше жыл құрбыммен хабар алысып тұрды. Кейін ұмытылды өзінен өзі. Ааа, бір келгенінде сыныптағы барлық қыз маған ғашық еді деп кетіпті. Ол кезде оған «какого Фрейда?!» деп гламурно ашуланатын шама жоқ, сыныпта басқа интригалар басталған. Уже басты рөлде мен!)) Бұл бірақ басқа тақырып.

3)Онымен қоштасқаныңа өкінетін сәттер болама? Өмір жолы қайта табыстырса дәл сондай сезімді келтіре аласың ба?
Өкінген жоқпын. Кездессек, жалпы қандай да бір сезім болуы мүмкін. Ұялу болса да. Бірақ дәл бұрынғыдай ешқашан болмайды.

4)Өміріңде бір сәт болсын басқа ұлттың хас сұлуына «Пах менің жарым осындай болар ма еді???» — деп тамсана қараған кезің болды ма??? Және аралас некеге көзқарасыңыз туралы біраз айта кетсеңіз.


Сұлулыққа тамсанам. Ал жігіттің әдемілігіне мән беріп араласқан кезім болмапты. Екі адам бақытты болса, аралас некеге жаман қарамаймын. Бірақ өзім өзге ұлт өкілін «чужой» деген папкаға салып жіберем бірден.Қазақ емес досым да жоқ. Жарым да болмайды.

5. Махаббат: реал\виртуал
Барлық нәрсенің екі (кейде одан да көп) жағы бар. Пайдасы, зияны, жақсысы, жаманы. Виртуалдағы махаббат дер кезінде реалға ауыспаса, қызған темір соғылмаса, екі адамның біреуі қиналады міндетті түрде. Сонысы жаман. Ұяңдығым үшін виртуал маған көп қызмет жасап жүр. Интернет мүмкіндік беретіндей танысам да кейін реалға ауыстырам. Маған екеуі де қызық. Өз уақытында әрине. Алайда көз алдында жүрмеген адамыңа қадірің де болмайтынын түсіндім.

Сұрағым: Күшіңізге айналдыра білген қандай әлсіздігіңіз бар?

таяқшаны Ержан-ға беремін,

30 пікір

qyrmyzy
Сая өзгеріпті… Сұраққа жақсы жауап беріпсің
Manas
салиқалы ма)
pana
салиқасыз болып не істедім сізге?
Manas
ии ол Қырмызығағо
Erzhan
2-ші постымды жазуға қимай жүр едім:)
qyrmyzy
Екінші постың сенсационный бола ма тағы
Korkem
Психолог Саяшкадан ерекше пост күтіп ем)))) қанағат… тоймадым шыны
pana
смайлик қызық кен))
AL-ASTER
Әбілдің, әлгі махаббатымыз индиский кинодағыдай болмаса да, әйтеуір алды емес, арты емес, жұрт қатарлы болған екен
Korkem
AL-ASTER
Соңғы уақытта логиніңізге қатысты фейк барынан күдіктеніп жүрсем де, мына смайликтерден өзіңізге тән қасиеттерді аңғарып отырмын дегеннен басқа айтар жоқ, әлгі… Амиго.
mairosh
AL-ASTER
Сіздікі неге екеу ғана?
AL-ASTER
Сәбет кезінің соңғы жылдарындағы өскіндерміз ғой. Баяғыдооо, досымның үйінде ешкім жоқта барып, су шашқыш ончұқ пүстәлетпен атысып, сервантының бетін өлтіріп сатпақтап, ішіне шеін қиратып мамасынан таяқ жегенбіз. Рас. Мені көп ұрған жоқ. Анау досыма обал болды. Ішімдегі ыңғайсыздықты сезіп, досымның жанына тұрып алып ұрылмасам да, ұрыс естіп өз тарелкама түскім келді.
Пост шашпаңдар дим. Бастаған мен себебі.
pana
бастапқы пікір ыстық көрініп ед(
seit_96
ассалаумағалейкум бұл сайттың мақсаты не? маған түсіндіріңдерші?
AKA
«Апай күнде түрлі киім киіп келеді, мен неге бір киіммен бара берем» деп қиғылықты салатын бастауыш.«в»-ның балдары сыныбындағы екілікке қосты деп (үздік оқушыға қосса, жағдай өзгеретіндей) жылап келген жыл.
Мына жері сәл түсініксіздеу болды маған
Жақсы жазылған, «түсініп ал» дейтін жерлері бар сияқты Жауап пен сұрақ ұнады!
pana
біртіндеп танып келе жатырмын деп те келтірсең болад ғо, қорқыныштыы(((
MSHERIMBEK
:)

p.s. Surettegi ozinnin qolyn:)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.