Маған арналған концерт/ "дневник памяти" фильмі

Таусылмайтын махаббат /
Ойламаған жерден «Саған өлең айтып берейінші» дегеніңде қуанып кеттім. Ағылшынша бастап, орысша жалғастырып, қазақша аяқтап, кезінде жақсы көрген әндерімді сенімен қосыла шыркағаныма қуаныштымын. Шағын концертің жалғыз көрермені болу бақыты бұйырыпты, сол бақытты сыйлаған саған айтар алғысым шексіз. Осы уақытқа шейін барлығына өзімді кінәлі сезініп келіп едім, ол ойымның қате екенін, менде басқалар сияқты ол күнде қуанып, шаттануға құқылы екенімді түсіндірдің. Саған еркелеу арқылы күздің суық күнінде тоңбаймын, сенің мені еркелетіп іздеуің арқылы мына өмірде бір адамға керек екенімді сезінемін. Бүгін көптен сенің маған айтып, менің қолым тимей көре алмай журген фильмді көрдім, қатты ұнады. Айтаберліктер сіздерге айтамын көріңіздер, өте жақсы фильм. Махаббаттың сынақтарынан сүрінбей өтіп, сүйгеніңдеріңізбен сағыныса қауыша беріңіздер.
Ертең мен үшін өте маңызды күн, «А» болатын не «Б» болатын күн.

5 пікір

qyrmyzy
Жақсы фильм. Неткен махаббат десеңші…
Қандай күн??? Түсінбей отқаным…
Zhanat
сондай махабат болса иа)))
Aikona
Ешқашан мұңаймаңыз және кінәлімін деген ойларды да сөздерді да ұмытыңыз. Сіз қашан да бақытқа лайықсыз! Тағы да туған күніңізбен, сыйлығым мойнымда :)
Zhanat
рахмет. мақтап жібердіңіз ғой))
Ақиқат жеңеді, жүрегіңмен соған сен!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.