Махаббат мәселе ме?

Таусылмайтын махаббат /
Ассаламуалейкум, айтаберліктер. Қалдарыңыз қалай? Көптен бері қол тимей ештеңе жазбай жүр едім, бүгін міне сәті түсіп тұрған сыңайлы.
Ең жиі талқыланатын тақырыптаой бөлісейін деп шештім.Мықты психолог емеспін, десек те көбіміздің қай жерде қате жіберіп жатқан болуымыз мүмкін екенін айта кетейін.

Біріншіден, болашақ жұбыңызды күн сайын қиялдап, асқақтатып ойлағаннан пайда жоқ. Керісінше, «көп нәрсе күткен сайын көбірек көңілің қала бермек» демекші, идеалды армандау міндетті түрде сан соқтырады. «Ол міндетті түрде ерекше болады: барлық ойымды-көзқарасымды түсінеді, ешқашан ұрыспаймыз, өте сыпайы, кешірімшіл... толық тізімін менен гөрі өздеріңіз жақсырақ білесіздер ғой, тағы сол сияқты ойлар күнделікті оңаша қалған сайын санаңызды(кей жәй тілді ұғудан қалғандар үшін ОЗУ-ды) толтырып жатса төніп-тұрған қауіп-қатердің дабылы. Идеал ешкім жоқ, демек идеалмен ғана жұп құрғысы келетіндер жалғыздықты таңдап жатқанын анық ұқсын.


Екіншіден,өзгелердің ниетін зерттемеңіз, болжаммен шешім қабылдамаңыз. Мысалы: қоңырау шалсам тұтқаны дереу көтере қоймайды,… агентте невидимде отыр-ау,… мені былай деп ойлап қалды, өзі болса былай ойлап тұр, ...қашқақтайды, ...ұнатпай қалды деген сияқты нақты дәйекпен негізделмеген күдіктер де қолыңыз жетіп тұрған бақыттан айыра алады.

Сенім арта білу керек. Әрине, таразының екі басын да тең ұстауды ұмытпаған жөн(»золотая середина" дейміз ғой). Кешелері агенттен оқығаным мынау:«сәтсіз махаббаттан соң қыздар „стерва“, ұлдар „бабник“ болып кетеді». Не себепті екен?..

Үшіншіден, (немесе екіншінің қосымшасы), "қыздарды түсінбеймін", "ұлдарды ұқпаймын" деген сөздер қисынсыз келеді. Түсініп не ұтпақсыз? Жұбыңыздың барлық сырын біліп тұру — қарсыласыңыздың барлық карталарын көріп тұрып «дурак» ойнаған сияқты ғой(мэп хак қосып дота ойнасаң да сол), несі қызық?Жайына қалдыру — механикалық тұрғыдан алғанда оп-оңай, нәтижесінде көптеген келеңсіз жағдайлардың алдын алатын іс, күнделікті қолданып жүргендіктен сенімді түрде айтамын.

ҚТҚ/МТҚ: Жалпы махаббат мәселе деп қарастырылған сайын мәселесі көбейе беретін тақырып қой. Мықты бас қатырып жатудың қажеті шамалы. Өзгелермен емес өзіңізбен ғана айналысыңыз — бәрі де жақсы болады, Аллаһ бұйыртса.

11 пікір

Ademi
Сонымен, не істейін?
didi0393
tolyktai kelisem! Bari oz ornymen bolady. Oz agynymen bari.
davidoff
"қыздарды түсінбеймін", "ұлдарды ұқпаймын" деген сөздер қисынсыз келеді. Түсініп не ұтпақсыз?
БАЗАР ЖОҚ айттың ше )))))))
AKA
Әне жазба! :)
Идеал ешкім жоқ, демек идеалмен ғана жұп құрғысы келетіндер жалғыздықты таңдап жатқанын анық ұқсын.
Крәсәпшік! :)
Kan
Өте дұрыс жазылған деп білемін өз басым. Үйленбей тұрып мен әйеліме көп сенімсіздік танытанмын.Сен айтпақшы агентен, телефоннан болсын сәл болмашы нәрсеге ренжісе беретінбіз. Кейін үйленген соң оның бәрі бекер екенін білдім. Адам егер біреуді ұнатса ол қандай сол қалпында қабылдай білуіміз қажет екен. Біз көбіне өзіміздің қиялымыздан белгісіз біреуді жасап аламызда сол бос қиял елесіне ешкімді ұқсаталмай әлек боламыз. Бәріде Алланың қолында әрине. Әйтседе сен өмірлік жарыңды қиялыңнан емес шынайы өмірден іздегенің дұрыс болады.
qyrmyzy
Оқыңыздар, оқыңыздар!
qyrmyzy
Білмеймін, елдің бәрінде осы глобальный мәселе сияқты. Немесе екі жақтың намысы, түсінігі, жүріс-тұрысы көп жағдайға кедергі келтіретін сияқты. Мысалы, хабарласу. Иә, сүйіктіңмен жиі хабарласуға не жетсін?! Міне, осыдан басталады көп нәрсе. Жүректің әміріне бағынып, қыз/жігіт демей, іштегіні жайып салып, кез келген уақытта хабарласуға не жетсін. Өзің хабарлас! Ештеңең кетпейді.

Авторға Респект!

Ең бастысы — өсекке бой алдырмаңыздар. Жекеде бәрі жақсы болғай!
Guka
Бұрындары қайда қарасам махаббат, махаббатта басы қалғырлар, олар тек өз-өздерін алдап жүргендер деп ойлайтынмын. Кейін өзімнің басыма келгеннен кейін, а… махаббат расында да бар екен ғой деп қойғам))) Ия, махаббатсыз өмір бос! Шыныменде, дұрыс айтқансыз, нағыз идеал адам жоқ! Сүйгенің қандай, сен оны дәл сол күйінде қабылдау керексің. Бірақ менің жартым олай ойламайды ау, оған менің өзгергенім жақсы… Сірә менің қырсықтығымнан болар…
Karakulov
Рахмет!
Макаланы жазганда дал булай орнектемеген ем, ким ондесе де ризамын. Озим де бир окып iii деп калдым)))
Казакша шрифт жок екен мына ноутта — сосын гой орысша ариптермен урып жатканым.
AKA
Айтыс жасаймыз ба, қалай былай?! :))
Karakulov
Уақыт жоқ қазір ондайға ) бір жыл жеті айдан кейін жауап жазып отқаным да соған дәлел шығар ))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.