Студент дәптерінен...

Таусылмайтын махаббат /
Мұңайып маған айтпай-ақ қойшы назыңды.
Сен салған жара ізі де қалмай жазылды.
Өзіңмен өткен келмеске кеткен ол көктем,
Өзгемен бүгін өткізіп жүрмін жазымды…
***

Бір ғана өтіріктен, мен де азап шеккен едім.
Өртеніп өкініштен, өзіме өкпеледім…
Әр басқан қадамдарын өретін өтірікпен.
Алдамшы пенделерді жек көремін…

***

Үзіліп кетті-ау соңғы үміт,
Мендегі сезім болды ұмыт…
Мазаңды сенің алмайын,
Бақытың болар сол жігіт…

***

Жалғыздық соншалықты емес мұңды,
Ал сезім жанып-өшер, елес сынды.
Дегенмен, жүрекке әмір жүрмейді екен.
Сендей ғып сүйе алмаспын мен ешкімді…

Күтем сені аяулым, алаңдама…
Құрбан еткем уақытты саған ғана.
Алып оймен ауылға сен оралшы,
Абыроймен оқуды тамамда да…

1 пікір

Albina97
осындай олендерди кушти корем!!! олендериниз керемет!!!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.