Романтикалық кеш

Таусылмайтын махаббат /
Кеш жарық! Бүгін сендермен өзімнің бір романтикалық кешке дайындалған дайындығыммен бөліскім келеді. Қыздар күнде тамақ жасап жігіттердің асқазаны арқылы жүрегіне жетейік деп мақсат қояды, ал біз жігіттер бір күн тамақ жасап қыздардың жүрегіне асқазан арқылы жол табайық. Інілеріме кеңес бергім келеді, біздер яғни жігіттер жасай алатын оңай тамақ түрлерінің жасалу жолдарын.
Ең алдымен өзің ұнатып жүрген аруды шақыру керек. Шақырғанда жай қоңырау шалып қана емес, ерекше бір жаңаша түрмен. Фотошоптың құдыретімен өзіңнің фантазияңмен жасауға болады немесе мына жерде жақсы жазалған ашық хаттың бірін таңдап алып сөздерін өзгертуге болады.

Шақыртуды берген соң, кездесу өтетін жерді әсерлі етіп әдемілеп безендіру керек, мен өзім күнде кафе, клубтарға шақыра бергенше өзгеше етіп үйге шақыруды кеңес етемін. Ол үшін оңаша үйді дайындау керек. Ол жерде міндетті түрде тазалау керек. Ал енді кешкі асқа дайындаған тамақтарымның жасалуы жолымен бөлісейін.
1. Бұл тамақтың атын білмеймін. Орамаға ұқсайды.
Керек заттар: лаваш, тартылған ет, сәбіз, чеснок, айран,ірімшік, көк жуа, тұз, бұрыш.
А)Алдымен тартылған етті табада қызып тұрған майға қуырамыз, шамалы қуырылған соң сәбізді үккіштен өткізіп үстіне салып тағы қуырамыз, үстіне чеснокты ұсақтап турап, бетін жауып суытып қоямыз.
Ә) Көк жуаны ұсақтап турап,ірімшікке араластырамыз.
Б)Лаваштың 4/1 бөлігін алып турап, айранға аралыстырамыз.
В)Духовканың табасын майлап лаваштың бір жайымын жаямыз, жартысын сыртына қалдырып, жайманың үстіне қуырылған етіміздің жартысын саламыз, бетіне екінші жайманы жаямыз, оның үстіне көк жуа аралыстырылған ірімшікті салып, екінші жайманың қалған бөлігімен жабамызда үстіне айранды құямыз, оның үстіне қалған фаршты салып бірінші жайманың қалған бөлімен жауып, үстіне сары майды жағып, духовканың 240 градусына 15минут салып пысырамыз.

Дайын тамақ.

2. Өзіме ұнайтын радуга салатын, «Love» деп өзгертіп ат қойып алдым))
Керек заттар: асылған тауық еті немесе қақталған шұжық, картошка, жұмыртқаның сарысы, болгар бұрышы,қызылша, тұз, фальга, майонез.
Болгар бұрышын фальга қағазына орап, духовканы 220градусқа койып 20минут пысырамыз.

Асылған тауық еті немесе шұжықты кубик етіп туралып саламыз, үстіне картошканы уккіштен өткізіп майонез жактым. Пысырылған бұрышты үккіштен өткізіп, картошканың жиегіне салып шығамыз. (фантазияға байланысты, жүрек жасауғада болады. Мен жасай алмадым жүректі)Қызылшаныда үккіштен өткізіп қалауыңыз бойынша сәндейсіз.
Салатымыз дайын.

3. Жемістерді аршып, өз қиялыңмен әдемі етіп турап, десерт дайындауға болады.
Фруктовое ассорти «Пальма»


4. Әдемі кинолар алып қойып, мынандай етіп шипсы жасап, үйіңізді кішігірім кинотеатрға айналдыруға болады.
Әр күндеріңіз сәтті,, жалындаған сезімдерге, романтикаға толы болсын.

43 пікір

Aikona
Әлі қызығып қояр емесіпін! Романтика тірі екен…
Zhanat
қыздардың ойы ғой өлтірген романтиканы
Ais_97
Жарайсыз Жанат аға қолыңыз дерт көрмеспін!Өміріңіз осындай романтикаға толы болсын!
Zhanat
айтқаның келсін қарындасым
mairosh
Браатт бірінші жасазаныңыз «шаурма» емес па? Әлде соған ұқсас бірнәрсе)
mairosh
Әй қыздар менің ағамнан асқан жігіт табалмассындар
Zhanat
донерге де шаурмағада ұқсайтын бірнәрсе)))
Delfina
уаааау, мынандай жігіттер бар екен ғой. Мендіксін)))))
qyrmyzy
соны айтам ше… қыздар қайда қарайды осы…
Delfina
қараватрыққо енді)))
qyrmyzy
жақсылаааап қараңызшиш
Zhanat
жұлдыздарға қарайды ғой)))
Zhanat
қарамай қойған өзің ғой, Даниарды сорпаға шақырып))
Aikona
Ол кісі уже біреулердікі емес па? Мында солай дейд.
qyrmyzy
Ағаааа, керемет қое! Кімді шақырдыңыз???
Zhanat
бір тәтті жанды
mairosh
Қашан тойға барады екенбіз? м? Көркем?
qyrmyzy
құрақты көрпе мен камаз дайындайық
mairosh
Камаз бірден болмайтын шығар
qyrmyzy
болады
mairosh
Қоееее алдымен той Көркем қайсы алдымен той ма? камаз ба?
qyrmyzy
қойшишиииии
Aikona
қарным ашты…
Ademi
әбедтен келдік борщ ішіп…
Aikona
сол ішпегендікі болар, оның үсітіне мына тамақтарды жегім келіп кетті))
Zhanat
кешке апама жасап бермекпін))
Aikona
апаңыздың қасына менде барайыншы
Zhanat
келіңіз, апамның ақ орамалын тағатын жан керек болып отыр еді как раз)
Aikona
)))))))))))))
MSHERIMBEK
Жанат — жақсы жігіт © :)
Aikona
Жігіті жоқ қыздарға алтын сырға деп жатсың ба?)))
MSHERIMBEK
— Қыз болсам мына жігітке тұрмысқа шығып алатын едім, — деді сырттай бақылап тұрған көрші жолсерік қасындағы ақтамақ сұлуға жымиған күйі. © «Жүрегімде қалған сол бір 10-ыншы октябрь» романынан
Aikona
Сатыпалдыша кіріпсің ғой )))
Zhanat
қазақта мындай мақал бар емес пе "Қызым саған айтам, келінім сен тыңда" деген)))
Автор, мақала соңына пікір қалдыруға тыйым салды!