Ішімде қалған сезім

Таусылмайтын махаббат /
Ойланып жатырмын. Сол біреуді. Қиялымдағы арумен бақыттымын. Өзімше. Елесі кетпей-ақ қойды есімнен. Жымиып қарап тұр. Түн… Тағы да бірге жүрміз. Қолынан жібергім келмейді. Айырылып қалатын сияқтымын. Онымен махаббат айдынында жүзіп әлекпін. Не істесем болады? Ғашықтық деген осы ма? Күніге осы. Бір рет ойламасам болмайтын сияқты күніне. Құдды, сиқырлап тастағандай. Құдайым-ау, не істеймін. Оған айтуға бата алмаймын. Болмайды. Жоқ. Ол мені ағам деп сыйлап, ағам деп жақсы көреді. «Сізді ағам деп жүрсем, ойыңыз осы екен ғой» десе бетіне қалай қарамақпын. Оданда іштен тынғаным жақсы шығар.

Бүгін жолығып, қасында отырмын. Ойында ештеңе жоқ. Менің ше? Менің ойымда барлық нәрсе. Ішім әлем-тапырақ. «Мен сені ессіз сүйемін» дегім келеді. Дей алмаймын. Неге? Білмеймін. Бір күш жібермейді. «Айдана* махаббат деген не, не айтып берші?» «Оо аға, махаббат жайлы білгіңіз келді ме?» Қыз күлді. Ұялып қалдым. «Ия» «Махаббат деге-е-ен – түсіністік, сыйластық шығар». Іштей тындым. Не дерімді білмей қалдым. Сұрауын сұрап алып тосылып қалдым. "Іммм дұрыс" «Аға, сіздің жақсы көретін қызыңыз бар ма?» "..." «Жеңшемен таныстырсаңызшы». «Ағау?» "..." «Ағау деймін?» «Ау?» «Жақсы көрем ғой сізді». Бұл қарындастың ағаға деген махаббаты. Бірдеңе деу керекпін. «Мен сені сүйемін, ағаңды кешір» дегім келді. Тағы болмады. «Ағаңда сені „жақсы көреді“

Жастықты құшақтап, суретіне қарап жатырмын. Қолымнан келетіні осы. Не істесем болады. Басым қатты. Ұзақ ойландым. Менікі алдамшы сезім емес па екен осы? Солай көрінді. Әкесіз өскен қыз, әке мейірімін сағынады-ақ. Айдананың әкесі қыз 2 жаста қайтыс болған екен. Ол менен жылы сөздер мен мейірім күтетіні айқын. Сонда қалай? Ағам деп сыйлап, ағам деп жақсы көріп тұрса, осындай ұлы сезімнің қасында менікі далбаса боп қалатын сияқты. Мұным болмас. Ұзақ ойдан соң, осылай шештім. Осылай шешсемде қиялымнан қуып шыға алмадым. Ойламайын десем де болар емес, бірақ тырыстым. Оған хабарласуды сиреттім.

Біраз уақыт өтті. Сол баяғы сезім. Суыр емес. Неге? Білмеймін. Сағындым. Хабарласқым келді. Қоңырау шалдым. Көтермеді. Жүрегім соғуын тездетті. „Уайымдайды екенмін ғой“. Бірдеңе болып қалды ма?

Бүгін жұмыста көңілсізбін. Айданадан хабар жоқ. Біраз болып қалды. „Бір хабарын берсе дұрыс болар еді“. Түстен кейін Айдананың құрбысы хабарласты. „Жомарт, естідіңіз бе?“ „Ештеңе естімедім“. „Айдана тұрмысқа шықты ғой“. „Қашан???“ „Үш күн болды“. „Неге маған айтпаған?? Оның жігіті жоқ еді ғой?“ „Алып қашып кетіпті“. Сұлқ түстім.

Айналайын Айданажан! Бақытты бол. Ендігі тілерім осы. Бұл тілекті шын жүректен айтқым келеді. „Ағаң“ сені жақсы көреді. Қайда болсаң да бақыттың ауылынан алыстатпасын Тәңірім.
_________

* — кейіпкердің аты өзгертілді.

55 пікір

Daniar_alan
болған… өзіңнің қай жаққа шығарыңды білмейтіндей жағдайлар…
Daniar_alan
онан да сорақысы, жүріп жүрген қызыңның құрбысына немесе одан да өтіп сіңлісіне ғашық болып қалсаң… міне сонда хана…
zhomart
айтпа бырат((( ондай жағдай болмай ақ қойғаны дұрыс шығар…
AyKoN
Shimkentti jaksi korem we)))Zhomart afa sizdi ote katti jaksi koremin!Jogaridagi pikirlermen kosilamin,bar narse sol «afa» dan bastalmay ma? men Shimnin jigitterin batildigi uwin jaksi koremin! Unatkan kizin bolsa,ol da sizdi unatsa,xotyabi afa dese,alip kaw! Afatayimay sizge ol batildikti bermegeni okiniwti… sonda da siz menim zolotoi afatayimsiz!
korwinin_kyzy
Shimnin jigitterin batildigi uwin
ПЕЙІС ПАЛЬМА
Daniar_alan
уақытша сезім сияқты… өтед… кетед…
Ademi
Қыздың махаббаты не? Өтеді, кетеді...© деп, алып қашатындарына жыным келеді. Қайда барады...ұмытады… пффффффф… қыз да адам, сүйгені бар шығар, серттескені бар шығар. Ертерек білгеніңде алып кетер ме едің Айдананы?
zhomart
Жақсы көргенін айта алмаған жігіттен алып қашу туралы не сұрайсыз? :)))
Ademi
Бауырым, батыл бол! Жақсы көретініңді ашық айт. Онда тұрған ештеңе жоқ. Саналы қыз болса, ойланады, санасыз болса, бұлқан-талқан болады. Іштей өзіңді жегенше, айтып-айтып тастаған жақсы ғой…
zhomart
Айтар едім, ол мені «аға» деп атамағанда…
Ademi
талай жігітке «аға» деп те ғашық болдық қой. Аға деген сылтау шығар сенімен араласуға.
zhomart
Білмеймін… әйтеуір айтсам, барлығы бүлінетіндей болып тұрды. Одан соң жек көріп кетіп жүрсе деген де қорқыныш болды
Ademi
Негізі, кез келген жігітте қыз досы болған дұрыс, меніңше. Осындай сәттерде демеп жіберетін. Қызды қыз жақсы тұсінеді ғой, не керек екенін біледі. Ондай да болған. Құрбым сезімін білдірген ағасына ұрсып-ұрсып тастаған болатын. Бірақ құрбымдікі дұрыс емес еді. Ана жігіт 3 жыл болды, әлі бір қызға сезімін айтпады, қыздарға қарамайды да, себебі қыздан беті қайтып қалған. Санасына байланысты дегенім сол ғой. Былай қарасаң, осыны жақсы көрейінші еп ешкім біреуді сүйген емес. сондықтан түсіністікпен қарағаны дұрыс-ақ
madiozil95
Негізі батыл болмасаң қиын екен… Менде бір қызға сезімімді жеткіземін деп қиналғаным бар біраз… Бірақ, бірақ сол қызға сезімімді 6 айдан кейін жеткіздім…
sezim_seli
Осы «Ағалар» ғой негізі сезім жиегін жағалайтын. Бәрі де сондай сезімнен басталады…
zhomart
Бастайын деп бастамайсың ғой, өзі ғой басталып кететін :)))))
sezim_seli
)))) әлбетте мына кеудедегі бір уыс етке әміріміз жүруі қайдан…
Daniar_alan
кеудедегі бір уыс етке
теңеулеріңіз қызық шы сіздің…
Daniar_alan
Әдемаааааааауууууууууу
Ademi
аууу
Daniar_alan
мен сені түсімде көрдім
Ademi
аюмен бірге жүр ма екем?
Daniar_alan
жоқ. аю жоқ… содан ғой… батылданып… былай… сезімімді білдірем деп… соо…
Daniar_alan
сол баягыша… басыңда қызыл орамал… ерніңді шиевый… тьфу шиедей қып бояп алғансың…
Ademi
вытыфы? Осы жасқа дейін қаншама бозбалалардың бетін қайтарып, шынтағымызды тойыс саусағымызды тістеп отқанда қайдағы қызыл орамал???
Daniar_alan
саусағымызды тістеп отқанда қайдағы қызыл орамал???
тұр ғо басыңда…
Daniar_alan
шашың желмен желп… желп етед…
мен жолдың мына жағында тұр екем дим, сен ана яғында тұрсың… екеуміздің көзіміз түйісіп қалад… ииии анабір вабанктің музыкасы ше сол… тарадарадааааммм… қайдан пайда болғаны белгісіз сәл жел пайда болад та шашың желбіреп-желбіреп кетед…
Daniar_alan
бір кезде маған қарап «горшок… горшок» деп қоясың… мен түсінбим «аааа» деп барып кереуетімнен ауып түстым… сөйтсем қызым екен… горшок сұрап тұрған…
Ademi
тра тырыңыз: сомен екеуміз жолдың екі жағында қалдық па сомен?
Daniar_alan
жо былай… түс қой ол
Ademi
ең болмағанда түсте қосыла алмасақ…
Daniar_alan
егер шын таныс болсақ былай сөйлемес ең Ә?..
Kan
Әркім өзінің ынжықтығымен, батылсыздығының зардабын тартады. Енді өкінбегенің жөн. шын сүйетін болсаң сүюден бас тарт па. Біреуді сүю үшін онымен бірге тұру маңызды емес. Ең бастысы тап-таза сезім болса болғаны.
ereke_enu
Ешкімге жазбасын!((( өкінішті-ақ
qyrmyzy
Жомарт! Атыңа затың сай болсын! Жазбаған ғой, жолықтырасың әлі-ақ! Маңдайыңа жазғанын таксиде болсын, метрода болсын ойй метро Шымкентте жоқ екен ғой жолықтырады жоғары жақ. Сабыр, ақыл, жігер! Бақытты бол! Айдана да бақытты болсын!
zhomart
Әмин, рақмет иә солай ғой,кім айтты метро шымкентте салынбайды деп, рақмет,,, рақмет,,, рақмет…
Jolai
еее біз сорлап жүр екенбіз ғой(((((
Ademi
мынау көмектесіп қалар
zhomart
түсінбесемде тыңдап отырмын, романтика, лирика, махаббат…: )))
Daniar_alan
әпшееееу дисің ба? сонда сен әлгі жерде үлкен қыздарға ғана ашық… шықа… тьфу епті ғашық боласың ба?
Daniar_alan
шашты строго оңға қаратып тарап қойып жүрген кезден

қазір де солай тұр ғой аваңда :)
AKA
Шынайылық. Ақыл айту оңай ғой, бір жағынан дұрыс жасағансың.
akerke
қиын болған екен саған… батыл болғаныңда мүмкін олай болмас па еді… кім білсін бұйырмаған шығар. Бірақ мен қыздың келісімінсіз алып қашу дегенге мүлде келіспеймін! неге? себебі қыз баласында да жүрек бар, сезім бар, өз болашағына деген арман мақсаттар бар, тағысын тағы… өзі сүймейтін жанмен отау құрса бақытты болып кете алу алмау ол екі талай… Сондықтан жігіттер батыл болғайсыздар, өз шынайы сезімдеріңізді білдірсеңіздер Адемі құрбым айтпақшы санасы болса ойланады. Менің айтпағым осы!
Makosha92
koishi duris istegensiz)) kazir ondai jandar az goi. Men agan dep silap jurgen adam aitse renjitin edim
satirik92
Ағам-ау жігіт екенсің!!!
korwinin_kyzy
Соңғы өңделген уақыты:
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.