Өзгеретін кез келді!

Таусылмайтын махаббат /
Қазіргі менің бар ойым Айтабер болып кетіптіше. Неге? Білмим, сұрамашшш. Әйтеуір осы сайтты жақсы көрем. Ол жайлы алдын айтып өттім, өлең де қып ақтардым, қара сөзбен де келтірдім. Енді бұл жолы өз ойыммен бөліссем деп едім.
Бірінші, сайттың басқы беттегі жасаған әрлеуіне көңілім тола бермейді. Тартымдылығы жоқ. Кірген адам бір мекеменің ресми сайты деп ойлап қалуы ғажап емес. Сосын қашып кетеді. Қойш деп. Негізі Айтаберді үлкен қылу керек сияқты, кейде білмей қалам қай сайтқа кіргенімді. Бір бұрышта қылтиып басы ғана көрініп тұрған баланың кейпіне келеді мына лого. Осыны үлкендеу қып ортаға қойса, жаман бола қоймас. Сосын жазбаларды сәл кішілеу қылып жоғарғы жағына орналастырса. Ал жаңа жазбаларды астына түсірсе. Ошым бар ғой біраз нәрсені өзгерту керек. Әйтеуір бірдеңе жетіспей тұрған сияқты осы сайтқа. (Аса мәртебелі әдминдер ренжи қоймассыздар)
Екінші, жарнама керек. Сайтты барлығымыз бір кісідей жарнамалайық. Қолданушыларды көбейтсек, блогтұғырдың қызығы онан әрі жандана түспек. Қазір Айтаберде шамалы тоқырау болып жатырма деп ойлап қоямын. Неге десеңіз, осындағы қолданушылардың біразы агентте достарымның қатарында. Солардан ерінбей сұраймын, неге кірмей кеттің Айтаберге, жиі кіріп тұрсаңшы десем, не дейді десей, «ой қойшы, түк қызық емес қой», «дым қызық», «анда-санда кіремін, қызық жоқ» дейді. Хоош, қалай қызық қылсақ болады, онда. Ең бірінші қолданушыны көбейту керек. Жарнама мықты болуы керек. Сонда ғана қайта түрленеді. Адамдар аз болса пікір де аз жазылады, қызығы да қайтады сосын. Көп болса пікірталас та болады, қызу қолдаулар да болады. Бұл сайтты білмейтіндер көп, неше түрлі таланттар бар ғой, соларды әкеп көрсету керек. Сосын өздері-ақ шықпай отырады. Мой мир желісінде ерінбей достарымызға «привет всем!!! новые фотографий комментируем!!! СПАСИБО заранЕЕ!!!» дейміз ғой соғұрлым. Ал енді «Сәлем достар, www.aitaber.kz сайтына кіргін де тіркелгін, бұл сайтта өз ойыңды қалағаныңша жеткізуге болады, көп достар табасың, кіріп көр өкінбейсің» десек кірмейді емес, кіріп көреді. Алғаш түсінбеуіде мүмкін, басында түсіндіріп жіберейік, ары қарай өзі ақ алып кетеді ғой. Дәл қазір жіберіп көріңіз. Мен де барынша айтып келем достарыма, әзірге nurai , AyKoN , sultan_yerkebulan сынды қолданушыларды ертіп келгенімді айта кетейін. Қолымнан келгенінше дәріптеп жатырмын.
Сосын ұялы телефонмен де кіріп, жазба жаза беретіндей болса. Кейде бір себептермен алыс жолдарда жүресің, сонда сайтқа кіріп өз ойыңмен тікелей «эфирде» бөлісе бергің келеді. Сонда қиналып қалып жатамыз қалай жазарымызды білмей. Қайта жақсы емес пе, үйге қашан қайтам деп сарылып күтіп жүрмейсің. (Ноутбугі барлар, сіздерге қатысы жоқ) Өткенде ұялы телефоныммен кіріп жаза қояйыншы десем, мүлде жаздырмайды. Сондықтан да ұялы телефонға арналған нұсқасын шығарса нұр үстіне нұр болар еді.
Қысқасы барлығымыз бір кісідей ат салысайық, Айтаберді жандандыруға. Сіздің ойыңыз қандай, Сізде бөлісіңіз!

19 пікір

qyrmyzy

Жәнееем, тезірек сауығып, жұмысыңа шығып, неше түрлі жазбалар жазшы тезірек!
Келісем! ФБдағы Айтабер парақшасына жиі келіп тұрыңыздар, сайттан тыс қызықтар да сол жақта болады кейде:)
zhomart
Әумин, көп жасағыр, ұл тап, батамды бердім :))) Алла разы болсын саған!
Korkem
махаббат блогында немяғып жүр мынау? Махаббатты ойлап жаздың ғҰә )))
zhomart
кейде жанды нәрсенің жансыз нәрсені қалап тұруы махаббат деп аталушы ма едi, қалай өзі
qyrmyzy
Ялтпаңызшы… АРБ!
zhurttyn_balasy
:))) ия қазір аздап тоқырлау, келісемін. Таныстарымның барлығын шақырдым, қызықпады. Өзімізді өзіміз қызықтырмасақ, енді басқа амал қалмады, белсенді 150 қолданушы бар дейді статистикамыз, бірақ анық 50-і бар шығар, и то оның 20-сы аноним трольдер. Өздеріміз ғүә
qyrmyzy
Aikona
қмқм менің видеом неге жүр :)) тақырыпқа ұқсас па? )))
qyrmyzy
жасырып қайтеміз. Қуаныш сыйлауды үйренсін басқалар да:)))))
bambad
saitka adamdardyn kop kelmeuinin bir sebebi, adam kyzygatyndai posttardyn azdygy, sonymen katar, pikirlerdin kataryn karaganda bir-birimen urysyp zhatkandar, takyrypka katysy zhok sozder kop zhazylady dep oilaimyn.
mairosh
Ошем Өзгертетін кез келді дегенімізге нууууу… 2 айдың көлеміндей боп қалды ау адан да аспасаЛогоға байқау жасады ол қайда?
akerke
ияя, Жомарт жақсы жазыпсың! сенімен келісемін, мен бұндай сайт бар екенінде білмеппін, маған ұсынғаныңа рахмет! Алдағы уақытта бұл сайтқа деген қызығушылығым артады деген ойдамын.))
zhomart
Oo Akerke tirkelipsin goi, kutty bolsin))) kel torlet, jaksi jaksi jazbalarinmen bizdi kuanta ber. Ardaiym kirip tur endi)))))
Delfina
Мен енді кіріп жүрсем… мында тоқырау дейді ме?)))
khairbek
жоскы өзгерып қоясындарма не?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.