Сақта оны, Пәруардігәр!

Таусылмайтын махаббат /
Я, Раббым,
Құдiреттiсiң Сен өте,
Күмәндi кiм келтiрген?!
Өтiнерiм Сенен бiр —
Дерт берме оған,
Сынама оны, Жаратқан!

Көрейiн мен, тартайын бар азапты,
Тек оған Ием, нәсiп етпе тозақты.
Жетер бәлкiм, жалынайын мен Саған,
Аз ба әлде, көрген оның азабы?!

Мейлi, берме оған жалған байлық пенен атақты,
Көрсете гөр, Өзiңдегi пәк жанар мен Дидарды.
Қинадым мен, ауырттым оның жүрегiн,
Қинамаш Сен, сенерi оның — ЖАЛГЫЗ СЕН!
4.5.11

10 пікір

Kan
Көрейiн мен, тартайын бар азапты,
Тек оған Ием, нәсiп етпе тозақты. -осы сөзің үшін өкініп қалма. Біреу үшін жаннатты сүрап өзіңді тозаққа итермелейтін мұсылманның Аллаһ қабыл алуы екі талай. Өлең жай қарабайыр жазылған. Ұйқасы еш үйлеспеген.
Uleke
неге? мен болмайын, сен бол деген пенденің Жаратқанның құлы болуға құқы жоқ па? ал, өлеңде ұйқас жоқ екеніне келісем, бұл әдемі ұйқас тауып, жұртқа ұнау үшін жазылған нарсе емес
zhomart
Аллаһ қабыл алуы екі талай.
Қанеке екіталай деп Құдай атынан сөйлей көрмеңіз. Расында, барлығын білуші бір Алла ғой…
Kan
«Екіталай» яғни екеуіде мүмкін Аллаһ болдыруыда болдырмауыда дегенге сияды Аллаһ біледі дегенді де білдіретін қазақи сөздік. Астаффралла Аллаһтың атынан сөйлеу дегеніңізне.
Uleke
қайта қарап шығыңызшы түсіндірме сөздікті
Jako
Өлең маған ұнады, шынайвлық бар.
<code>Мейлi, берме оған жалған байлық пенен атақты,
Көрсете гөр, Өзiңдегi пәк жанар мен Дидарды.
Қинадым мен, ауырттым оның жүрегiн,
Қинамаш Сен, сенерi оның — ЖАЛГЫЗ СЕН!</code>

Осы бір сөздерімен-ақ бір Аллаға тапсырып отырған жоқ па?
khairbek
Аллах тағалаға реенжуге болмайт
khairbek
ПӘРУАРДІГАР ДЕГН НЗАТ?
sultan_yerkebulan
Өлеңге келіңкіремесе де мағынасы ұнады, не жайында екені нақты белгілі емес
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.