Көңілімде тулап жатқан сезімдердің иесіне

Таусылмайтын махаббат /
Бүгін жалқаулық басқан бір күн болды, қолдарым жұмыс жасамасада, ойларым жұмыс жасап, бір орында тұрмай шарықтап қайтты. Оның басты кейіпкері өзің болдың. Сенімен шарықтап алысқа бардым, айналып келіп сенің даусыңды естимін де көңілім көтеріліп сала береді.
Бұрындары қашан келесің деген сұрақтың осыншалықты жүрекке жылы тиіп көрмепті. Іңкәрлік сезімдерім оянып, махаббаттың құдыретін мойындап, еріксіз аузыма өлең шумақтары келе береді. Бухгалтериядағы қыздарға сөйлеп тұрып, іштей саған айтатын сөздерімнің қалай шығып кеткенін байқамай қалдым.
Біздің таңымыз енді атып, шырқайтын әніміз енді басталғандай. Алдымызда кейде жарқын, кейде көмескі әрі оқабы мол жол жатыр, ол жолдың аты-ғұмыр деп аталады дейді үлкендер. Сол ғұмыр атты жолда сен сүріне қалсаң қолтығыңнан демейтін, шаршаған кезіңде көңіліңді жебейтін адал жарың болып, мен көрмейтін дұшпанды сен айырып, болашағыма баянды бақыттың нұрын себетін асыл жаным болуыңды тілеймін.

Тамылжып тұр тыныштық айналамнан
Жұлдызы түнге құшақ жайған далам
Жалғыз ғана ұйқысыз жатырмын мен
Ой жарығы жанымды аймалаған
Аққан жұлдыз құласа кейде егер,
Сенің гұрлы бейнең боп кеудеме енер
Әлдеқайда ғайыптан ынтызар ғып
Өміріме бір ғажап сәуле берер

4 пікір

Aikona
Әлі де осылай ғашық болып, әлі де осылай армандайтын, осылай көруге асығатын осылай өмірлік жанын аңсайтын жігіттердің барына қуанып отырмын шын, ішімнен тілектерін берсе екен деп те тілеп отырмын. Мындай жігітке ғашық боп қалар ем қыздар :)))) «Неғып маған арналмайды а» деген қызғаныштан кеттім, на* бір жаққа десең иа ))))
Zhanat
сізге арнап жазып сындырып алу керек екен сізді)))
Aikona
қққққ))) олай оңай ойламаңыз
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.